Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың 15 сәуірі Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2020 жылдың 15 сәуірі Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2020 жылдың 15 сәуірі

 

Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтері 2020 жылдың 1 сәуіріне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан1 бергі уақыт ішінде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кіріс оның 30% - дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

Шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан болған инвестициялық қызмет нәтижесінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері өзгеруі мүмкін және оны ұзақ мерзімді перспективада қарау қажет.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс 641,8 млрд теңге, яғни табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. 2018 жылы салымшылардың таза инвестициялық кірісі 977,2 млрд теңгеге жетіп, 5,3% инфляция кезінде табыстылық 11,27% көрсетті. Осылайша кірістілік көрсеткіштері жылына қарай ерекшеленуі мүмкін, алайда инфляция деңгейінен әрдайым жоғары болып, зейнетақы активтерінің таза кірістілігі оң нәтиже берді.

2020 жылдың басынан бастап 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен (96,9 млрд. теңге) салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Тұтастай алғанда инвестициялық кіріс – қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелді белгіленбеген шама. Жекелеген қаржы құралдары есебінен инвестициялық кіріс шамасының уақытша төмендеуі зейнетақы активтерінің барлық инвестициялық портфелін неғұрлым ұзақ кезең ішінде әртараптандыру есебінен өтеледі.

Зейнетақы ақшаларын инвестициялаудың басты қағидаты – олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни қандай да болмасын бір себептерге байланысты шығынға ұшырату тәуекелдерін азайту. Сондықтан зейнетақы активтері отандық және шетелдік қор нарықтары ұсына алатын алуан түрлі, оның ішінде ең сенімді қаржы құралдарына салынады. Кірістілік неғұрлым көп болса – салымдарды жоғалту тәуекелдері соғұрлым жоғары, салымдарды жоғалту тәуекелдері неғұрлым төмен болса – кірістілік те соғұрлым аз болады. Зейнетақы активтерін

____________________

[1] зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару кезінде төленген инвестициялық табысты ескере отырып

инвестициялау үшін қаржы құралдарын таңдау кезінде ҚР Ұлттық Банкі тәуекел-кірістілік қатынасында барынша ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуге ұмтылады.

           Бұған қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік көзделген, ол зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейі ескерілген барлық зейнетақы жарналарына таралады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру