Үшінші тұлғалардың анықтамалар алуы бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

2018 жылдың басынан порталда eGov.kz үшінші тұлғалардың электрондық
анықтамаларды алуы бойынша сервис қолжетімді. Үшінші тұлғалардың электрондық
анықтамаларды алу бойынша сервисті Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының
ғимаратында орналасқан "электрондық үкімет" порталына шығатын электрондық
үкіметтің порталынан немесе үйінен электрондық бұрышын пайдалана отырып алуға
болады. Үшінші тұлға рөлінде жеке және заңды тұлға бола алады, ал пайдаланушы
рөлінде тек жеке тұлға бола алады.
Қызметті онлайн алу үшін:
1 Үшінші тұлғаға порталда авторлану және батырмасы бойынша өту
"Қызметке тапсырыс беру".
2 Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның
(пайдаланушының) ЖСН енгізу және "пайдаланушыны тіркеудің бар болуын
тексеру"бастырмасына басу.
3 ЭЦҚ алу және оған қол қою қажет анықтаманы таңдау (электрондық цифрлық
қолтаңба) немесе смс – паролінің көмегімен (міндетті түрде мобильдік
азаматтар базасында тіркелу).
4 Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қызмет көрсету
нәтижесімен танысу.
Сұрау салуға сәйкес қызмет көрсетудің нәтижесі – мекенжай анықтамасы,
жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген
құқықтар туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама
болып табылады.
Пайдаланушы сұрау алған сәттен бастап 2 сағат ішінде анықтама алуға сұрау
салуды келісу/қабылдамау қажет. 2 сағат өткеннен кейін пайдаланушыдан жауап
жарамсыз деп саналады.
Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан
"электрондық үкімет" порталына шығатын электронды бұрыш eGov.kz "электрондық
үкімет" жұмыс уақытында дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға
дейін жүзеге асырылады.
Қаражота ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Мақашев