«Тарих дөңгелегі» тақрыбындағы тарихи танымдық ойын

1505182302181

«Рухани жанғыру» қоғамдық сананы жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Менің туған өлкем – Отанымның бір бөлшегі» жобасының аясында Қаныш Сатпаев атындағы орта мектептің 7 –сыныптар арасында өлкетану бойынша оқушылардың білім деңгейін арттыру, өз туған өлкесінің тарихын білу, өз бетінше танымдық қабілеттерін арттыру және оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Тарих дөңгелегі» атты тарихи – танымдық ойынды тарих пәнінің мүғалімі Сыздықова Салтанат Есенбаевна ұйымдастырып, өткізді.

Оқушылар ойындарға өте белсенді қатысты. Ерекше көзге түскен оқушылар: Очилова Севинч, Радулгина Мария, Кулмурзаева Даяна, Қуатов Дамир.

Тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Есентаевна өз сөзін Н.А.Назарбаевтың «В потоке истории» кітабіндағы сөзінен бастады.

«Біз тарихты не үшін оқып, оған мән береміз? Өйткені Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің даму тарихын өз бойына сіңіріп,ғасырлар сыры туралы сүрақтарға ойлану керек.Кеше кім болдық? Бүгін кімбіз?Ертең кім боламыз?Өйткені,әрбір азамат өз елінің тарихы басқадан кем емес екенінін түсіну керек.Сонымен қатар әрбір азамат тарихқа үңіле отырып,ата – бабасының кең байтақ жерді мұраға қалдырғанын түсініп соған лайықжалғастырушы болу керек».

Сабақвикторина түрінде өткізілді. Саяхат жасау ойын кезіндеәрбір оқушы бекетке тоқтаған сайын тарих пәнінен өз білімідерін көрсетіп,толықтырып отырды. Өлкетану бойынша «Тарих дөңгелегі» атты танымдық ойында оқушылар тек қана өз білімдерін көрсетіп қоймай,өздерінің шығармашылық қабілеттерінде көрсете білді.Барлық оқушылар өз өнерлерін көрсетіп шығармашылықтарын ортаға салды. Сонымен бірге халық даналығынанда тапсырма беріліп,қазақ және орыс мақал – мәтелдерінің арасындағы сәйкестік табу болды.

Өлкетану бойынша «Тарих дөңгелегі» танымдық ойындарына қатысқандардың ішінде сауланама жүргізілді. Сауланамаға үлкен қызығушылықпен оқушылар қатысты.Оқушылар іс – шараға үлкен қызығушылық танытып қатысты. Сол сияқты мұғалімдер ұсынған тапсырмаларға да қызығушылық танытты. Көптеген оқушылар өз туған өлкелерінің тарихын зерттеуді жалғастыруға талпынды. Салтанат Есентаевна жүргізілген іс – шаралардың мақсаты мен міндеттеріне жетіп, өз деңгейінде ұйымдастырды. Мұғалім оқушылармен өзөлкесінің тарихын зерттеу бойынша жұмысты одан әрі жалғастырып, жұмыс жасайтын болады.