Электронды тауарларды саудалаудың салықтық жеңілдіктері мен қолдану шарттары

Қазақстан Республикасының салық кодексі (бұдан әрі - ҚР СК), 1-бап,
1-тармағының , 65-тармақшасы салық салуды регламенттеудің мақсатында
анықтау береді: электрондық сауда - бұл кәсіпкерлік қызмет, оны іске асыру
барысында жеке тұлғалар технологиялық ақпараттарды пайдаланады. Бұл
ретте пайдаланады терминдер интернет-дүкен, интернет-алаңы.
ҚР Салық заңнамасына сәйкес, бір мезгілде бірнеше талаптар сақталуы
тиіс:
- тауарлады сату туралы келісімшарртар электронды түрде ресімделеді;
- тауарлар қолма-қолсыз тәсілмен төленеді;
- кәсіпорынның өзінің сатып алушыларға, немесе қабылдап алушыға
тауарларды жеткізіп беретін қызметі болады, немесе курьерлік және почта
байланысымен, тауарларды жеткізумен айналысатын заңды тұлғалармен
келісімшартқа тұрады.
Интернет-алаң, интернет-дүкен — ұғымдарын ҚР Салық заңнамасы
анықтайды, тиісінше, 1-бап, 1-т, 29) және 30) т.
Интернет-алаңы — бұл ғаламдық желісінде орналастырылған ақпараттық
жүйе, ол тауарларды электрондық форматта сату кезінде делдал қызметін
атқарады.
Интернет-дүкен — бұл ғаламдық желісінде орналастырылған
ақпараттық жүйе, оның көмегімен кәсіпорын өзінің веб-сайтында
тауарларын сатуды жүзеге асырады.
ҚР СК-нің 88-бап, 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес
тауарларды электронды түрде сатумен айналысатын салықтөлеушілер,
жекелеген қызмет түрлерін көрсететін салықтөлеуші ретінде, тіркеу есебінде
тұруы тиіс.
Жекелеген қызмет түрлерін көрсететін, атап айтқанда тауарларды
электронды түрде сатумен айналысатын салықтөлеуші ретінде тіркелу үшін,
осы кәсіпорының басшысы жоғарыда аталған қызметпен айналысатыны
туралы хабарлама жолдауы міндетті.
Тіркеуге тұру тәртібі ҚР-ның СК-нің 88 бабында көрсетілген. Салық
төлеуші қызмет көрсету орны бойынша, салық органдарында тіркеуде
тұрады.
Тажиходжаева Ж.Б.
Өндірістік емес төлемдерді және жеке
кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ