Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың тө

Салық Кодесінің 106- бапына сәйкес:

1.Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын айыппұлдың күшін жою немесе оның мөлшерін азайту салдарынан қайтару салық төлеушінің салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.

Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішке айыппұлдың құқыққа сыйымсыз салынуы салдарынан оның күшін жоюды немесе мөлшерін азайтуды көздейтін заңды күшіне енген сот шешімі немесе жоғары тұрған салық органының (лауазымды адамның) шешімі қоса берілуге тиіс.

2. Айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтінішті салық төлеуші жеке шоты бойынша қайтаруға жататын айыппұл сомасы есептеулі тұратын салық органына ұсынады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің банктік шотына айыппұл сомасын қайтаруға арналған өтініш ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

4. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген соманы қайтару осы баптың
3-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.

Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялық бөлімі