Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Бәйдібек би ауылдық округінің аппараты
көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау
актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-
кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану
құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні; толық құжаттар пакеті
ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту – 2 жұмыс күні;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында
көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тарту - 14 жұмыс күні.
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты -
15 (он бес) минут;
3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік мекемеге жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн
мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара
автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын (1-
қосымша) және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз)
жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану
құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті
берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі -
ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті
алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын
құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша
уәкілетті өкілі):
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттар тізбесі:
1-кезең:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;
2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
3) жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру
үшін қажет);
түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін
ақы төлеуді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш
беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете
отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін
тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы
саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне
қайтарады;
2-кезең:
1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде екі
данада уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы
қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі жеті жұмыс күнін
құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация жер
учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып,
күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер
қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық
бөлімшесіне қайтарады.
Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін қызметті берушіде – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында,
«Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) Ауылдық округ әкімінің аппараты – демалыс және мереке күндерінен
басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге
дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар, Мекен жайы: Бәйдібек би
ауылы, Шевченко көшесі № 18 «А» тел: 8 (72775) 56-0-12,56-2-84
Электрондық поштаның мекен жайы: bydibekbi@mail>;
Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппараты
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру