Ават ауылдық округі әкімінің аппараты «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

Ават ауылдық округі әкімінің аппараты «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

      Ават ауылдық округі әкімінің аппараты «Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» «мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі

      «Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 290 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

       Осы Қағидалардың 26, 27, 43 және 50-тармақтарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына сауда-саттыққа қатысуға жол беріледі.

      Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылмаса, сауда-саттыққа қатыстырылмайды.

      Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) қатысуға:

      1) мемлекеттік заңды тұлғалар;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы;

      3) аукционшы;

    Жер кодексінің 96-1-бабының 4-тармағына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тіркелген тұлғалар жіберілмейді.

     Егер сауда-саттық объектілері бірінші сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) сатылмаса, олар екінші және келесі сауда-саттықтарға шығарылады.

     Сауда-саттықты ұйымдастырушы әрбір сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион, конкурс) басталар алдында сауда-саттыққа қатысушылардың санын есепке алады.

     Егер сауда-саттық объектісі бойынша қатысушылардың саны екіден кем болса, үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда, сауда-саттық өтпеді деп жарияланады. Үшінші және келесі сауда-саттықтарда, сауда-саттық объектісі бойынша қатысушылардың саны екіден кем болған жағдайда, сауда-саттық объектісі жалғыз қатысушыға оның келісімімен сауда-саттықтың бастапқы құнымен сатылады.

     Сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.

     Электрондық нысанда сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш беру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабының 3-тармағының талаптары ескеріліп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Сауда-саттыққа қатысуға электрондық нысанда өтініш беру жеке сәйкестендіру нөмірлері бар болған жағдайда жүзеге асырады.

        Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жеңімпаз бен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады.

     Жер учаскесін сатып алу-сату шарты мен сауда-саттық объектісін сатып алу бағасын төлеу туралы құжат жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатын беру үшін негіз болып табылады.

участок.
         Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) ауылдық округ әкімінде – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ғе дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

       Мемлекеттік қызмет алу үшін толық мәліметті Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №188 мекен жайда немесе 8/72775/ 64-2-16 телефон нөміріне хабарласуға болады.

     Электрондық поштаның мекен жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

                                                         Ават ауылдық округі әкімінің аппараты