Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБірыңғай жиынтық төлем

Бірыңғай жиынтық төлем

  

Формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру үшін салық органдарында жеңілдікпен тіркеуді көздейтін Бірыңғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жалпы режимге қарағанда салық және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер айқындалады.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеу формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері сараланған, яғни әр түрлі сақтандыру қорларына жарналар сомасын өз бетінше төлеу қажеттілігі жоқ.

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады, алайда олар:

1) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;

2) жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету;

3) жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру талаптарын сақтауға тиіс.

Бұл ретте, күнтүзбелік жыл ішіндегі шекті табыс 100 еселенген ең аз жалақыдан аспауға тиіс.

Бірыңғай жиынтық төлем:

  1. сауда объектілерін қоса алғанда, мүліктің сауда объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;
  2. кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүлікті жалға беретін жеке тұлғаларға;
  3. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
  4. оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
  5. дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

Осылайша, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу формальды емес жұмыспен қамтылғандар үшін:

  • медицинского учреждения медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы және түрлері шектелмеген медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
  • жүйеге қатысу өтіліне қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және базалық зейнетақы төлемдерін алуға;
  • еңбек ету қабілетін, асыраушысынан айрылу, жүктілік және туу, бала асырап ал, 1 жылға дейін баланы күтіп бағу жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

Мыналар айқындалды:

  1. Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшерлері қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылдарда 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
  2. Бірыңғай жиынтфқ төлемді енгізу мерзімі 5 жыл;
  3. Бірыңғай жиынтфқ төлемнің үлесі:
  • жеке табыс салығы 10 %;

- мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына                40 %.

Бірыңғай жиынтық төлем 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады деп жоспарлануда.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» қолданыстағы заңда «жұмыспен қамтылған адам» айқындамасы жоқ, ал «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» айқындамасы Халықаралық еңбек ұйымының статистикалық жіктеліміне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санатын атап өтеді.

Бұдан басқа, заңнамаларда «өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам» ұғымы әр түрлі түсіндіріледі.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда жоғарыда көрсетілген терминдерді бірыңғай қолдану үшін мынадай айқындамалар ұсынылады:

Жұмыспен қамтылған адам – ақы және (немесе) кіріс алу үшін мүлікті пайдалану, тауарлар өндіру, тауарларды сату, қызметтер көрсету арқылы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Тәуелсіз жұмыскер – кіріс алу мақсатында тауарлар өндіру (өткізу), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестіктің және акционерлік қоғамдың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері), өндірістік кооперативтердің мүшелерін қоспағанда мемлекеттік тіркелусіз, дербес қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға.

Жалдамалы жұмыскер – еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін төлемді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.

Заң жобасында жеке тұлғалардың қызметі нысанын, олар алатын табыс көздерін және жұмыс орнын қамтитын жұмыспен қамтылған халықтың санаттары қайта қаралды.

Осылайша, қолданыстағы регламентпен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халықтың құрамына жұмыспен қамтыған халық санаты енген жұмыспен қамтылған адамдарды барынша нақтылау ұсынылады.

Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерді енгізумен қатар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңдарда әлеуметтік төлемдер мен жарналар төлеушілер бір жүйеге келтірілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Заңды тұлғаларды әкімшілендір бөлімі

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру