Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЗейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы жылдам және оңай алыңыз

Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы жылдам және оңай алыңыз

Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы жылдам және оңай алыңыз

           Уақыты сағат тіліндей санаулы, сабақ кестесіндей айқын дағдыға үйренген еңбекке жарамды әрбір азаматтың кейін еңбек демалысына шыққан кезеңде ай сайын алып отыратын тұрақты табысы, күнкөріс деңгейі үшін алаңдайтыны белгілі жәйт. Осындай алаңдаушылыққа жол бермеу үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесі, зейнетақыны төлеу, зейнетақы қорына құйылатын жарна түрлері, болашақ зейнетақыны көбейту жолдары, жалпы зейнетақы қызметтері туралы көптеген мәселелер бойынша өз салымшыларына ақпарат беру тәсілдерін заман талабына сай үнемі дамытып келеді.

Осы тұрғыда БЖЗҚ-ның қарапайым халық үшін ең қолжетімді тәсілі – ұялы қосымша қызметі бойынша нақты мәлімет бере кетуді жөн көрдік. Ұялы қосымшаның көмегімен зейнетақы шотыңыздағы жинақтың жай-күйі туралы үзінді көшірме алып, жинағыңызды толықтай басқара аласыз. Ол үшін Сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартыңызда шотыңыздан ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет байланысы» таңдалған болуы керек. Егер ақпарат алу тәсілі белгіленбеген болса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қор бөлімшесіне барып, қосымша келісімге қол қойсаңыз жеткілікті. Кейін логин мен құпия сөздің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен автор ретінде айқындалып, шоттың жай-күйін білуге болады. Ал логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Осылайша ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін де қолдана алады.  

Қордың ұялы қосымшасы әдеттегідей Google Play және App Store порталдарынан тегін жүктеп алынады. Бұл ретте пайдаланушы қазақ немесе орыс тілдерін таңдай алады.  

         Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені жылдам алу үшін ENPF мобильді қосымшасы жаңартылды. Енді ыңғайлы жасалған интерфейс смартфон немесе планшетіңіз арқылы үзінді көшірмені тиісті батырмаларды бірнеше рет басу арқылы жылдам алуға мүмкіндік берілді. Бұл үшін «Жеке кабинет» белгішесін басып, одан әрі «Қызметтер» бөлімінен «Электрондық үзінді көшірме» ішкі бөлімін таңдау қажет. Үзінді көшірмені кез келген кезең бойынша қалыптастыруға да болады.

БЖЗҚ ұялы қосымшасын бүгінгі күнге дейін 2 миллионға жуық адам жүктеген. Бұл Қордың электрондық қызметтерінің салымшылар арасында заман талабына сай қызмет көрсету үлгісі ретінде жоғары бағаға ие болғандығын дәлелдейді.

Бүкіл әлемге төнген қауіп – коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы Сіздерге таптырмас көмекші болатынына кәміл сенеміз.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру