Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

                                 2019 жылғы 15 тамыз
              2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негізгі көрсеткіштері
Зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары
2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрі бойынша зейнетақы
жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 8 пайызға, ал бір жыл
ішінде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өсті.
Зейнетақы шоттарының барлық түрі бойынша келіп түскен зейнетақы жарналарының
сомасы жыл басынан бері 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары
(МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгені құраса, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары
(МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерікті зейнетақы жарналары
бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жетті.
2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ,
МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан бері 152 мыңдай
шотқа көбейіп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерілді), 10,3 млн бірлікті
құрады.
2019 жылдың жеті айы ішінде зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 124 млрд астам
теңгені құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңінде зейнетақы төлемдерінің
жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер – 43,9 млрд теңге,
ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер – 26,2 млрд теңге, ал
сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы
сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемінің елеулі түрде артқанын атап өткен жөн
(2018 жылдың 7 айы ішінде ол 11,1 млрд сәл астам теңгені құраған еді). Өйткені 2019 жылы
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өтті.
Сәйкесінше өз пайдаларына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай (5
жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) өздері таңдаған сақтандыру
ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ бұл үшін Қордағы
міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы
жарналары есебінен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемінде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегі
зейнетақыны төлеп тұруға жеткілікті болуы тиіс. Жыл басынан бастап күні бүгінге дейін 1,2
мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгерді. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық
жинақтары есебінен шамамен 16,2 млрд теңгені аударды. Осылайша еңбек жағдайлары зиянды
жұмыстармен айналысатын адамдар үшін Қордан МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын
мерзімінен бұрын алу түріндегі жеңілдік толығымен жүзеге асырылып жатыр.
2019 жылдың 7 айы ішінде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза
инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы
жыл басынан бері 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткішті жылдық
тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай ішінде 9,65
пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейі 5,4 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы
активтерінің табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетіп
отыр.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері –
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы
Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару
тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы
Пресс-центр АО «ЕНПФ»
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру