Мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсын өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) хабарлайды:

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін арттыру мақсатында, мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтауға және мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеуге арналған «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы өткізілуде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары 2018 жылдың 15-28 ақпаны аралығында Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі,75,10 кабинетте қабылданады. Анықтама үшін телефон: 87056249922, 87013004731.

         Конкурс туралы толық мәлімет мынадай kyzmet.gov.kzресми сайтында орналастырылған.

                                                       Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас      

                                                         жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

                                                         агенттігінің Алматы облысы бойынша            

                                                         Департаменті