Еңбекшіқазақ ауданы мәдениетінің күндері өтті

1Әр ауылдың тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен
ұлыстардың ынтымақ-келісімдерін көрсете білуіне кеңінен жол ашқан игі
дәстүр – аудандардың мәдениет күндері мерекесі 22 сәуірде Ават және
Қырбалтабай ауылдарында өтті.
Биылғы жылдың Мәдениет күндері ерекше форматта өткізілді. Ават және
Қырбалтабай ауылдық округтері өзара осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерін
саралап, көрме арқылы мерекелік шара аясында облыстан, ауданнан келген
қонақтар мен ауыл тұрғындарына ұсыну. Демек, ұлттық құндылықтарымызды
ұлықтап, төл тарихымызды таразылап, дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеу
мақсатында ұйымдастырылған шара.
Бірінші кезекте жоғарыда аталған шара Ават ауылында, арықарай
Қырбалтабай ауылында ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалармен
көркемделген болатын.
Айта кету керек, аудан өнерпаздарына әділ төрелік етіп, баға берер
сарапшы-төрешілердің қатарында: Алматы облыстық мәдениет, архивтер
және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ғұмаров Толеужан
Нүсіпжанұлы; ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облыстық халық
шығармашылығы орталығының директоры, төраға орынбасары Доланғаранов
Ермек Әбілқасымұлы; ҚР Мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы Алматы
облыстық филармониясы «Алтынай» мемлекеттік халықтық и ансамблінің
балетмейстері Сейфуллин Раваль Набиулаұлы; ҚР суретшілер одағының
мүшесі Облыстық көркемөнер галереясының директоры Қаблисанов Қайрат
Қаманұлы; ҚР Мәдениет саласының үздігі, облыстық халық шығармашылығы
орталығының бөлім меңгерушісі, комиссия мүшесі Нұрмахаметов Асқар
Қалиұлы болды.
Мәдениет күндерінің жүйелі ұйымдастырылуы нәтижесінде өңірлердің өзара
бәсекелестіктері артып, мәдениет үйлері бір-бірінен қалыспай, өткізіп келе
жатқан әр шараның мәні мен мағынасы жыл сайын өсіп келеді. Байқау
нүктесі қыркүйек айында Талдықорған қаласында қойылады.
Естеріңізге салар болсақ, бүгінде ауданымызда 21 мәдениет, мұрағат мекемесі
қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 17 мәдениет үйлері мен 4 клубтар, 16
кітапхана, 3 музей, 1 мұрағат бар.
Тюлемисова Динара
1
 
1
 
1
 
1
 
1