Шаруа қожалығымен айналысатын салық төлеушілердің назарына

 

Құрметті Еңбекшіқазақ ауданының шаруа қожалығымен айналысатын салық төлеушілері Сіздерге Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер туралы кодексінің 707-бапына сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация жер учаскесі тұрған жердегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылуы қажет.Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының және әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетілетіндігін ескертеміз.

Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:

1) салықтық кезеңнің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін есептелген сомаларды төлеу – ағымдағы салықтық кезеңнің 10 қарашасынан кешiктiрілмейтін мерзімде;

2) салықтық кезеңнің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейін есептелген сомаларды төлеу – есепті салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 10 сәуірінен кешiктiрілмейтін мерзімде жүргiзiледi.

Бірыңғай жер салығын бюджетке төлеу жер учаскесі тұрған жер бойынша жүргізіледі.

Уақытылы бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған 920.00 декларациясын тапсырмаған үшін Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер туралы кодексінің 707-бабыныңбұзылуы болып табылады және де әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 272 бабы бойынша жауапқа тартылатындығы жайлы хабарлаймыз.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

«Жеке кәсіпкерлердің және

заңды тұлғалардың ақпараттарын

қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі