Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСалық төлеушілердің назарына !

Салық төлеушілердің назарына !

02.09.2019 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт
Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан үзінділер
I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.
Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне
сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.
Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті
мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.
Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен,
табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске
асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».
Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-
жігерімізді салуымыз қажет.
Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық
үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға
бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-
ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық
қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.
Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін
құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді.
Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек.
Бірінші.Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.
Екінші.Халықпен тиімді кері байланыс орнату.
Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.
Төртінші.Қоғамдық келісімді нығайту.
II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын
қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы.
Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру
қажет.
Судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас
сипатқа ие.
Дегенмен, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін
орнықтыру қажет.
Азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне
қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздік ахуалында қалып жатады.
Олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейді.
Сондықтан осындай теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі
ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу қажет.
Бұдан былай дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинау бастамасын көтеруге
құқылы.
Аталған дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа немесе бизнеске емес,
мемлекеттік органға жүктелетін болады.
Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін
ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.
Келесі бір маңызды мәселеге тоқталайын.
Біз шамадан тыс қудалау шаралары мен сот төрелігінің қатаң жазалау тәжірибесінен бас
тарттық. Алайда, елімізде ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр.
Біз заңнамамызды ізгілендіру ісіне көбірек мән беріп, азаматтардың негізгі құқықтарын
назардан тыс қалдырдық.
Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге
қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға
қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді
Парламентке және Үкіметке тапсырамын.
Соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі –
браконьерлік проблемасының бетпердесін ашты.
Бүгінде браконьерлер сақадай-сай жабдықталып, қаруланған және өздерінің жазалана
қоймайтынына сенімді. Биылдың өзінде жануарлар әлемін қорғап жүрген екі инспектор
браконьерлердің қолынан қаза тапты.
Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлінде браконьерлердің қылмыстық
тобы ұсталды.
Бұл тек бір ғана мысал, алайда браконьерліктің тамыры тереңге жайылған, соның ішінде бұл
құқық қорғау органдарының салғырттығынан болып отыр. Браконьерлер ұлттық байлығымыз –
табиғатымызға аяусыздықпен орны толмас зиян келтіруде.
Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды
тапсырамын.
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.
Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сараптамажүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажет.
Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының
жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек.
Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай
қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ.
Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс.
Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі.
Полицияның мемлекеттік күштік құрылымындағы бейнесі бірте-бірте өзгеріп, қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналады.
Ең алдымен, 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта
ұйымдастыру қажет. Мұны науқаншылдыққа айналдырмай, сапалы жүргізген жөн.
Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты.
Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді.
Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету
қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады.
Азаматтарды табиғи құбылыстар ментехногендік сипаттағы апаттардан қорғау
мәселесіне баса мән беріледі.
Өкінішке қарай, мұндай апаттар біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті.
Бұл салада кәсіби мамандар жұмыс істеуі керек.
Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер
органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтуді және осы мақсатқа сәйкес
шамамен 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті
тұр.
Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мәселелер қордаланып қалғанын
көрсетті.
Әскерге жұмсалатын шығыстарды реттеп, осы саладағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті
нығайтатын кез келді.
Сонымен бірге әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық
базасын нығайту қажет.
Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар
армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс
беруге дайын болуы керек.
III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА.
Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан алға ілгерілеп
келеді.
Жыл басынан бері оның өсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды.
Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы
өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге
болады.
Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық
және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажет.
Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына
сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз керек.
Бірінші.Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып,экономиканы әртараптандыру.
Екінші. Квазимемлекеттік сектордың қайтарымын арттыру.
Үшінші.Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі.
министрлігіне қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.
Төртінші. Ұлттық бизнеске халықаралық нарықтарда қолдау көрсету.
Бесінші. Дамыған агроөнеркәсіп кешені.
Алтыншы. Әділетті салық салу жүйесі және тиімді қаржылық реттеу.
Жетінші. Ұлттық қорды тиімді пайдалану мәселесі.
Сегізінші. Еңбекақы төлеу деңгейін арттыру.
ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ.
Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және
әлеуметтік мәселелерді шешу.
Әлеуметтік салада мынадай бағыттарға баса мән беру керек.
Бірінші.Білім беру сапасын жақсарту.
Екінші. Отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру.
Үшінші. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Төртінші. Мәдениет қызметкерлерін қолдау.
Бесінші. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту.
Алтыншы. Еліміздің зейнетақы жүйесін дамыту саласына ерекше тоқталғым
келеді.
V. ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ ЕЛ.
Бұл бағытта мынадай міндеттерге баса мән беру керек.
Бірінші. Жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру.
Екінші. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау.
деңгейде ұйымдастырылуын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Үшінші. Басқарылатын урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаты.
және жөндеу үшін екі жыл ішінде бюджеттік несие түрінде 30 миллиард теңгеден
астам
Төртінші. Инфрақұрылымды дамыту.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
«Жеке кәсіпкерлердің және
заңды тұлғалардың ақпараттарын
қабылдау және өңдеу орталығы»
бөлімінің басшысы
А.Б.Байшыгашева
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру