Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
 

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Зейнетақы активтерін басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.

Алматы, Қазақстан – 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі – 10 798,31 млрд теңге болды.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткіштер»-«Инвестициялық қызмет» бөлімінде мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.

2019 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,57 пайызды құрады. Ал инфляция деңгейі осы кезеңде 5,4 пайыз болды. Бұл зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендігін көрсетеді.  

2019 жылы есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 699,77 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

        бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 665,06 млрд теңге;

        бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған табыстар (шығындар) (35,35) млрд теңге;

        шетелдік валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) (7,37) млрд теңге;

        сыртқы басқарудан түскен табыстар 12,94 млрд теңге;

        басқа активтерді (ТҚҚ) қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) 19,8 млрд теңге;

        басқа да табыстар 44,69 млрд теңгені құрады.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің басым бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (40,45 пайыз) тиесілі. Өйткені ол тұрақты және табысты қаржы құралы. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны – 4 368,01 млрд теңге. Жыл басынан бергі өсім – 7,64 пайыз. Есепті күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,8 пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болды.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны – 1 235,06 млрд теңгені құрап, портфельдегі үлесі – 11,44 пайызды көрсетті. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің МБҚ өтелуіне қатысты алынған орташа табыстылық шетел валютасында жылына 2,2 пайызды құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі – 14,86 пайыз болды. Осы қаржы құралының ағымдағы құны – 1 604,96 млрд теңге. Жыл басынан бергі өсім – 23,47 пайыз. Есепті күнге қарай ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,4 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсетті.

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің қаржы құралдары былайша көрсетілген: портфельдің 10,96 пайызы осы банктердің облигацияларына тиесілі. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы – 10,0 пайыз, ал АҚШ долларында – 6,4 пайыз. Депозиттердің үлесі – 2,36 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы теңгеде – 9,1 пайыз.

Атап өту керек, 2019 жылы зейнетақы активтерін Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің депозиттеріне орналастыру көлемі 22,74 млрд теңгеге (немесе 8,19%) төмендеді.  

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі валюталық тұрғыда былайша келтірілген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 66,69 пайыз, АҚШ долларында – 30,20 пайыз, басқа валюталарда – 3,11 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру