ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылдың 26 қараша күні сағат 18:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Шелек ауылындағы 48 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру туралы жиын өтіп, көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

1 Жобаланған – 7 – Қажымұқан көшесі

Қабылданған қаулы:

Шелек ауылдық округіне қарасты Шелек ауылындағы 48 га жаңа құрылысындағы 1 (бір) көшеге тарихи жер-су атауларын берумақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

Шелек ауылдық округінің әкімі                                               Е.Есенханов