Онлайн режимінде мемлекеттік қызметтерді алу

115 мамыр 2019 жылы «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттің мекемесінің ғимаратында «Онлайн режимінде мемлекеттік
қызметтерді алу» атты акция ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға Тескенсу,
Көлді, Толқын ауылының тұрғындары қатысты. Акция барысында ауыл
тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді «Онлайн» режимде алу тәртібін, әкім
аппаратының операторы Садық Жазигул мен қоғамдық жұмыскер Құдабаева
Мақпал түсіндірді және сұраныстары бойынша электронды қызмет нақты
көрсетіліп, керекті анықтамалар шығарылып берілді. Әкім аппаратының бас
маманы Кожамберова Ипархан мемлекеттік қызметтер көрсетудің тізіліміне
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы және адамның өзінің баруын
қажетсінбейтін ақпараттық- мәліметтерді толық электрондық форматқа
көшіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша ақпарат берді.
 
 
1