Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЕңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие.

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі туризм саласында үлкен мүмкіндіктерге ие.

 

Мемлекетіміздің үлкен мегаполисіне жақын орналасқан табиғи көркі керемет Түрген шатқалының, Асы жайлауының, Бартоғай су қоймасының, дендробақ және тағы басқа орындар мен белгілі археологиялық, тарихи ескерткіштерінің туристік саланы дамытудағы беделі жоғары.

Аудан әкімдігімен туризмді дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Мәселен, облыс әкімінің тапсырмаларын ескере келе, ауданда туризмді дамыту бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленген. Аудан әкімінің сайтына ауданда орналасқан туризм нысандары мен бағыттары орналастырылған.

Ауданымыздың экономикасы үшін туризм саласы дамуының маңыздылығын ескере отырып, жоспардың орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Туристердің жайлы және қауіпсіз жүріп өтуі үшін жол инфрақұрылымдарын жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылданған.

Мәселен, Құлжа тас жолы ретке келтіріліп, туристік бағыттағы бірталай жолдары жөндеуден өткізіліп, үш тілде жол көрсеткіштер орналастырылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының құрылысы жүргізілді. Осы жолдың бойында туризм мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жалпы көлемі 7 гектар болатын бірнеше жер учаскелері дайындалып қойылған. Үлкен Алматы каналының бойындағы жолды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Аталған жолдың жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауданның аграрлық саласының жетістіктері мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үдерісін көрсететін арнайы ұйымдастырылған орындарды аралату мақсатында велосипедпен серуендетуге мүмкіндік береді.

Осымен қоса, ауданымызда орналасқан Шарын шатқалына апаратын 10 шақырым автожолына биылғы жылы облыс орталығынан 500,0 млн.теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары атқарылған.

Жол инфрақұрылымынан бөлек, біз туризмнің басқа да инфрақұрылымдарын дамытудамыз. Мысалы, ауданда 7 қонақ үй, 1 қонақ жай үйі, 3 демалыс үйлері, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны жұмыс істеуде. Аталған нысандар ағымдағы жылдың тоғыз айында 75407 адамға қызмет көрсетіп, туристік сауықтыру қызметінің көлемі 63 млн. 200 мың теңгені құрады.(106,4 %)

Туристерді қабылдайтын нысандардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында, тиісті жұмыстар алға қойылып, облыстық туризм басқармасының бастамасымен жыл басында Қапшағай қаласының «Виктория» қонақ үйінде туристерді қонақ үйге орналастыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары тегін өткізілген.   Сонымен қатар, облыс орталығында ағымдағы жылдың 26-27 наурыз айында туризм саласында қызмет көрсететін субъектілерінің практикалық шеберліктерін арттыруға бағытталған мастер-класс өткізілді.

Ауданда табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар қызмет көрсетуде. Олар: туристердің арасында өте танымал шағын зообағы мен африкандық түйе құстарды өсіру, бекіре мен бахтах балығын өсіру шаруашылығы, «Жеті Қазына» ұлттық-мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда.

Ауданда туристерді орналастыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен:

Экотуризм сияқты жаңа туристік саланы дамытуда қолға алынды. Түрген ауылдық округінде «Камзолдаева» жеке кәсіпкері қымыз және шұбат сусындарымен, табиғи өніммен тамақтандыратын экологиялық таза табиғи материалдарынан салынған 8 үйдің құрылысы аяқталып, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап іске қосылды.

Малыбай ауылдық округіне қарасты Шелек өзенінің бойында «Рафт Сервис» ЖШС-гі салмен жүзу спорты негізінде, кемпинг лагерьінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, іске асырылды. Жалпы жобалық құны 20,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны құрылды.

Саймасай ауылдық округінде «ASSORTI RANCHO» жеке кәсіпкері тарапынан 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 30,0 млн.теңге болатын жаңа 12 жұмыс орнымен қамтылған демалыс аймағын іске асырды.

«Экстремал Спорт Туризм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тау шаңғы инфрақұрылымының дамуын іске асыруда. Аумақтық үйлестіру кеңестің 2018 жылдың 06 ақпанындағы №1 хаттамасымен жоба ретінде өткізілді. Жобаның жалпы құны – 732,7 млн.тенге.

«Ескене» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінің «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» Республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сәйкес жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы, облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алып, бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. (жоба құны 600,0 млн.теңге, жаңа 15 жұмыс орны ашылмақ )

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру