Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

         Салық Кодекстің 82-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайтын тұлғалар мынадай тәсілдердің бірімен:

1) өзі келу тәртібімен, қағаз жеткізгіште;

2) электрондық нысанда;

3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті беру жолымен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдеңгейі жоғарғы салық төлеушілерге қолданылмайды.

       Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындақызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттердің;

резидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің;

ойын бизнесі салығы салынуға жататын қызметі бойынша ҚР Салық Кодексінің 534-бабында аталған тұлғалардың құқығы жоқ.

       Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті жасай отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

ҚР Салық Кодексінің 83 бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген күннен бастап;

2) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған тұлғалар үшін – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

rusnaz

nj kk

100stepkz

40каз

25041812