Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Рухани жаңғыру – тарихи құндылықтар мәйегі»

«Рухани жаңғыру – тарихи құндылықтар мәйегі»

2805201842302181 Еңбекшіқазақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Есік археологиялық өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Есік қаласында орналасқан Есік археологиялық өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына кіші бағдарламасы» аясында 25 мамыр күні сағат 11.00 «Рухани жаңғыру – тарихи құндылықтар мәйегі» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Жастарды туған өлке тарихынан сыр шертетін тарихи құндылықтарымызбен, сонау Сақ дәуірінен бізге жеткен ата-бабаларымыздың қолөнер бұйымдары мен күнделікті тұрмыста пайдаланған заттарымен таныстыру, ұмыт қалып бара жатқан қазақтың қолөнерін, ұлттық киімдерін, қару-жарақтарын насихаттау.

Шара барасында тек қана көрме ғана көрсетіліп қоймай сонымен қатар музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жас ұрпаққа ой саларлық «Қарттар үйі» атты қойылым қойылып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында патриоттық әндер орындалды. Сонымен қатар музей қызметкерлері мен аудан өнерпаздары бірлесіп, ата-бабаламыздан бізге дәстүр болып жеткен тағы бір ерекше салт-дәстүріміз тұсаукесер рәсімін жасап, үлкен әжелеріміз жастарымызға баталарын беріп, шашу шашылды.

Шараға Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, аудандық баспасөз хатшылары, ауданымыздың еңбек сіңірген қайраткерлері мен жергілікті жастардан, барлығы 150 адам қатысты.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы