Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері Еңбекшіқазақ ауданында бұл жоба іске асырылып келеді, Ават ауылдық округі бұл жоба аясында қалыс қалған жоқ. «Туған жер» бағдарламасы негізінде бүгінгі күнде Ават ауылының тумасы жеке кәсіпкер Исмаилов Аблеким Кариевичтің демеушілігімен 75 млн. теңге қаражат бөлініп ауыл мешітінің қасынан 800 орынды хатымхана салынды. Ағымдағы жылдың мамыр айында ғимараттың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Ават ауылдық округі әкімі Байтулаков Асыл Байтулакович, Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Султанович, «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының өкілдері, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Узаков Тілеулес және де ауыл тұрғындары қатысты. Халыққа жасаған жақсылығы үшін Исмаилов Аблеким Кариевичті «Тұрар Рысқұлов» Қоғамдық қорының өкілдері Ауыл еңбегі үшін медалімен марапаттады.