Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСтратегия 2050 / Шаралар жоспарын орындау нәтижелері «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы 2014

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы 2014

А Қ П А Р А Т

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыруда 2014 жылғы Еңбекшіқазақ ауданынында нақтылы    бірқатар іс-шаралар мен жұмыстар  атқарылды.

Аудан әкімінің Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясын жүзеге асыру негізінде аудандық ақпарат-насихат топтарын құру туралы өкімі 2014 жылдың 21 қаңтары күні шықты, Жолдауды түсіндіру және  насихаттау жөнінде ақпараттық-насихат топтары құрылды. Ақпараттық-насихат тобының жергілікті жерлерде Жолдауды түсіндіру үшін шығу  кестесі бекітілді.

1.1 «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне тиісті деңгейде қатысуы үшін тиісті шараларды қабылдау туралы: облыстық кәсіпкерлік басқарма басшысының орынбасары Н.Сыдықовтың хатына сәйкес ауданда орналасқан  азық-түлік өндіруші кәсіпорындарға хат жолданған. Қызығушылық танытқан кәсіпорындар болған жағдайда қандай азық-түлік өнімдерін қанша көлемде жеткізе алатынын нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде.

1.2  Биылғы жылға «Казгидротехэнерго» ЖШС-мен Шелек өзенінің бойында салынатын қуаттылығы 34,8 МВт – болатын ГЭС -2- құрылысы жоспарланды. Тартылатын инвестиция көлемі 11372,6 млн. Оның ішінде жеке қаражат есебінен 3411,8 млн.теңге, заемдық қаржылар есебінен 7960,8 млн.теңге жұмсалмақшы. Құрылысқа қажетті 50 гектар жер телімі бөлініп, техникалық – экономикалық негіздеме дайындалып, бекітілді. Жобалық – сметалық құжаттама дайындауға «Казгидро» ЖШС-імен 350 млн.теңгеге келісім – шарт жасалды.

Бұл компания қуаттылығы 3,9 МВт болатын үшінші су электр станциясының құрлысы 2016 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Бұған тартылған инвестиция көлемі 350 млн. теңге болмақшы. Нәтижесінде Есік өзенінің бойында 12,9 МВт электр қуаты өндірілетін болады.

Сондай-ақ «Теплоэнергомаш» ЖШС-і (жетекшісі Е.Х.Адилов) Үлкен Алматы Каналы арнасының бойында (БАК) ГЭС-1, 2 шағын су электр станцияларының құрылысын жоспарлауда. Қазіргі таңда серіктестікке 4,8 га жер телімі бөлініп, техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, келісілді. Инвестиция көлемі 2028,6 млн теңге, станцияның жалпы қуаттылығы 12 МВт құрайды. Жобалық-сметалық құжаттама дайындауға «Казгидро» ЖШС-імен 90 млн.теңге келісім-шарт жасалды.

1.3  Аудан әкімдігі тарапынан ауданда су және жел электр станцияларының құрылысын жүргізуге мүдделі инвесторларға жер телімдерін бөлу және жобаларды келісу бойынша кедергілер жоқ. Аудандық деңгейдегі қажетті құжаттар мерзімінде дайындалып, инвесторларға ұсынылуда.

2.1.  «Энергия Әлемі» ЖШС-і (жетекшісі К.Дүкенбаев) Есік өзені бойындағы қуаттылығы 5,1 МВт болатын алғашқы шағын су электр станциясын 2008 жылы іске қосты. Қзіргі күні станция қалыпты жағдайда жұмыс істеп, көзделген мөлшерде электр қуатын өндіруде.

Осы кәсіпорын Есік өзенінің бойында қуаттылығы 3,9 МВт болатын ИГЭС-3 екінші шағын су электр станциясының құрылысын жүргізіп, 2014 жылдың 1 жарты жылдығында іске қосты. Станцияның жобалық құны – 306,0 млн.теңге.

2.2  «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы аясында:

Көшедегі, ғимараттардағы жарықшамдарды электро-диодтық шамдармен ауыстыру және көшелерді күн сәулесі батареяларымен жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда;

бюджеттік нысандарды отынның арзан түрлеріне ауыстыру шаралары бойынша тапсырмалар берілді (оралық жылу жүйесі, газ көмір).

         3.Шелек ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлер үшін инженерлік инфрақұрылымдарын жайластыру үшін - 744,201 млн.теңге қаражат бөлінген,  құрылыс-монтаж  жұмыстарын жүргізуші мекеме - «ДСУ-13» АҚ, игерілген  қаражат -117,664 млн. теңге.

          Ават ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлер үшін инженерлік инфрақұрылымдарын жайластыру құрылыс-монтаж жұмыстарын «Эва Люкс» ЖШС жүргізеді.  Сметалық құны - 185,318млн  теңгені құрайды, игерілген қаражат – 74,03  млн. теңге.

           Апта сайын құрылыс жұмыстары жүріп жатқан  құрылыс нысандарын технкалық қадағалау  және авторлық қадағалау  эксперттермен біріктірілген комиссия болып, құрылыс жұмыстарының нормаларға сай жүруіне және құрылыс материалдарының технологиялық сапасының сақталуын, сейсмикалық  сәйкестігі  қадағаланады.

4.   Батыс Европа – Батыс Қытай автокөлік магистралінің 156,7 шақырымы аудан  аумағынан өтеді.  «Догуш Иншаат Гюльсан» БК-ы (СП) АҚ-ы (0-111,7 км) 112 шақырымын, «Тодини констрашн» 79-126 (126-268 км) 59 шақырымды жасауда.

Инфрақұрылымды дамытудың және ықпалдастыру мақсатында аудандағы 2 автостанция стандарттарға сәйкестендіру үшін арнайы бөлмелер және қосымша құрал - жабдықтармен жарақтандырылды.

Қаракемер ауылында жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің құрылысын жүргізуге 0,33 га, Маловодное ауылында (0,528 га),  Шелек ауылында (0,623 га ) (такси тұрақтарының құрылысын жүргізуге) жер телімдері белгіленді.

Республикалық, облыстық және аудандық маңызы жергілікті жолдардың сапасын жақсарту мақсатында:

«Қазавтожол ҰҚ» АҚ-ң Алматы облыстық филиалына - Есік қаласының орталығымен өтетін Алматы-Талғар-Есік-Евгеньевка автожолының 5,5 шақырымын күрделі және ағымды жөндеу бойынша;

Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына:

- Шарын шатқалына апаратын 16,8 шақырым кірме тас жолды күрделі жөндеу;

- Бөлек - Әймен, Райавтодорға кірме жолды орташа жөндеу;

- Малыбай округіндегі Көктерек бөлімшесіне апаратын 3 шақырым жолды күрделі жөндеу бойынша ұсыныстар берілді.

Жол салынатын аумақты мемлекет қорына сатып алу, оларды уақытында иеліктен шығару жұмыстары  2012 жылдан бастап жүргізілуде. Жол өтетін 502 учаске анықталып, олардың көлемі 1237 гектарды құрады. Өтемақыға байланысты 1 жер учаскесінің иесімен сот процесі жүріп жатыр.

5.  Аудан бойынша қосымша  458 га жер игеріліп, 84 553 га жеткізілді.

Жерге инвестиция тарту және өндіріске заманауи технологияларды енгізу бағытында қаржы институттарымен байланыс орнатылуда.

Машина – трактор паркін жаңарту 2014 жылы 305,597 –ды құрап, 167,597 теңгеге артты.

Тамшылатып суғару өткен 2013 жылы 1666 га жерге қолданылса, 2014 жылы 3228 га-да жүргізілуде.

Минералды тыңайтқыштарды және пестицидтерді қолдану көлемі, 150 млн-ды құрап, 121 млн-ға артты.

Балтабай  өңірінде 5000 га гидротехникалық құрылымдарды мен суару жүйелерін қалпына келтіруге 1 млрд. теңге, Қорам, Авангард массивтеріндегі 10000 га-ға – 10 млрд.теңгеге жобалық құжаттары дайындалды.

Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту аясында «Адал» АӨК АҚ-да 400 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы жобалық қуатта жұмыс істеп тұр. Жаңашар селолық округіндегі «СВХ» шаруа қожалығында 400 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы салынған.

Ауданда (Адал» ААҚ, «Фудмастер» ЖШС, «Ауқат» ЖШС, «Ляззат» АӨҚ, Danon Berkut сүт қабылдау пунктері жұмыс істеуді.

6.1 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту мақсатында2013 жылыаудандағы 27 балабақшаларда (мұның ішінде 4-і мемлекеттік тапсырыс бойынша,1-і жекеменшік) 3477 балалар, 53 топтағы шағын орталығында 1350 бала тәрбиеленсе, аудан мектептерінің мектепалды даярлық сыныбында 4171 балалар тәрбиеленіп білім алуда. Яғни, барлық 8998 балалар мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған. Бұл барлық 3-6 жас аралығындағы 17280 баланың 52 пайызын құрайды.

Ауданның 69 орта мектептеріндегі мектепалды даярлық сыныптарында барлық  5-6 жастағы балалар  100 % міндетті мектепалды даярлықпен қамтылған.

Мектепке дейінгі мекелермен қамту көрсеткіштері

           2014 жыл-58 %                                 2017жыл -  77,6 %           

           2015 жыл-64,2%                              2018 жыл - 80,2 %

           2016 жыл-70,2%                              2019 жыл - 89,9%

                                                                       2020 жыл - 92,3%

         6.2.  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту бағытында- қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету  барысында 2012-2013 оқу жылында Кембридж  бағдарламасын  Орымбетов атындағы орта мектептің іс-тәжірибесінде қолданып 1 –сынып оқушылары оқытылды. 2013-2014 оқу жылынан бастап 1 –сынып оқушылары  ағылшын тілін оқуда. 2010 жылдан бері Таиров, Тоқатаев, Бижанов ат. орта мектептерінде қазақ тілі пәні факультативтің есебінен тереңдетіп оқытылуда.       

         6.3.  Облыс мектептерінде Назарбаев зияткерлік мектебінің  жұмыс тәжірибесін тарату мақсатында  педагог мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Яғни Н. Назарбаев зияткерлік университеті Дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік  І  ілгері бағдарлама курсынан  өткен мұғалімдермен жүргізілетін   іс-шара жоспары жасалынды,  тренинг, коучинг,семинарлар  өткізілуде, 234 мұғалім деңгейлік  курстан өтті оның 22 бірінші,5 –і екінші, 207 үшінші деңгейден өтті, 68 бүгінгі таңда оқып жатыр.

6.4. Үш  ауысымда оқитын мектептерді жою мақсатында:

 1) Есік қаласы маңындағы саяжайлардан Есік қаласының мектептеріне тасымалданып оқытылатын оқушыларға 600 орындық мектеп салу 2015 жылға жоспарланды.

2) Әл-фараби атындағы орта мектебіндегі оқушылар саны -1474. Бәйтерек ауылының маңындағы саяжайлардан 595 оқушы тасымалданып оқытылады. 

3)  Азат орталау мектебіндегі оқушылар саны -378. Оқушылар саны жылдан-жылға өсіп келеді.  Мектеп 1923 жылы 140 оқушыға арналып салынған, 6 корпустан тұрады.

 7.  «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші кезеңінің (2014-2015 жылдар) келесі міндеттері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның 1ші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдістемелерін енгізу. Өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер факторларын төмендету жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиімді өзара ісқимылын іске асыру. Жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттің жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейту. БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру. Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтің сапасына бағдарланған жүйесін енгізу. Дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс атқарылуда.

- Еңбекшіқазақ ауданында «Кезексіз емхана» принципі бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның ішінде амбулаториялы – емханалық көмек көрсететін ұйымдардың тіркеу бөлімінің стандарты бойынша жұмыс атқарылуда, дәрігерге алдын – ала жазылу жүйесі бойынша, дәрігерді үйге шақырту, телефон бойыншажәне алғашқыдәрігерлік көмек көрсету ұйымының  веб-сайты арқылы жүргізіледі, мәлімет беру кабинеті жұмыс атқарады. Емдік консультация диагностикалық  көмек көрсетуде науқастар ағымын қлыптастыру, емханалардың жұмыс уақытын халыққа уақтылы мәліметберу жүргізілуде.

-  Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мекемелерін білікті мамандармен толықтыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жұмыстар жүргізілуде:2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 54-дәрігер, 108-орта буынды медициналық қызметкерлер кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында оқуға жіберілген.

 

8.1 Жұмысқа жарамды деп анықталған 1840 мүгедектің ішіндегі 802-сі мекемелер мен кәсіпорындарда, 44-і жеке кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалықтарында жұмыс істейді, 220-ы өзін – өзі жұмыспен қамтыған.

8.2  Жыл соңына дейін «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту картасы» бағдарламасы  бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру барысында барлығы 104 жұмыссыз мүгедектер аймақты дамыту бағдарламасы бойынша тартылатын болады, оның ішінде 35 мүгедекті жұмысқа орналастыру, 40 адамды қоғамдық жұмыстарға тарту, 12 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жоғары, арнаулы орта оқу орындарын аяқтаған 2 адамды Жастар практикасына жолдау, 15 адамды кәсіби оқытуға жолдама беру әрі қарай жұмыспен қамту  жоспарлануда.

         9.   19 мәдениет үйі мен 2 саңырауларға арналған клуб жұмыс істеуде. Маловодное ауылындағы мәдениет үйі жеке-меншіктен 1,5 млн теңгеге сатып алынып бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуде. Қаракемер ауылдық мәдениет үйі жеке меншіктен мемлекеттің меншігіне өтіп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жұмыс істеуде.       

10.   Мемлекеттік тіл қызметтің барлық салаларына алғашқы орында. 2014 жылдың 1 тоқсандағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының пайыздық көрсеткіші 100 пайызды құрады.  Аралас және ұлтық тілдегі білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базалары нығайтылу үстінде. Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепке КазТест бағдарламасы орнатылды.  

11.  Жолдауды аудан аумағында кеңінен насихаттау мақсатында  аудандық ақпараттық насихат тобының 27 қаңтар – 12 ақпан күндері аралығында халықпен кездесулері өткізілді. 

Құрамында ақпараттық-насихат тобы мүшелігіне әкім орынбасарлары, аудандық басқармалар мен бөлім, кәсіпорындар басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары және білікті мамандардан құрылған 350 мүшесі бар 27 ақпараттық-насихат тобы барлық 79 елді мекендерде насихат жұмыстарын жүргізіп, барлығы 86 кездесу өткізіп,  1-кезең бойынша насихаттау жұмыстарымен ауданның 7000-нан (жеті мың) астам адам қамтылды.

Екінші кезеңі бойынша ақпараттық – насихат  топтарының кестесі әзірленіп, 2014 жылдың 24 ақпан мен 06 наурыз аралығында 26 кездесу кездесу ұйымдастырылды. Есік қаласы мен селолық округтерінде барлығы жүргізіліп, барлығы 2000-нан астам адам қамтылды.

Наурыз айында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жастар ресурстық орталығы «Қазақстан – мәңгілік ел» атты патриоттық әндер байқауын өткізді. Іс –шараға ауданымыздан Есік қаласы мен 25 селолық округтің жастары қатысып, өз бақтарын сынады. Белсенді жастар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар үлестіріліп, ақпараттық қолдау мақсатында аудандық бұқаралық құралдары шақырылып, 400-ден астам адам қатысты.

09 сәуірде  аудандық ішкі саясат, білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан – Мәңгілік ел», «Тілім тірлігімнің айғағы» және «Табиғат тал бесігіміз» атты акция  ұйымдастырылды, акция Бәйтерек, Шелек және Есік қалаларында өткізілді. Кең ауқымды акцияға 1100-ден астам жастар атсалысып, 500 көшет отырғызылды.

         22 мамыр 2014 жылы Есік қаласындағы Жетісу заң колледжінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпарат – насихат тобының кездесуі өткізілді.

Есік қаласында 5 аспа орнатылған, аталған құрылғылардың барлығында және барлық селолық округтердің атаулары жазылған тақтайшалар мен ескертулер мен өзге де құрылғылар қалыпқа келтірілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ( аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде, аудан әкімдігінің сайтында) жергілікті атқару органдары, аудандық құрылымдар, мекеме және ұйымдардың Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттерге байланысты орындалған шаралар үнемі хабарланып тұрады.

Аудан әкімінің

бірінші орынбасары                                                 Н.Құдайбергенов

           

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру