Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

284-бап. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн бұзу
       1   Сауда   операциялары,   қолма-қол   ақша   арқылы   жұмыстарды   орындау,
қызметтер   көрсету   кезінде   жүргізілетін   ақшалай   есеп   айырысуды   Қазақстан
Республикасының   аумағында   жүзеге   асыру   кезінде   бақылау-кассалық
машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану
орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық
машиналарды қолдану – 
ескерту жасауға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне   елу   айлық   есептiк   көрсеткiш  мөлшерiнде   айыппұл   салуға   әкеп
соғады.
      3. Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-
кассалық   машинаның   чегін   немесе   тауар   чегін   тауарға   немесе   көрсетілетін
қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       4  Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген,  әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      5. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-
қол   ақшаны   есепке   алу   кітабын   немесе   тауар   чектерінің   кітабын   ауыстыру
(қалпына   келтіру)   үшін,   сондай-ақ   мемлекеттік   кіріс   органы   пломбасының
бүтіндігін  бұзбай  жою мүмкін  емес  бақылау-кассалық  машинаның техникалық
ақауы болған кезде салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз,  орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне   елу   айлық   есептiк   көрсеткiш  мөлшерiнде   айыппұл   салуға   әкеп
соғады.
       7  Бақылау-кассалық машинаның бақылау чегінде мынадай деректемелердің
біреуін немесе бірнешеуін:
      1) салық төлеушінің атауын;
       2) сәйкестендіру нөмірін; 
      3) бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірін;
       4)   бақылау-кассалық   машинаның   мемлекеттік   кіріс   органындағы   тіркелу
нөмірін;
      5) чектің реттік нөмірін;
      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен
уақытын;
       7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып
алу сомасын; 
       8) фискальдық белгіні көрсетпеу не аппараттық-бағдарламалық кешендердің
бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын   ұйымдар   қолданатын   аппараттық-бағдарламалық   кешендерді
қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше
деректемелерді көрсетпеу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан
кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
       9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке
алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-
қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген
соманы   жою   немесе   өткізілген   тауарлар,   орындалған   жұмыстар,   көрсетілген
қызметтер   үшін   қолма-қол   ақшаны   қайтару   операцияларын   бақылау-кассалық
машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында жазба
жүргізбеу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       10   Осы   баптың   тоғызыншы   бөлігінде   көзделген,   әкімшілік   жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
       11  Салықтық тексеру барысында анықталған,  кассаның ағымдағы жай-күйі
туралы   есеп   көрсеткіштерінің   қолма-қол   ақшаны   есепке   алу   кітабында
көрсетілген   тауарларды өткізуге,  жұмыстарды орындауға,   қызметтер  көрсетуге
байланысты   емес,   қолма-қол   ақшаны   қабылдау  және   беру   сомалары   ескеріле
отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына
сәйкес келмеуі –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       12   Осы   баптың   он   бірінші   бөлігінде   көзделген,   әкімшілік   жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
      13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін,
бақылау-кассалық  машинаның   тіркеу   карточкасын  жою   немесе   қайтару   чегін,
сондай-ақ  жою немесе   қайтару  операциясы  сол  бойынша  жүргізілген  бақылау
чегін   сақтаудың  Қазақстан  Республикасының   салық   заңнамасында  белгіленген
мерзімдерін бұзу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       14   Осы   баптың   он   үшінші   бөлігінде   көзделген,   әкімшілік   жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
       15   Қате   енгізілген   соманы  жою   немесе   өткізілген   тауарлар,   орындалған
жұмыстар,   көрсетілген   қызметтер   үшін   қолма-қол   ақшаны   қайтару
операцияларын,   өткізілген   тауарларға,   орындалған   жұмыстарға,   көрсетілген
қызметтерге   бақылау   чегінің   түпнұсқасынсыз   бақылау-кассалық   машинада
жүргізу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       16   Осы   баптың   он   бесінші   бөлігінде   көзделген,   әкімшілік   жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз,  орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне   елу   айлық   есептiк   көрсеткiш  мөлшерiнде   айыппұл   салуға   әкеп
соғады.
       17  Мемлекеттік  кіріс  органы пломбасының бүтіндігін  бұзбай  жою мүмкін
емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба
орнату   үшін   бақылау-кассалық   машинаны   мемлекеттік   кіріс   органына   ұсыну
мерзімін бұзу –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       18   Осы   баптың   он   жетінші   бөлігінде   көзделген,   әкімшілік   жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       жекеше   нотариустарға,   жеке   сот   орындаушыларына,   шағын   кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз,  орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне   елу   айлық   есептiк   көрсеткiш  мөлшерiнде   айыппұл   салуға   әкеп
соғады.
      19. Фискальдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру
функциясы бар бақылау-касса  машиналарынан тауарларды өткізу,  жұмыстарды
орындау,   қызметтерді   көрсету   кезінде   жүзеге   асырылатын   ақшалай   есеп
айырысулар   туралы   мәліметтерді   қабылдау,   сақтау,   сондай-ақ   оларды
мемлекеттік кіріс органдарына беру тәртібін бұзуы –
      ескерту жасауға алып келеді.
       20   Осы   баптың   он   тоғызыншы   бөлiгiнде   көзделген,   әкiмшiлiк   жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
       фискальдық   деректер   операторына   бір   жүз   елу   айлық   есептiк   көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
құқықтық және ұйымдастыру жумысы
бөлімінің басшысы Тураров А.А.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру