Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарТөтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 наурызда № 20164 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 3 хаттамасының 11-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 23 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің берген тапсырмасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына және "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов  
  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 25 наурыздағы
№ 109 бұйрығымен
бекітілген
       

Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидалары

      Ескерту. Қоғидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2020 № 118 бұйрығымен (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      1. Төтенше жағдай кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету "Электрондық үкімет" веб-порталындағы (бұдан әрі - Портал) "Электрондық өтініш" сервисі (бұдан әрі - Сервис) арқылы осы Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) қосымшаға сәйкес толтырылған, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады:

      1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;

      3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;

      4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;

      5) жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;

      6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау;

      7) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

      8) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

      9) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

      10) мүгедектерге кресло-арбалар беру;

      11) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

      12) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

      13) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

      14) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

      16) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

      17) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

      18) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;

      19) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

      20) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау;

      21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;

      22) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

      23) ақталған адамға куәлік беру;

      24) "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

      25) жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;

      26) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;

      27) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

      28) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

      29) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;

      30) еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;

      31) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;

      32) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көрсетілетін қызметті алушы Сервис арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтерді алуға өтініш берген кезде тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес өтінішті толтырады, сондай-ақ тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқаларын қамтитын электрондық файлдарды қоса береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қояды.

      Бұл ретте тиісті Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш электрондық файл түрінде өтініш берушінің қолтаңбасынсыз қоса беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ескеріледі.

      Бұл ретте қызмет көрсету төтенше жағдай режимі аяқталған күнді қоса алғанда жүзеге асырылатын болады.

      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-2. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін негіз төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай уақытында туындаса, онда өтініш беруші төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде аталған төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қоса бере отырып өтініш беруге құқылы.

      Бұл ретте, аталған төлемдерді тағайындау төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзімде немесе төтенше жағдай уақытында тағайындау негіздері туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Өтінішті алушы (адресат) мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес көрсетіледі - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) тиісті филиалы, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі - Департамент).

      4. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы немесе SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылған өтініш Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының электрондық құжат айналымы жүйесіне, қаланың немесе ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, жергілікті атқарушы органға немесе Департаментке жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік корпорацияның филиалы, жергілікті атқарушы орган және Департамент 2 жұмыс күні ішінде электрондық өтінішті көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының тиісті аудандық немесе қалалық бөліміне, қаланың немесе ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне (бұдан әрі - МӘС бөлімі) жібереді.

      6. Мемлекеттік корпорация филиалының аудандық немесе қалалық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының және МӘС бөлімінің маманы 2 жұмыс күні ішінде тиісті Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың сәйкестігін тексереді.

      7. Сұрақтар туындаған кезде Мемлекеттік корпорация филиалының аудандық немесе қалалық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының және МӘС бөлімінің маманы электрондық өтініште көрсетілген телефон нөмірі немесе электрондық пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушымен байланысады.

      8. Келіп түскен құжаттар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келген жағдайда Мемлекеттік корпорация филиалының аудандық немесе қалалық бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының және МӘС бөлімінің маманы тиісті ақпараттық жүйеде электрондық іс макетін (МӘС актісін) қалыптастырады.

      9. Келіп түскен электрондық іс макетін (МӘС актісін) көрсетілетін қызметті берушілердің қарауы осы Қағидаларда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетуден бас тарту) нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) sms-хабарлама арқылы жіберіледі не Сервис арқылы келіп түскен өтінішке жауап түрінде жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына қызмет көрсету (көрсетуден бас тарту) нәтижесі туралы хабарлама ұсынылған жағдайда хабарлау процесін қайта болдырмау үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жауап берілмейді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне шағымдануы тиісті мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен реттеледі.

2-тарау. Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің ерекшеліктері

1-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері

      12. Егер көрсетілетін қызметті алушы 2020 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) алушы болса, онда тікелей байланысты болдырмау мақсатында көрсетілетін қызметті алушыға келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек өтінішсіз, бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеген кезде ескерілген барлық табыстарын ескере отырып автоматты түрде ұзартылады.

      Бұл ретте келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек төлемінің мөлшері автоматты түрде ұзартылған тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына (бұдан әрі - № 320 бұйрық) сәйкес тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінен бес пайызға ұлғайтылады.

      Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімінің ұзартылуымен бір мезгілде ұзартылады. Азық-түлік жиынтығының түрі баланың жасын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезіндегі баланың жасына негізделе айқындалады және оның ұзартылу мерзіміне ұсынылады. Бұл ретте алты жасқа дейінгі кепілдендірілген әлеуметтік топтама алушы балаларға осы бұйрықтың 25-тармағында көрсетілген төтенше жағдай кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтық берілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда, тікелей байланысты болдырмау үшін учаскелік комиссия байланыс құралдары арқылы көрсетілетін қызметті алушыға және (немесе) отбасына зерттеу жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға байланыс құралдары арқылы электрондық түрде жіберіледі.

      15. 12-14-тармақтармен реттелмеген атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері № 320 бұйрықпен айқындалады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері

      16. Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын белгілеуді МӘС бөлімдері "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландырылатын адамды мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақылап тексеріп, бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай жүргізеді.

      17. Қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде және төтенше жағдай уақытында келген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесінің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері төтенше жағдай орын алған кезеңде автоматты түрде ұзартылады.

3-параграф. Төтенше жағдай кезеңінде "Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдем көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің ерекшеліктері

      18. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу тұрғылықты жер бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай:

      1) еңбек қызметін растайтын (бар болса);

      2) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы (бар болса) құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

      19. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.

      20. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

      21. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімде жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таңдап бермеген жағдайда Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері көрсетілген мерзім аяқталған соң бір жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры немесе ол уәкілеттік берген адам ЭЦҚ арқылы қол қоятын, жұмыс іздеп жүрген адамның құжаттары қоса берілген жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім жобасын қалыптастырады және оны халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Еңбек нарығы" ААЖ) арқылы жібереді.

      22. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы алынған ақпараттың дәйектілігін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде тексеруді жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қояды.

      23. Жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесудің 18-22-тармақтарда реттелмеген мәселелері "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында белгіленеді.

4-параграф. "Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау", "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау", "Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау", "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібінің ерекшеліктері

      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алушылар болып табылатын адамдарға төтенше жағдай кезеңінде төлемдер бұдан бұрын белгіленген мүгедектік тобына және (немесе) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне сәйкес төтенше жағдай режимі аяқталған айды қоса алғанға дейін төленеді.

      24-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында көзделген әлеуметтік төлем (бұдан әрі - төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем) алған жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (қайта есептеу) үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі басқа тікелей айлармен алмастырылады.

      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есептеген кезде төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем алған кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.

      Ескерту. 24-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы төтенше жағдай кезеңінде ұсынылған құжаттарды толықтыра отырып 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кірісі туралы құжаттарды ұсынған жағдайда аталған төлемдердің мөлшерін өзгерту төтенше жағдай кезеңінде бастапқы тағайындау күнінен бастап көрсетілетін қызметті берушінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24-4. Төтенше жағдай кезеңінде қолданылу мерзімі өткен зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар, оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, төтенше жағдай режимі аяқталатын айды қоса алғанда жүзеге асырылатын төлем кезінде ескеріледі.

      Ескерту. 24-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі

      25. Төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:

      атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

      тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      тұрақты негізде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

      мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген адамдардың тізімін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде жасайды.

      27. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтың құрамын жергілікті атқарушы органдар экономикалық мүмкіндіктерге байланысты, бірақ екі айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде айқындайды.

      28. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22 қаулысында айқындалған өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасайды.

      29. Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар сатып алу үшін осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген адамдардың шоттарына ақша аудару арқылы азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ете алады.

      30. Өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес адресатқа дейін жеткізуді жүзеге асырады.

  Төтенше жағдай кезеңінде
әлеуметтік-еңбек саласындағы
кейбір мемлекеттік қызметтерді
көрсету және халықтың
жекелеген санаттарын
азық-түлік және тұрмыстық
жиынтығымен қамтамасыз ету
қағидаларына қосымша

"Электрондық үкімет" веб-порталының "Электрондық өтініш" сервисі арқылы әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштің электрондық нысаны

      ЖСН ___________________________________________________________________________

      Тегі ____________________________________________________________________________

      Аты ____________________________________________________________________________

      Әкесінің аты_____________________________________________________________________

      E-mail __________________________________________________________________________

      Пошта адресі (көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты адресі)

      ________________________________________________________________________________

      Телефон ________________________________________________________________________

      Мемлекеттік қызметтің атауы ______________________________________________________

      Өңір____________________________________________________________________________

      Қабылдаушы ____________________________________________________________________

      Мазмұны _______________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с № Құжаттың атауы Құжаттағы парақтардың саны Ескертпе
1





2








© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру