Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАлматы облысы аумағындағы шектеу шаралары күшейтіледі

Алматы облысы аумағындағы шектеу шаралары күшейтіледі

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов селекторлық жиында Алматы облысында коронавирусты таратуға жол бермеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Сонымен қатар облыс аумағында шектеу шараларын күшейтуге қатысты аудан, қала әкімдеріне, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде вирус жұқтырған 8 азаматтың да жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, қажетті ем шаралары жасалып жатыр. Ал олармен байланыста болғандар анықталып, карантинге алынған.
Өз кезегінде облыс әкімі вирус ошағы анықталған үйлердің подъезін немесе маңайын ғана емес, сол үй тұрған ауланы, көшені, тротуарды түгелдей дезинфекциялау қажеттігін еске салды. Елді мекендерді зарарсыздандыруға қажетті техникаларды тарту, дезинфекциялау шараларын дер кезінде және сапалы жүргізу вируспен күрестің нәтижелі болуына ықпал ететін маңызды шара екенін аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертті.
Амандық Баталов облыста құрылған қайырымдылық қорының жұмысын ширату керектігін айтты. Вирус ошағы анықталған аулаларда, елді мекендерде қанша адам тұрады, олардың ішінде қаншасы нәресте, қаншасы қарт адам, басқа да әлеуметтік санатқа кіретін азаматтар қанша екенін, олардың мұқтаждығы бар-жоқтығын анықтау – бірінші кезектегі мәселе. Анықталған мәліметтер бойынша қордың қаржысына қажетті көмектерді ұйымдастыру ісін қолға алу керек. «Ертең маған қайырымдылық қорының жұмысы жандандырылды ма, қандай іс атқарды, сол туралы есеп бересіңдер. Және ол көз үшін емес, шын мұқтаж адамдарға көмек көрсету үшін атқарылуы тиіс», - деп А. Баталов қадап айтты.
Облыс аумағындағы халықты маскамен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету үшін маска тігуге шағын және орта бизнес нысандарына мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің айтуынша, қазір өңірде күніне 136 мың маска тігілуде. Бірақ Амандық Баталов оның әлі де аздық ететінін, санын арттыру шараларын қабылдауды тапсырды.
Ал ірі кәсіпорындар өз жұмысшыларының кәсіпорын аумағынан ешқайда шықпай жұмыс істеуіне жағдай жасап, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жұмыстарын жалғастыра беретін болады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес дайындалған шектеу талаптарын күшейту туралы қаулының мәтінін облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов оқып берді. Қаулыда аудандар мен қалаларда, сол қатарда Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шектесетін аумақтарда қосымша санитарлық посттар қойылатыны айтылған. Облыс аумағында, соның ішінде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарымен шекарада жүк тасымалдаушы, жеткізу қызметінің қызметкерлері мен көліктері, өңірдің тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті арнайы көліктер, медициналық ұйымдар мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен көліктерінен басқа жеке көліктер мен адамдардың қозғалысы шектеледі. Бұған дейін Алматы қаласына тек медицина мамандарының кіріп-шығуына рұқсат етілсе, енді оларға да рұқсат етілмейді.
Сол сияқты әуежайдың жұмысы, аудандық, қалалық автовокзалдардың, автостанциялардың қалааралық, ауданаралық автобус байланыстары тоқтатылып, ресми такси қызметінен басқа жеке тасымалдаушылардың жүруіне тыйым салынады.
Жәрмеңкелер өткізілмейді, азық-түліктік емес сауда орталықтарының, бизнес-орталықтардың, интернет және компьютерлік клубтардың, ойын мекемелерінің, базарлардың, қоғамдық тамақтану орындарының, діни маңыздағы нысандардың, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы уақытша тоқтайды. Жасы 65-тен асқан азаматтардың көшеде жүруіне шектеу қойылып, оларға қажетті азық-түлік пен медикаменттерді үйлеріне жеткізіп беру қамтамасыз етіледі. Кәмелеттік жасқа толмағандар да ата-анасынсыз өз бетімен сыртта жүре алмайды. Саябақ, сквер, орталық алаң сияқты халық көп жиналатын орындарға баруға болмайды, ол жерлерде полиция посттары орнатылады.
Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 20.00–де дейін, ал екінші деңгейлі банктердің, пошта байланысының, жеке нотариустардың қызметтері сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеулі болады.
Жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда бір отбасының мүшелерінен басқа 3-тен артық адамның жиналуына, отбасылық шаралар өткізіп, қонақ шақыруға, қонаққа баруға болмайтынын да ескертіп отыр. Сол сияқты сыртқа маскасыз шығуға тыйым салынған.
Азық-түлік, медикаменттер, жеке қорғану құралдарын, зарарсыздандыру құралдарын шығаратын объектілерден басқа шағын және орта бизнес нысандары уақытша жұмыс істемейді немесе жұмысын қашықтан істеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сол сияқты ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласындағы жұмыстар барлық санитарлық және дезинфекциялық шараларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.
- Біз облыста вирус жұқтырған адамдар санының артуына байланысты шектеу шараларын күшейтуге мәжбүрміз. Енгізілетін шектеу талаптарын карантин кезіндегіден де қатаң сақтауымыз керек. Карантин енгізілген Алматы қаласымен шекаралас болғандықтан, облыста он есе сақ болуға тиіспіз. Қабылданған қаулының әр тармағының орындалуы қатаң қадағалансын. Посттардың не үшін қойылғанын, қандай шектеу шаралары енгізілгенін жергілікті әкімдіктер халыққа жете түсіндіруі тиіс. Бізде вирустың таралуына жол бермеу шараларына қажетті техника жеткілікті, қаржы бар, мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл жұмыстың нәтижелілігі ең алдымен жергілікті жердегі әкімдердің жинақы, нақты, жедел жұмыс істеуіне байланысты. Сондықтан маған күнделікті әр аудан, қала бойынша нақты мәлімет беріп отырасыңдар, - деді А. Баталов. Сол сияқты шектеулерді күшейту туралы арнайы брифинг өтікізіп, халыққа ұғынықты, толыққанды мәлімет беруді тапсырды.
Осы жиында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар, көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде жүргізу мәселелері де талқыланды.
Атап өтсек, облыстың бас санитарының қаулысына сәйкес 30 наурыздан 31-іне қараған түнгі сағат 00-ден бастап Алматы облысы аумағында шектеу шаралары күшейтіледі.  
 
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

WhatsApp_Image_2020-03-30_at_22.41.30_1.jpeg

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру