Мемлекеттік қызмет көрсету сәулет және қалақұрылысы саласында «Электрондық үкімет» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы хабарлайды:

Бүгінгі күнде бөліммен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
  2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
  3. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;
  4. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткіз

«Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама» алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы аудандық филаилына өткізу үшін келесі құжаттар қажет:

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);

Электрондық қызмет көрсетуді тапсырыс беру «Электрондық үкімет» порталында - http://egov.kz «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғындық қатынас» бөлігінде тек өтініш толтырып онлайн қызметі арқылы тапсырыс беруге болады.

Қосымша қажетті ақпарат алу үшін 8(72775)4-02-61 байланыс телефоны арқылы хабарласып білуге болады.

Бөлімнің бас маманы   Адылов Ш.