Некеге тұруды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал
актілерінің жазбаларына өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мемлекеттік қызмет болып табылады.
Некеге тұруды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу үшін өтініш беруші қажетті құжаттарды әзірлейді:
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігін не паспортың : шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы- оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретінде есепке алынған туралы шетелдегі консулдық мекеменің белгісі бар Қазақстан Республикасы азаматтың паспортың.
- Белгіленген нысандағы толтырылған өтініш
- Ерлі-зайыптылардың тегті таңдауы некеге (ерлі-зайыптылық) тұру туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
- Бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;
- Алдынғы некелер (ерлі-зайыптылық) туралы мәліметтер;
Некеге тұруды тіркеу 100 пайыз бұл 2017 жылы 2269 теңгені құрайды
Егер неке жасына жетпеген тұлғалар некеге ( ерлі-зайыптылыққа) тұрса, қосымша некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұратын тұлғалардың заңды өкілдерінің келісімі ұсынылады.
Некеге тұруды тіркеу үшін қажетті шаралар мен қажетті құжаттар туралы ақпарат алу мақсатында өтініш беруші 8-72-775-7-21-10 телефоны бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты АХАТ бөлімінен жүгіне алады.