Ар-намыс кодексін сақтау- мемлекеттік кізметкерлердің міндеті.

            Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс  кодексінің 1тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды.

         Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс  кодексінің 5 тармақтың 2), 7), 14 тармақшасына сәйкес , Мемлекеттiк қызметкерлер адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.

       Мемлекеттік қызметтегі алғашқы күндерден бастап жас мамандарға азаматтармен және әріптестермен  жұмыс істеуде сыпайылық,  қарапайымдылық, сөйлеу мәдениетін сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс  кодексі жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа да аспектілерін қамтиды. Мысалы, кодексте мемлекеттік қызметшінің өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресми, ұқыптылық және ұстамдылықты айқындайтын жалпыға бірдей қабылданған қызметтік стиліне сәйкес келуі тиіс.

    

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасының бас маманы Самойленко В.Н.