Үлгілі келін!

1405182302181

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласының аясында
21 сәуір күні Жаңашар ауылдық округіне қарасты Космос ауылының Мәдениет үйінде «Үлгілі келін» байқауы өтті. Байқаудық мақсаты: келіндерге деген мейірімді, құрметті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету, қазақ тілінде өнер көрсету арқылы мемлекеттік тілдің қозғалысын дамыту, жастар бойында ізгілік, инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу, жастардың бос уақытын маңызды етіп ұйымдастырып, тиімді етіп пайдалану, жастарды мәдениеттік және қоғамдық пайдалы іс–әрекеттерге тарта отырып, оларды рухани дамыту болып табылады.