Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСотталғандарға жаңа мүмкіндік

Сотталғандарға жаңа мүмкіндік

1
 
Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлт жоспары «Бес институционалдық реформасының» 33-қадамында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру жөнінде айтылған. Ел дамуына бастайтын құжаттағы тапсырмаларды орындау мақсатында аудан әкімдігінде пробация қызметінде тұрған азаматтардың қатысуымен семинар өтті. Аудандық прокуратураның бастамасымен, жұмыспен қамту орталығы мен полиция басқармасына қарасты пробация қызметінің өкілдері шақырылып, семинарды «Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем» қоғамдық қоры төрағасы Светлана Садуакасова жүргізді. Алдымен пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша, істі болғандарды бүгінде қаражат пен жалақысы жоғары тұрақты жұмыс табу мәселесі толғандырады. Семинар қатысушыларының жартысына жуығы жұмыс істейді. Ал басқалары жұмысқа тұрған күннің өзінде жалақы бермей алдап кететін көрінеді. – Бізге көп жерде есік жабық. Істі болғанымызды біліп, жұмысқа алғысы келмейді. Тіпті, Алматы қаласында қарапайым аула сыпырушы қызметіне орналасу үшін сотталмағандығымызды дәлелдейтін анықтама сұраған кездері болған – деп ашынады шартты түрде жазасын өтеушілер. Ал қоғамдық қор басшысы мұндай жағдайда азаматтар өздерінің құқықтарын қорғау керектігін алға тартты. Айтуынша, оларға жұмыс істетіп, жалақысын төлемей қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында бүгінде жұмыспен қамту орталығы соталған азаматтармен жұмыс істеуде. Оларды белгілі бір мамандыққа оқытып, тіпті, бизнес ашу үшін қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несие қарастырылған. Осыны айтқан жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Алена Санькова қатысушылардың қызығушылығын оятқан қызметке толығырақ тоқталды. – Егер пробация қызметінің тізімінде тіркеуде тұрған адамдар бізге келіп өтініш жазса, оларды 3 айға оқуға жібереміз. Оның жол шығыны мемлекет тарапынан төленеді және стипендия беріледі. Оқуын бітіріп кәсіп ашқысы келгендерге мемлекет тарапынан 505 мың теңге көлемінде қайтармсыз грант қарастырылған. Кейіннен, кәсіп көлемін ұлғайтуды көздеген азаматтарға 6 пайызбен 7 жылға 6 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі. Алайда, мемлекет ұысынып отырған осындай мүмкіншіліктерден көбісі бас тартып жатыр – дейді Алена Санькова. Бөлім басшысының бұл сөзін пробация қызметінің өкілдері де растап отыр. Семинар барысында қатысушыларға психологиялық кеңестер беріліп, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, шартты түрде сотталғандарды жұмысқа алуға ниет білдірген мекемелердегі бос жұмыс орындарының тізімі ұсынылды. С.НҰРАДИН. 1
 
1
 
1
 
1
 
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру