ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағына сәйкес, «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 23-мамырдағы №31-165 және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30-мамырдағы №243 бірлескен шешімі мен қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Алматы облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық акті 2018 жылғы 14 маусым Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеудің тізіміне №4746 болып енгізілген Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық ауылдық округінің аумағында орналасқан «Мелиоратор» ауылының атауын «Арна» ауылы деп өзгертілгендігін хабарлайды.

     Қаратұрық ауылдық округ әкімі                                    Е.Самсыбеков