Қаратұрық ауылдық округінде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

      

Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың                         14 желтоқсан күні Қаратұрық ауылдық округіндегі А. Саттаров орта мектебінде Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

       Жәрмеңкеге аппарат мамандары қатысып, Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және электронды цифрлы қолтаңба арқылы egov.kz электрондық үкімет порталындамемлекеттік қызметтерді  үйлерінен  шықпай-ақ қол жеткізе алатындығы, «Үшінші тұлғамен анықтама алу қызметі» туралы, «Digital agent» қосымшасын телефонға жүктеп ХҚКО бағалау мүмкіндігі туралы және басқа да қызмет түрлері туралы түсіндірілді.

Жәрмеңкеге 56 адам келіп, өздерін қызықтарған сұрақтарға тиісті жауаптарын, кеңестерін алды.

       Жәрмеңкеге қатысқан ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсету туралы брошюралар таратылды.

                                                   Қаратұрық ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маманы Г. Кабулова