Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы хабарлайды:
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі:
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттардың тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісетіні көрсетілген еркін нысандағы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Порталға:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш;