Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚазақстан Республикасы тағайындайтын зейнетақылардың түрлері, оларды ЕАЭО Келісімі аясында алу құқығының туындау шарттары

Қазақстан Республикасы тағайындайтын зейнетақылардың түрлері, оларды ЕАЭО Келісімі аясында алу құқығының туындау шарттары

2019 жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтті, онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің басшылары ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Бұл Келісім күшіне ЕАЭО-ның барлық елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін енеді.

Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінде еңбек шарты бойынша уақытша тұратын және жұмыс істейтін ЕАЭО-ның кез келген елінің, соның ішінде Қазақстанның да азаматы жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу арқылы өзінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыратын болады.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет азаматқа зейнетақының жұмысқа орналасқан елдегі жұмыс кезеңіне және зейнетақы жарналарының аударымына сай келетін бір бөлігін төлейтінін ескере отырып, еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердегі жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеуі, яғни еңбек, азаматтық-құқықтық шарттар жасауы, осылайша өзінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруы қажет.

Өз кезегінде Келісім күшіне енгеннен кейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан елдің азаматтарына арналған шарттармен бірдей жүзеге асырылады.

ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер тағайындайтын, Келісім қолданылатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

Қазақстанда Келісімді БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері бойынша құқықтық қатынастарға қолдану көзделіп отыр, атап айтсақ:

· зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлем (Қазақстан заңнамасы бойынша);

· 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша);

· мұрагерлерге біржолғы төлем.

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

Еңбеккер зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша өтінішпен тұрғылықты және(немесе) жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы болады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төмендегі ресми сайтынан танысуға болады: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/migration/social_security/Documents/Соглашение о пенсионном обеспечении.pdf

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру