Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарМектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты болып табылады. Мектепке дейінгі сапалы білім мен баланың қабілеттерін толықтай дамыту қоғам үшін маңызды, өйткені бала – еліміздің болашақ интеллектуалдық  және оның гүлденуінің негізі болып табылады.

2016 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында баланың мектепке дейінгі кезеңінің маңыздылығы  алдағы білім беру қызметіне сәтті дайындықтың негізі ретінде айқындалған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі индикаторы - 3-6 жастағы балалардың қамтылуы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту болып саналады, сондай-ақ 2020 жылға бұл көрсеткіш 100 % жетуі қажет. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мектепке дейінгі білім беруді жаңартуғақоғамның назар аудара отырып, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда халықаралық тәжірибе негізінде қазіргі заманғы озық әдістемелерді енгізу керек. Олар инновациялық, ал білім беру технологиясы креативті болуы қажет» деп тапсырды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметіне инновацияларды енгізу- білім беру мазмұнын іріктеу, балалардың даму бағдарламаларын жеке жобалау,  балалардың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда мектепке дейінгі білім жүйесін жетілдіру бағытталған маңызды шарт.

Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында  білім сапасын  арттыруда педагогтар тарапынан  балалар дамуының барлық бағыттары бойынша «Сиқырлы қалам», «Ақылды балапан», «Кішкентай тілмаш», «Электронды қазақ үй» оқу-танымдық кешендері, «Дьенеш логикалық блоктары», «Кюизенердің түрлі түсті санамақ таяқташалары», «Фребель сыйы» оқу-ойын кешендері, т.б. инновациялық технологиялар қолданылып, бұлармәселелерді анықтауға және шешуге үйренетін театрландырылған, көркемдік, жобалық қызметтер ретінде балаларды өз етімен ойлауға, ересектермен шығармашылық ақпарат іздеуге үйретеді.

Заманауи мектепке дейінгі білім беруде жоғары талаптар тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, шығармашылық әлеуетіне ғана қойылмайды, сонымен қатар кәсіби ұстанымды  іске асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен тәрбиеленушілері әртүрлі деңгейдегі байқауларға белсене қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жаңа формациядағы педагогты қалыптастыруға жоғары талаптар қояды.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселесі өзекті болып қалуда. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында жаңа инновациялық педагогикалық технологияны қолдана, білім беру мазмұнын біріктіре отырып, баланың алған білімін еркін пайдалану қабілетін қалыптастыру міндеті тұр.

Аудан бойынша мектепке дейінгі балаларды мектепке дейінгі мекемеге тіркеу, кезектер тізбесі және басқа да мәліметтерді  Аңбекшіқазақ ауданы әкімінің сайтынан ненемес  Есік қаласы Әуезов көшесі №100 үйде орналасқан «Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен 4-20-86 телефон нөмірі арқылы білуге болады. 

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру