Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСтратегия 2050 / Шаралар жоспарын орындау нәтижелері«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы 2014 жы

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдардың міндеттері туралы 2014 жы

А Қ П А Р А Т

«Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыруда 2014 жылдың  1- тоқсанында Еңбекшіқазақ ауданынында нақтылы    бірқатар іс-шаралар мен жұмыстар  атқарылды.

Аудан әкімінің Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы   Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстан жолы-2050» Стратегиясын жүзеге асыру негізінде аудандық ақпарат-насихат топтарын құру туралы өкімі 2014 жылдың 21 қаңтары күні шықты, Жолдауды түсіндіру және  насихаттау жөнінде ақпараттық-насихат топтары құрылды. Ақпараттық-насихат тобының жергілікті жерлерде Жолдауды түсіндіру үшін шығу  кестесі бекітілді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын тұрғындар тұрғындар кеңінен түсіндіру және  насихаттау мақсатында  аудандық ақпараттық насихат тобының 27 қаңтар – 12 ақпан күндері аралығында халықпен кездесулері  өткізілді. 

Аудандық ақпараттық-насихат тобы мүшелігіне әкім орынбасарлары, аудандық басқармалар мен бөлім, кәсіпорындар басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, «Нұр Отан» ХДП партиясының белсенді мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары және білікті мамандардан құрылған 350 мүшесі бар 27 ақпараттық-насихат тобы барлық 79 елді мекендерде насихат жұмыстарын жүргізіп, барлығы 86 кездесу өткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан аудандағы атқарылған және алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды істер туралы мәліметтерді және әдістемелік құралдар таратылып берілді.

Ақпараттық-насихат топтары тарапынан Жолдаудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша және аудандағы атқарылып жатқан           іс-шаралар туралы барлығы 86 баяндама жасап, 1-кезеңі бойынша ақпарат жұмыстарымен ауданның 7000-нан (жеті мың)астам тұрғынықамтылды.

            2014 жылғы 20 қаңтардағы облыстық актив жиынының хаттамасын орындау барысында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар легі:

1.- «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне тиісті деңгейде қатысуы үшін тиісті шараларды қабылдау туралы облыстық кәсіпкерлік басқарма басшысының орынбасары Н.Сыдықовтың хатына сәйкес, Астана қаласындағы халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмеге азық-түлік пен толық қамтамасыз ету мақсатында ауданда орналасқан  азық-түлік өндіруші кәсіпорындарға хат жолданып, ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда.Қызығушылық танытқан кәсіпорындар болған жағдайда қандай азық-түлік өнімдерін жеткізе алатынын және қанша көлемде туралы нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта атқарылған жұмыстар туралы қосымша хабарланып отырады.

- Су электр станцияларының құрылысы бойынша «Энергия Әлемі» ЖШС (жетекшісі К.Д.Дүкенов) Есік өзенінің бойындағы қуаттылығы 5,1 МВт болатын алғашқы шағын су электр станциясын 2008 жылы іске қосты. Қазіргі күні станция қалыпты жағдайда жұмыс істеп, көзделген мөлшерде электр қуатын өндіруде.

Сонымен бірге, осы кәсіпорын Есік өзенінің бойында қуаттылығы 3,9 МВт болатын  ИГЭС-3 екінші шағын су электр станциясының құрылысы іске қосылды. Станцияның жобалық құны -306,0 млн.тенге.

Қуаттылығы 3,9 МВт болатын үшінші су электр станциясының құрлысы 2016 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Бұған тартылған инвестиция көлемі 350 млн. теңге болмақшы. Нәтижесінде Есік өзенінің бойында 12,9 МВт электр қуаты өндірілетін болады.

Сондай-ақ «Теплоэнергомаш» ЖШС-і ( жетекшісі Е.Х.Адилов) Үлкен Алматы Каналы арнасының бойында (БАК) ГЭС-1, 2 шағын су электр станцияларының құрылысын жоспарлауда. Қазіргі таңда серіктестікке 4,8 га жер телімі бөлініп, техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, келісілді. Инвестиция көлемі 2028,6 млн теңге, станцияның жалпы қуаттылығы 12 МВт құрайды. Жобалық-сметалық құжаттама дайындауға «Казгидро» ЖШС-імен 90 млн.теңге келісім-шарт жасалды.

Биылғы жылға «Казгидротехэнерго» ЖШС-мен (жетекшісі Богуславский Е.Л) Шелек өзенінің бойында салынатын қуаттылығы 34,8 МВт-болатын ГЭС-29 құрылысы жоспарланды. Тартылатын инвестиция көлемі 11372,6 млн. оның ішінде жеке қаражат есебінен 3411,8 млн. тенге, заемдық қаржылар есебінен 7960,8 млн.теңге жұмсалмақшы. Құрылысқа қажетті 50 гектар жер телімі бөлініп, техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, бекітілді. Жобалық-сметалық құжаттама дайындауға «Казгидро»  ЖШС-імен 350 млн.теңгеге  келісім- шарт жасалды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы 300 МВт дейін кеңею болашағымен 60 МВт қуатымен Шелек дәлізіндегі жел электр станциясының құрылысын жоспарлауда. Аталған жоба Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп қайтарымды қуат көздерін пайдалану бойынша 2010-2014 жылдардағы ҚР индустриалды-инновациялық форсирлік даму мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.  «Самұрық-Энерго» АҚ «Крым-Ирей» ҚШС жобалық ұйымымен бірлесіп «300 МВт дейін кеңею болашағымен 60 МВт қуатымен Шелек дәлізіндегі жел электр станциясы құрылысының» технико-экономикалық көрсеткіштерін өңдеп жатыр.

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жел энергетикалық әлеуетті таратудың қорытындысы бойынша, Алматы облысының Шелек дәлізін жел электрлік станциясын құруға болашағы бар аймақтардың бірі ретінде анықтаған. Аталған аумақтық энерго көзі Алматы облысындағы энергия тапшылығын азайтуға арналған.

- Аудан әкімдігі тарапынан ауданда су және жел электр станцияларының құрлысын жүргізуге  мүделлі  инвесторларға жер телімдерін бөлу және жобаларды келісу бойынша кедергілер жоқ. Аудан деңгейдегі қажетті құжаттар мерзімінде дайындалып, инвесторларға ұсынылуда.

2. - Ағымдағы жылы ауданның он бір елді-мекенінің (Қойшыбек, Саймасай, Түрген, Қырбалтабай, Баяндай, Ақши, Аймен, Қайназар, Азат, Бөлек, Төле би) коммуналдық электр желілерінің құрылысын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 11 820 000 (он бір миллион сегіз жүз жиырма мың) теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.

  Бұған қоса ағымдағы жылда, Рахат, Ташкенсаз, Ақтоғай аулдарының коммуналдық электр тасымалдау желілерінің құрылысы және қайта жаңғыртуына тендер өткізіліп, «Казатком» ЖШС жеңіп алды. Келісім-шарт жасалуда. Бөлінген қаржы (облыстық бюджеттен) 52 546 мың теңге.

-           «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасы аясында:

көшедегі, ғимараттардағы жарықшамдарды электро-диодтық шамдармен ауыстыру және көшелерді күн сәулесі батареяларымен жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда;

бюджеттік нысандарды отынның арзан түрлеріне ауыстыру шаралары бойынша тапсырмалар берілді (оралық жылу жүйесі, газ көмір).

         3.-нысандарды жобалауда отандық құрылыс материалдарын пайдалану үлесін ұлғайту туралы  Еңбекшіқазақ ауданындаәрбір жобаланатын құрылыс нысанына жобалаушы мекемелерге арнайы отандық  материалдардың прайс- листерін қосуды ұсынылады.

         -Тұрғын үй құрылысына бөлінген учакелерді уақытында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ауданымыздағы жекеше тұрғын үйлер үшін бөлінетін учаскелерге алдын-ала инженерлік инфрақұрылымдарын жайластыру жұмыстары  жүргізу  жоспарланған, 2014 жылы Ават ауылындағы 10 га жер учаскесіне және Шелек ауылындағы 48 га жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылымдарын жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

            -Пайдалануға берілген нысандырда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кіріп-шығу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша ауданымыздағы кейінгі жылдары пайдалануға тапсырылған нысандарда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың кіріп-шығу мүмкіндіктері барлық жобада қарастырылған, алдаға уақытта да қарастырылады, 2013 жылы Ташкенсаз селолық округінде 300 оқушыға арналған мектеп құрылысы, Есік қаласындағы 30 және 20 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлер.

         -облыстың аудандары мен елді мекендерін бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлармен қамтамасыз ету аудан мен елді мекендердегі бас жоспар егжей-тегжейлі жоспарлармен қаматамасыз ету жұмыстары аудандық маслихат арқылы жүріп отырады.

         -жоспарланудағы нысандарға жер учаскелерін уақытында бөліп отыру туралы жоспарланған  нысандарға  жер учаскесі уақтылы бөлініп отырады. Есік қаласындағы «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер құрылысының астына бірнеше жер учаскесі қарастырылған.

4. - Елді мекендерді үздіксіз және сапалы көлік қатынасымен қамтамасыз еу туралы тұрғындарды сапалы көлік қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық Батыс Европа – Батыс Қытай автокөлік магистралінің 156,7 шақырымы Еңбекшіқазақ ауданының аумағынан өтеді, оның ішінде «Догуш Иншаат Гюльсан» БК-ы (СП) АҚ-ы (0-111,7 км) 112 шақырымының құрылысын жүргізбек, ал «Тодини констрашн» 79-126 (126-268 км) 59 шақырымының құрылысын жүзеге атқармақ. Ауданның Балтабай, Бөлек, Шелек ауылдарында өздерінің кеңсе, базаларын орналастырып, қажетті техникаларын жеткізіп, жергілікті тұрғындардан жұмысшыларды қабылдауда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.

Сондай-ақ 2011 жылы құрылысы аяқталған Жетіген – Қорғас темір жолының 139,8 шақырымы аудан аумағынан өтуде, «Шелек» темір жол станциясы жұмыс істеуде.

-Инфрақұрылымдық нысандарда (атовокзалдарда, автостанцияларда жол бойындағы қызмет көрсету нысандарында) жаңа технологиялардың және құрал-жабдықтардың қолданылуын зерделеу бойынша Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдараламасын жүзеге асыру мақсатында аудандағы 2 автостанция (Есік қаласы мен Шелек ауылындағы) стандарттарға сәйкестендіру үшін қазіргі күнде қажетті арнайы бөлмелер және қосымша құрал жабдықтармен жарақтандырылды.

            2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданда жүк тасымалы 21977,9 мың тоннаны құрап (100,5%), жүк айналымы 932 671,3 мың т.шақырымды құрап 2012 жылға қарағанда 109,9 пайызды құрады. Осы уақытта 95138,3 мың жолаушы тасымалданып көрсеткіші 104,6 пайызды, ал жолаушылар тасымалдау айналымы 1848122,6 мың ж. шақырымды құрады (104,2%)      

Сонымен қатар Қаракемер ауылында жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің құрылысын жүргізуге 0,33 га жер телімі, Маловодное ауылында (0,528 га),  Шелек ауылында (0,623 га ) қазіргі заманғы такси тұрақтарының құрылысын жүргізуге жер телімдері белгіленді.

-Облыстың автожолдарының жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс енгізу бойынша ағымдағы жылдың титулдық тізіміне енгізілмей қалған республикалық, облыстық және аудандық маңызы жергілікті жолдардың сапасын жақсарту мақсатында төмендегі жолдар бойынша жоғарғы органдарға ұсыныстар енгізілді:

«Қазавтожол ҰҚ» АҚ-ң Алматы облыстық филиалына Есік қаласының орталығымен өтетін Алматы-Талғар-Есік-Евгеньевка автожолының 5,5 шақырымын күрделі, ағымды жөндеу бойынша;

Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына:

-Туризмді дамыту мақсатында Шарын шатқалына апаратын 16,8 шақырым кірме тас жолды күрделі жөндеу;

-Есік қаласының орталығын қамтитын Бөлек-Аймен, Райавтодорға кірме жолды орташа жөндеу;

-Аудан әкімінің есебінде көтерілген Малыбай округіндегі Көктерек бөлімшесіне апаратын 3 шақырым жолды күрделі жөндеу бойынша ұсыныстар берілді.

Қазіргі уақытта қосымша жөндеуді қажет ететін автожолдардың тізімі жасалуда.

-автомобиль жолдарын салу үшін жер учаскелерін уақытында иеліктен шығаруды және бөліп беруді қамтамасыз ету бойынша аудан аумағында халықаралық Батыс Европа – Батыс Қытай автокөлік магистралінің құрылысы жүруіне байланысты  жол салынатын аумақты мемлекет қорына сатып алу, оларды уақытында иеліктен шығару жұмыстары

2012 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Жол өтетін 508 учаске анықталып, олардың көлемі 1071,83 гектарды құрады. Қазіргі уақытта өтемақы сомасына байланысты 3 жер учаскесінің иелерімен сот процесстері жүріп жатыр.

5. Аудан бойынша ауыл шарушылығы жер көлемі 2013 жылы 84095 га  кұрап, ал    2014 жылы тасталған жер телімдерін  игеру арқылы 84553 га жеткізілді.

- Жер учаскелеріне қатысты келісім - шарттар талаптарының орындауы қатаң бақылауға алынып, орындалмаған жағдайда  иелектерінен шығарылып  шаралар қабылдануда.

- Жер учаскелерін беру барысына инвестиция тарту және өндіріске заманауи технологияларды енгізу жүргізілуде.

- Машина –трактор паркін жаңарту бойынша 2013 жылы 138 млн.тенге жұмсалса, 2014 жылы  ол 152 млн-ды құрап отыр, яғни 14 млн.тенгеге өскен.

- Тамшылатыпсуғару әдістерін үздіксіз қолдану өткен 2013 жылы 1666 га жерге қолданылып келген болса, 2014 жылы бұл әдісті қолдану көлемі барлығы 3228 га жүргізіледі.

- Топырақ кұнарлылығын жақсарту үшін минералды тынайтқыштарды және пестицидтерді қолдану көлемі  2013 жылы 26 млн. болса, 2014 жылы 56 млн-ды құрап отыр, яғни 30 млн-ға артты.

- Гидротехникалык құрылымдарды және суару жүйелерін қалпына келтіру Балтабай  аумағында  5000 га,- 1млрд. теңге, Қорам, Авангард массивтеріне 10000 га,- 10 млрд. тенгеге  жобалардың құжаттары дайындалуда.

- Ірі қара мал етінің экспортық әлеуетін дамыту аясында ауданымызда мал бордақылау алаңдары жобалық қуатта жұмыс істеп тұр. «Адал» АӨК АҚ-да  400 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы бар, жобалық куатта жұмыс  істеп тұр. Жаңашар селолық округінде  орналсқан. «СВХ»шаруа қожалығында  400 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы салынған,керекті құжаттар дайындалуда.

- Сүт өндіру өнереркәсіптік  шаралары қабылданып,сүт қабылдау пунктерінің жұмысы  ауданда жоғары денгейде жүріп жатыр. Аудандағы «Адал»ААҚ, «Фудмастер»ЖШС,«Ауқат»ЖШС, «Ляззат»АӨҚ, Danone Berkut –да сүт қабылдау пунктері  жұмыс істеп тұр.

6. - 2013 жылы аудандағы 27 балабақшада (мұның ішінде 4-і мемлекеттік тапсырыс бойынша,1-і жекеменшік) 3477 бала, 53 топтағы шағын орталығында 1350 бала тәрбиеленсе, аудан мектептерінің мектепалды даярлық сыныбында 4171 бала тәрбиеленіп білім алуда. Яғни, барлық 8998 балалар мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған. Бұл барлық 3-6 жас аралығындағы 17280 баланың 52 пайызын құрайды.

         Ауданның 69 орта мектептеріндегі мектепалды даярлық сыныптарында барлық  5-6 жастағы балалар  100 % міндетті мектепалды даярлықпен қамтылған.

        Аудан бойынша әлі де мектепке дейінгі мекемелер санының жеткіліксіз екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Бүгінде аудан орталығында және ауылдық жерлерде жекеменшік балалар бақшасы көптен ашылып келеді. Мұндай балабақшаларға қамтылған балалар саны-550. (Есік қаласында, Ават, Жанашар ауылында) Аудан әкімдігі тарапынан мұндай балабақшалардың жұмысына әрдайым қолдау көрсетіліп отырылады.

          2014-2020 жылдар  аралығындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерін іске қосудың қадамдық жоспары жасалып, 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелермен қамтуды 92,3 пайызға жеткізу жоспарланды.

          1. Мектепке дейінгі мекелермен қамту көрсеткіштері

           2014 жыл-58 %                                 2017жыл -  77,6 %           

           2015 жыл-64,2%                              2018 жыл - 80,2 %

           2016 жыл-70,2%                              2019 жыл - 89,9%

                                                                       2020 жыл - 92,3%

Жаңадан ашылатын балабақшалар 

      1.2014 жылы жаңадан салынатын  мектептердің бұрынғы ғимараттарын  күрделі жөндеуден өткізіп, балабақшалар ашу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Достық ауылында 140 орындық (Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізудің Жобалық сметалық құжаттарына 6,5 млн.т.бөлінді ), Ташкенсаз ауылында  140 орындық ( ЖСҚ 6,5 млн.т. бөлінді ),  Қайыпов ауылында 2014 жылы 100 орындық, Азат ауылында 2014 жылы 200 орындық.

      Сонымен қатар, 2014 Қайрат ауылы И.Cаттаров атындағы орта мектебі жанынан толық күндегі 2 топ 50 балаға арналған шағын орталығын ашуға қаржы қарастырылуда.

       2. 2015 жылы-Ават ауылында 200 орындық, Бәйтерек ауылында 250 орындық, Саймасай ауылында 150 орындық, Жаңашаруа 100 орындық, Жанашар ауылында 150 орындық,Түрген ауылында 240 орындық, Ақтоған ауылында 100 орындық, Алмалы ауылында 150 орындық.

       3. 2016 жылы Маловодное ауылында 250 орындық, Балтабай ауылында 200 орындық, Ащыбұлақ ауылында 120 орындық, Қойшыбек ауылында 75 орындық, Алға ауылында 100 орындық, Тескенсу ауылында 150 орындық, Төле би ауылында  120 орындық

       4. 2017 жылы- Қызылшарық ауылында 140 орындық, Космос ауылында 140 орындық, Сарыбұлақ ауылында 75 орындық, Байсейіт ауылында 150 орындық, Амангелді ауылында 100 орындық, Шелек ауылында 250 орындық, Май ауылында 100 орындық, Есік қаласында 320 орындық.

        5. 2018 жылы-Ават ауылында 100 орындық, Ақбастау ауылында 100 орындық, Аймен ауылында 100 орындық, Қаратұрық ауылында 100 орындық, Қайназар ауылында 150 орындық.

       6. 2019 жылы –Ащысай ауылында 140 орындық, Асы-Саға ауылында 150 орындық, Түрген ауылында 320 орындық, Қарасай ауылында 100 орындық, Қаракемер ауылында 120 орындық, Өрікті ауылында 150 орындық.

       7. 2020 жылы-Ақтоған ауылында 100 орындық, Талдыбұлақ ауылында 100 орындық, Есік қаласында 250 орындық балабақшалар

              Маловодное ауылындағы 140 орынға арналған балабақшаның да күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, биылғы жылы пайдалануға беріледі.           

       Алдағы жылдарда Шелек ауылында және Есік қаласында жаңа балабақша ғимараттарын салу  жоспарланып, бюджетке енгізілді.

        Ауданда туберкулез белгілері бар балаларды оқшауландыру үшін балабақшаларда тәуліктік жұмыс атқаратын санаторлық топтар ашу жұмыстары қарастырылуда. 2014 жылы 2 топ 20 балаға арналған мұндай топтарды Есік қаласындағы Шапағат балабақшасы жанында ашу жұмыстары жүргізілуде.

        -      Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету  барысында 2012-2013 оқу жылында Кембридж  бағдарламасын  Орынбетов атындағы орта мектептің іс-тәжрибесінде қолданып 1 –сынып оқушылары оқытылды. 2013-2014 оқу жылынан бастап 1 –сынып оқушылары  ағылшын тілн оқуда, 2010 жылдан бері Таиров, Тоқатаев, Бижанов ат. орта мектептерінде қазақ тілі пәні факультативтің есебінен тереңдетіп оқытылуда. Мұғалімдерді қайта даярлаудан және шығармашылық біліктілігін арттыруда семинар, конкурстар өткізілуде

          - Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату туралы Назарбаев зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін тарату мақсатында  педагог мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде, яғни Н. Назарбаев зияткерлік университеті Дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік  І  ілгері бағдарлама курснан  өткен мұғалімдермен жүргізілетін   іс-шара жоспары жасалынды,  тренинг, коучинг,семинарлар  өткізілуде, 234 мұғалім деңгейлік  кустан өтті оның 22 бірінші,5 –і екінші, 207 үшінші деңгейден өтті, 68 бүгінгі таңда оқып жатыр.

-2013-2014 оқу жылында 3 ауысымда оқитын мектептер туралы мәлімет ауданның 3 мектебі 3 ауысымда оқуда. Бұл мектептер: Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектеп, Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектеп, Азат ауылындағы Азат орталау мектебі.

       1. Есік қаласы маңындағы саяжайлардан Есік қаласының мектептеріне тасымалданып оқытылатын оқушыларға 600 орындық мектеп салу 2015 жылға жоспарланды. Есік қаласына кіре берісте орналасқан Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Есік мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайының  қасынан мектеп құрылысына 4 га жер телімі бөлініп, аудан әкімдігінің жерді бөлу туралы Қаулысы шығарылып, мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары жасалды, мемлекеттік экспертизадан өтті. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі сұралды.

       Тоқатаев атындағы орта мектебіндегі орын тапшылығы саяжайда мектеп құрылысы аяқталғанда жойылады.

       2. Әл-фараби атындағы орта мектебіндегі оқушылар саны -1474. Бәйтерек ауылының маңындағы саяжайлардан 595 оқушы тасымалданып оқытылады.  Орын тапшылығын жою үшін жақын маңдағы аралықта жаңа мектеп салу жоспарланды. Мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары жасалды, мемлекеттік экспертизадан өтті.

       3. Азат орталау мектебіндегі оқушылар саны -378. Оқушылар саны жылдан-жылға өсіп келеді.  Мектеп 1923 жылы 140 оқушыға арналып салынған, 6 корпустан тұрады. Мектептің оқыту тілі 2 тілде: қазақша, орысша. Мөлтек аудан б/ша 1016 балалар бар. Оқушылар мектепке сыймағандықтан көрші ауылдың мектебіне және Талғар ауданының мектептеріне барып оқиды.

        Жылдан -жылға халық саны көптеп өсуде. Аудан әкімшілігінен 200 үй салуға жер телімі берілген.

        Азат ауылына жаңа мектеп салу 2014 жылға жоспарланды.

7.- «2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік

бағдарламасының 2-ші кезеңінің (2014-2015 жылдар) келесі міндеттері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаның 1ші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдістемелерін енгізу. Өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер факторларын төмендету жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиімді өзара ісқимылын іске асыру. Жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттің жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейту. БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру. Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтің сапасына бағдарланған жүйесін енгізу. Дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында үздіксіз жұмыс атқарылуда.

- Еңбекшіқазақ ауданында «Кезексіз емхана» принципі бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның ішінде амбулаториялы – емханалық көмек көрсететін ұйымдардың тіркеу бөлімінің стандарты бойынша жұмыс атқарылуда, дәрігерге алдын – ала жазылу жүйесі бойынша, дәрігерді үйге шақырту, телефон бойыншажәне алғашқыдәрігерлік көмек көрсету ұйымының  веб-сайты арқылы жүргізіледі, мәлімет беру кабинеті жұмыс атқарады. Емдік консультация диагностикалық  көмек көрсетуде науқастар ағымын қлыптастыру, емханалардың жұмыс уақытын халыққа уақтылы мәліметберу жүргізілуде.

-  Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мекемелерін білікті мамандармен толықтыру және медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында жұмыстар жүргізілуде:2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап 54-дәрігер, 108-орта буынды медициналық қызметкерлер кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында оқуға жіберілген.

8.  - «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Респудликасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысында Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылдың 15 желтоқсанында «Мүгедектер үшін жұмыс орындарында квота белгілеу туралы» № 33 Қаулысы қабылданған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауының, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 2 тармақшасына және аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының талаптарын  орындау мақсатында аудандағы мекемелер мен ұжымдарға меншік түріне қарамастан жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті көлемінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу  тапсырылды.

Аудан бойынша 6377 мүгедектердің ішінде 1-2 топтағы мүгедектер саны- 3664, 3-топтағы – 1950, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар -750 және 13- Ұлы Отан соғысының мүгедектері.

Еңбекке қабілетті жастағы 5400 мүгедек азаматтардың ішінен  жұмыс істей алатындар саны - 1840, жұмысқа жарамсыздары-3560.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімі  арқылы жұмысқа жарамды деп анықталған 1840 мүгедектің ішіндегі 802-сі мекемелер мен кәсіпорындарда, 155-і жеке кәсіпкелер мен жеке шаруа қожалықтарында жұмыс істейді, 106-ы өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

Жыл басынан жұмыспен қамту секторында 36 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеліп, 8- тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1–і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, 20 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 8- мүгедек  кәсіби оқу курстарында білім алды.

Жыл соңына дейін «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту картасы» бағдарламасы  бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру барысында барлығы 104 жұмыссыз мүгедектер аймақты дамыту бағдарламасы бойынша тартылатын болады, оның ішінде 35 мүгедекті жұмысқа орналастыру, 40 адамды қоғамдық жұмыстарға тарту, 12 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жоғары, арнаулы орта оқу орындарын аяқтаған 2 адамды Жастар практикасына жолдау, 15 адамды кәсіби оқытуға жолдама беру әрі қарай жұмыспен қамту  жоспарлануда.

Келешекте мүгедектерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралардың   жүзеге асырылуы тұрақты жалғасын табатын болады.    

9. - Ауданда бүгінгі күні 19 мәдениет үйі мен 2 саңырауларға арналған клуб жұмыс істеуде. Маловодное ауылындағы мәдениет үйі жеке-меншіктен 1,5 млн теңгеге сатып алынып бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуде. Қаракемер ауылдық мәдениет үйі жеке меншіктен мемлекеттің меншігіне өтіп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жұмыс істеуде. Сонымен қатар 2013 жылы Қырбалтабай ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Бүгінгі күні аудандағы барлық мәдениет мекемелерінің материалдық базалары толықтырылу үстінде және штат бірліктерін ұлғайту мәселесін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Аталған мәдениет мекемелеріне эстрада жұлдыздары(Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Заттыбек, Азия тобы, Бүркіт пен Аиша, Нұрлан Албан), ақын-жазушылармен, көңілді тапқырлар клубтарымен (Базар жоқ, Нысана, Өнер қырандары, Аққу мен Гәкку, Шаншар) кездесулер ұйымдастырылып бүгінгі халықтың рухани кемелденуіне өз септіктерін тигізуде.

- Аудандағы өнерпаздарымыз өз репертуарларын ұлғайтуда, аудандар мен қалаларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып гастрольдік сапарларға шығып тұрады.

- Ауданда мемлекеттік тіл қызметтің барлық салаларына алғашқы орында. 2014 жылдың 1 тоқсандағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының пайыздық көрсеткіші 100 пайызды құрады. 2008 жылдан бастап Есік қаласында және Шелек ауылында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істеуде. Орталықтардағы тәлімгерлердің арасында мемлекеттік қызметкерлерде білім талап етуде. Орталықты тамадағандар арнайы сертификаттармен куәліктер алып шығады.

- Аудандағы аралас және ұлтық тілдегі білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базалары нығайтылу үстінде. Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепке КазТест бағдарламасы орнатылды.  

10. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылатын мақалаларының медиа-жоспары бойынша:

-  Жолдауды насихаттау, халық арасында ақпаратты кеңінен тарату мақсатында аудандық БАҚ-тарда Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бағытында  атқарылған іс-шаралары мен  жұмыстары бойынша  2014 жылы аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланылатын мақалаларының медиа-жоспары бекітілді, бүгінгі таңда «Еңбекшіқазақ» газетінде 1-тоқсан бойынша 10-нан астам мақала жарияланған болатын.

Еңбекшіқазақ ауданындағы ілінген үгіт – насихат  құралдары туралы:

- Қазіргі таңда аудан аумағында   барлығы 20 үгіт насихат құралдарын ілетін құрылғы орнатылған оның ішінде Бәйтерек селолық округінде  2 құрылғы, Ават селолық округінде 1 құрылғы, Есік қалсында 12, Турген селолық округінде 2, Маловодное селолық округінде 1, Шелек селолық округінде 4 құрылғы орналасқан.

Оның ішінде 9 құрылғы біржақты, 11 құрылғы екіжақты .

Қазіргі кезде аталған құрылғылардың барлығында көрнекі үгіт құралдары орнатылған , атап айтқанда:

  1. Бәйтерек селолық округніде 4 билборд (Қазақстан -2050 Мәңгілік ел», «Азаматық татулық»,  «Патриотты ұрпақ», «Білімді ұрпақ»);
  2. Ават селолық округінде 2 билборд («Қазақстан -2050 Мәңгілік ел», «Ауыл шаруашылығы» тақырыбында);
  3. Есік қаласында:
    1. Құлжа күре жолының бойында Есік қаласына кіреберісте 2 билборд («Жасыл экономика», «Дәстүр мен мәдениет»);
    2. Салық басқармасының жанында 2 билборд («Қазақстан -2050 Мәңгілік ел», «Мемлекеттік қызметкердің этикасы»(Мелекеттік қызмет департаментінің тапсырмасына сәйкес ілінді);
    3. Уалиханов –Алтын адам көшесі 1 билборд («Мемлекеттік қызметкердің этикасы»(Мелекеттік қызмет департаментінің тапсырмасына сәйкес ілінді);
    4. Алтын адам-Талғар жолы қиылысында (Автостанцияда) мерекелерге байланысты тұрақты түрде ауыстырылып отырылады.
    5. Алматы – Әуезов жолдарының қиылысындағы көпір бойында 2 билборд («Қазақстан -2050 Мәңгілік ел»);
    6. Алматы –Островский жолдарының қиылысында 2 билборд («Қазақстан -2050 Мәңгілік ел», («Мемлекеттік қызметкердің этикасы»(Мелекеттік қызмет департаментінің тапсырмасына сәйкес ілінді);
    7. Аудан әкімдігінің алдында (Жамбыл көшесі бойында)1 билборд( «Нұр Отан»);
    8. Уалиханова –Абая көшелерінің қиылысында 1 билборд (аудандық прокуратураның билборды);

Есік қаласындағы 3 құрылғының жеке меншікте болғандығына байланысты жарнама орналастырылған.

4. Түрген селолық округінің кіреберісіндегі Асы жайлауына апаратын жолдың қиылысында 4 билборд («Қазақстан -2050 Мәңгілік ел»; «Нұр Отан», «Салуатты өмір салты», «Ауыл шаруашылығы»);

5. Маловодное селолық округі 1 билборд («Білімді ұрпақ»);

6. Шелек селолық округіндегі Жібек жолы  көшесі бойында 4 билборд, әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда 2 билборд (мерекелік тақырыпта);

Жалпы атағанда Елбасының Жолдауына байланысты 21, мемлекеттік қызметкерлерге байланысты 3, «Нұр Отан» партиясына байланысты 2, басқа тақырыптарда 5 үгіт – насихат құралдары, сонымен қатар Есік қаласында 10 аспа орнатылған, аталған құрылғылардың барлығында көрнекі үгіт құрылғылары ілінгендігін және барлық селолық округтердің атаулары жазылған тақтайшалар мен ескертулер мен өзге де құрылғылар қалыпқа келтірілгендігін хабарлаймыз.

Қазіргі кезеңде аспалар мен билбордтардың  жаңа үлгілілері дайындалуда, 2014 жылдың 2-тоқсанында ауданымыздың  аумағында ілінген үгіт насихат құралдарын жаңарту жоспарланып отыр.

11. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын еңбек ұжымдарында, білім беру мекемелерінде кең көлемді талқылау отырыстары өткізілді.

            Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданына ресми іс-сапармен Елбасы Жолдауының негізгі стратегиялық бағыттарын түсіндіру мен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Л.Тұрлашев, Н.Сулейменов, Мәжіліс депутатары М. Ахмедиев, Б.Сарокин,   Ү.Медеуов, С.Нұрғисаев келіп аудан активімен кездесті.

            Бұл кездесуге аудандық мекеме, кәсіпорын бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, маслихат депутаттары, этно-мәдени, үкіметтік емес, діни ұйымдардың басшылары, округ әкімдері мен жастар қатынасты. Барлығы 873 адам қамтылды.

Сондай-ақ, Елбасының Жолдауын аудан тұрғындарына жеткізу, түсіндіру және оның аудан көлемінде жүзеге асырылуын насихаттау мақсатында облыстық ақпараттық-насихат топ мүшелері, яғни облыс әкімінің орынбасары, топ жетекшісі Мұқанов Серік Мейірханұлы, облыстық    қорғаныс  істері  жөніндегі  департаментінің басшысы  Дәрменқұлов Мұрат Ильтайұлы,  облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының орынбасары Нұржанов Даркен Нұржанұлы, облыстық   білім басқармасы басшысының орынбасары Омарова Майгүл Төлеутайқызы Есік гуманитарлық- экономикалық колледжінде және Түрген, Қаракемер селолық округтерінде кездесулер өткізді. Жалпы кездесуге 720 адам қатысты.       

Ақпараттық – насихат  топтары 24 ақпан мен 06 наурыз аралығында аудандағы  Есік қаласы мен селолық округтерінде барлығы 26 кездесу жүргізіп, барлығы 2000-нан астам халықты қамтыды.

 06.03.2014 жылы республикалық ақпараттық – насихат  тобының  мүшесі, ҚР өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Райылұлы Ғалымжан Әбдірайымов және облыстық ақпараттық – насихат  тобының  мүшесі, облыстық  энергетика және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ю.Салагаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданына іс-сапармен келген болатын.

Іс – сапардың барысында Ғ.Р. Әбдірайымов Есік қаласында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активтерімен және Ташкенсаз ауылындағы Абдуллин атындағы жаңадан салынған мектеп құрылысымен танысып, мектеп ұжымымен және Ташкенсаз селолық округінің әкімінің аппаратымен, ауыл тұрғындарымен және жастармен кездесті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдауды ұйымдастырды.

Аталған кездесу барысында барлығы 360 – тан астам адам тартылды.

13 наурыз 2014 жылы Есік қаласындағы Жетісу заң колледжінің мәжіліс залында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпарат – насихат тобының кездесуі өткізілді.

Кездесуге РАНТ-ның мүшесі Асқар Мұқанов, Іргелі ауылының имамы Нұрғали Сайтмұратов, Талғар ауданының бас имамы Серғазы Дауытбеков келді. Сонымен қатар жиынға аудан имамы Омар Кобеков және Есік қаласының әкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімі, аудан ақсақалдары мен студенттер,колледж ұжымы қатысты. Барлығы 158 адам қатысты.

Кездесу барысында Ислам дінінің құндылықтарын дәріптеу, ҚМДБ –ның қызметімен таныстыру, ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, халықты ақпараттандыру, отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау, жастар арасындағы жат қылықтардың алдын алу, тәрбие жұмыстарындағы имандылықтың қызметі туралы мәселелер қарастырылды, қатысушылардың тарапынан қойылған өзге де сұрақтарға жауап берілді. Қазіргі таңда тұрғындардың жағдайы, саяси, этносаралық қарым – қатынас, жастар саясаты сияқты салалар күнделікті бақылауда және тұрақты сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ( аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде, аудан әкімдігінің сайтында) жергілікті атқару органдары, аудандық құрылымдар, мекеме және ұйымдардың Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттерге байланысты орындалған шаралары үнемі хабарланып тұрады.

Аудан әкімінің бірінші орынбасары                           Н.Құдайбергенов

  @ Ж. Егінбаева

  (87277572371

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру