2018 жылғы 18 қаңтар Нұра ауылының О.Жандосов сағат 9-00 орта мектеп-интернатының мәжіліс залы
2018 жылғы 18 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы әкімі мен Сөгеті ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі Нұра ауылының О.Жандосов орта мектеп-интернатының мәжіліс залында өткізілді. Өткізілген есеп беру кездесуге 137 адам қатысты, олардың 40- мекеме қызметкерлері, 24-ы шаруа қожалықтарының жетекшілері, медициналық қызметкер -9, зейнеткерлер-20, 44 - басқа санаттағы ауыл тұрғындары. Жастары 25- 65 жас аралығында.
Есепті кездесу өтетін орында барлық жағдай жасалған, ішкі температуралық режим нормаға сай, арнайы микрофондар қойылған.Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. О.Жандосов орта мектебінің фойесінде көрме ұйымдастырылған (мекемелердің стенділері, Нұр балабақшасының қолөнер бұйымдары). Аудан әкімінің есебінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық сала бойынша толық қамтылған. Ауылдық округі әкімінің есепті баяндамасы ауыл өмірінің барлық саласын қамтыды. Баяндама соңында аудан әкімімен ауылдық округі әкімі көптеген сұрақ-пікірлерге жан-жақты жауаптар қайтарды және қатысушылармен ашық түрде әңгіме өткізді.
Өткен жылғы есеп беру кездесуінде айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелер жоқ. Есеп беру кездесуінде 2 адам сөйледі. Олардың 1- мұғалім, 1-зейнеткер.
Мысалға, ақсақалдар алқасының төрағасы, зейнеткер Асенов Маукен О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернатының мұғалімі Есжанов Әлімғазы Төленбайұлы, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, аудан әкімімен округ әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Есеп беру кездесуінде ұсыныс түскен жоқ, Нұра ауылының ауыз су жүйесін жөндеуге қаражат бөлу туралы.
Аудан әкімімен ауылдық округі әкімінің жыл ішінде атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілді.
Сәулет және қала құрылыс басқармасы
басшысының орынбасары Қ.Т.Манапов