Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын нақтылау тәртібі

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын нақтылау тәртібі

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Өтініштерді қабылдау және осы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер-кадастр жоспарын және уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы уақытша (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды және оны жер қатынастары бойынша өкілетті органында тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға жібереді.
      Жер учаскесін жеке тұрғын үй салу үшін сұраған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының өтініші (қолдаухаты) арнайы есепке алынады және бөлуге арналған алаңдар дайын болғанда не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақ болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып қанағаттандырылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1-кезең:
      1) нысан бойынша өтініш;
      2) жер учаскесін орналастыру схемасы;
      3) жеке басты куәландыратын құжат;
      түпкілікті таңдау актісін келісуді және жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін ақы төлеуді өтініш беруші 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш беруші келіспеген жер таңдау актісін қолдану мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация келісілмеген жер таңдау актісін жою үшін тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады;
      2-кезең:
      1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі;
      2) жер-кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.
      Өтініш беруші хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде екі данада уақытша жер пайдалану шартына қол қояды. Өтініш берушінің қолы қойылмаған уақытша жер пайдалану шартын қолдану мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, Мемлекеттік корпорация жер учаскесін ұсыну туралы шешімін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күшін жою үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне қайтарады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға:
      1) егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алынған тұлғалар тізбесінде тұрған жағдайда;
      2) сұралып отырған жер учаскесі бос болмаса;
      3) егер сұралып отырған жер учаскесі саудада (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылуға арналған болса;
      4) сұралып отырған жер учаскесі резервке қалдырылған болса;
      5) елді мекеннің бас жоспары жоқ болса немесе бас жоспарға сәйкес келмесе, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы болмаса;
      6) санитарлық-қорғаныш аймағы болса;
      7) сұралып отырған объектінің орналасуы құрылыс және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмеуі негіз болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:
      1-кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау - 28 жұмыс күні;
      2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі және жер-кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде - жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару - 22 жұмыс күні;
      - толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту - 2 жұмыс күні;
      - мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту - 14 жұмыс күні.
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 минут;
      3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 минут.

«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ





 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру