Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетСпорт және туризмСпортАудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылдың I жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылдың I жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Ел басының жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндетті орындау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданында  көптеген облыстық, аудандық жарыстар өткізіледі. Ауданда халықтың спортпен айналысуы  2017 жылдың жартыжылдығына  26,5 %  құрады.

Дүние жүзілік ХХVІІІ қысқы универсияда 2017 жарысқа түскен Қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында аудан көлемінде оның ішінде 29 қаңтар күні Қаратұрық ауылдық округінде волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылса, осы мақсатта ұлттық ойындардан оның ішінде құс бегілер жарысынан Сөгеті ауылдық округінде 9-13 ақпан аралығында Әбен Тоқтасынұлы мен Сейтжан Байжанұлын еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Турнирге Астана, Қызылорда, Жамбыл, Ақтау, Атырау, Ақмола, ШҚО және Алматы облысының құсбегілері қатысып, үздіктер марапатталды.

07 қаңтар Сөгеті ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бокстан облыстық турнир өтті. 14 ақпан күні Асы ауылдық округінде «Қыс қызықтары» спортакиядасы өкізілді. Жарыста шаңғы, шана, қардан мүсін жасау т.б. жарыстар болды.  Масақ ауылдық округінде «Қазақ күресінен» аудандық жарыс өтті. Аталмыш шарада Бәйдібек би, Нұра,  ауылы, Алматы қаласының командалары үздік атанды.

01 ақпан А.Жексембековты еске алуға арналған волейболдан аудандық турниріне аудан көлемінен 14 команда жарысқа түсіп, үздіктер марапатталды.  «Масленица» мерекесіне орай Түрген ауылдық округінде Түрген шатқалы бойында «Зимушка зима» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, жарысқа қатысушылар шаңғы, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру т.б. спорттық ойындардан үздіктер марапатталды. Осы округте Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында волейболдан  аудандық турнир өкізілді.

Аудан көлемінде «Еңбекшіқазақ бөрісі» жарысына іріктеу мақсатында округтерде палуандар арасында жарыстар өтіп, үздіктер аудандық жарысқа жолдама алды. 

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуының 28-жылдығына орай ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне аудан көлеміндегі округерде атап айтсақ Масақ округінде жасөспірімдер арасында С.А.Әбдибаев және Қ.Қ.Алғабаевтың жүлдесіне еркін күрестен турнир өкізілді. Жарысқа 16 команда қатысып, үздіктер атанған Көктөбе, Масақ, Ала ауылдарының командалары.

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жыл сайынғы волейболдан аудан біріншілігі жарысы ұйымдастырылып, аудан көлеміндегі үздік командалар жарысқа түсті. Сонымен қатар Қаратұрық ауылдық округінде волейболдан қыздар командалары арасында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа аудан көлемінен 8 команда қатысып, үздіктер марапатталды.

22 наурыз  мерекесіне орай аудан көлемінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Т.Масимовты еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өтті.   Сонымен қатар  Қаражота ауылдық округінде ат-спорт ойындарынан аудандық жарыс өтті.

2017 жылдың 7-11 сәуір аралығында сритболдан спорт ардагерлер мен ересек ерлер арасында өткен Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың құрама командасы I орынды иеленді.

2017 жылдың 7-11 сәуір аралығында сритболдан әйелдер арасында өткен Алматы облысының Чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта ауданымыздың әйелдер құрама командасы III  орынды иеленді.

7 сәуір күні Байтерек ауылдық округінде «Денсаулық күні» орай 2005-2007 жылы туылған балалар арасында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. 

15 сәуір күні Шелек ауылдық округінде ересектер арасында баскетболдан аудандық турнир өтті. Турнирге 9 команда қатысты.

  21-23 сәуірі Жанашар ауылдық округі Космос ауылында 2000-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық турнир өтті. 1 мамыр Халық аралық ынтымақтастық күні қарсаңында еркін күрестен  КСРО спорт шебері,  ауданның құрметті азаматы С.Байшығашевтың құрметіне футболдан, волейболдан, еркін күрестен аудандық жарыстар ұйымдастырылды. Қазақша күресіне қатысқан 14 спортшылардың ішінен 1-ші орынды Сатқынов Алмас, 2-ші орын Қамза Ерсін Дәуренұлы, 3-ші орынды Нурахмет Еркебұлан  иеленді. Қаратұрық ауылдық округінде «Берекесаз» учаскесінде аламан, құнан, тай жарыстарынан жарыс өткізілді. Жарысқа 78 сәйгүлік қатысып, жарыстан озып шыққан үздіктер марапатталды.   3 күнге созылған шараға 2000 жуық адам қатысты.

2017 жылдың  06-07 мамыр күні Бартоғай ауылдық округінде Бижанов және Байсеит ауылдарында КСРО батыры Масим Якуповты еске а луға арналған ХІ-інші Алматы облысы және Алматы қаласының мектептер арасында футболдан Республикалық турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысты. Алматы, Жаркент қалаларының және Қаратұрық ауылдық округінің командалары үздік орындар алды.

2017 жылдың 12-14 мамыр аралығында Талдықорған қаласында ауданымыздың мүгедек спортшылары Алматы облысының V Спартакиадасында жалпы командалық есепте III орынға иеленді.

Бүгінгі таңда, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 28 спортшыға артқан.

2017 жылдың 14-19 мамыр күндері Есік қаласында бокстан Қазақстан Республикасының  еңбек сіңген жаттықтырушы, Алматы облысының тұңғыш КСРО спорт шебері Тынысбеков Станислав Балтабекұлының құрметіне арналған XXIV – ші Республикалық ашық турнирі өтті.Жарысқа 18 – команда қатысты: 164 оқушы. Ауданымыздан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында 7 салмақ дәрежесі 1 орын 5-оқушы,2-3 орын 11 оқушы, 1999 – 2000 9 салмақ дәрежесі 1- орын 4 оқушы, 2-3 орын 11 оқушы жүлдеге иеленді.

Мектеп бітіруші түлектердің құрметіне Қазақстан ауылдық округінде футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Аудан көлемінен 10 команда жарысқа түсті. Сонымен қатар түлектердің құрметіне Қаражота ауылдық округінде еркін күрестен Республикалық турнир ұйымдастырылды.

23 мамыр күні Есік қаласы археологиялық-өлкетану музейінде «Ұлттық ойын ұмыт қалмасын» атты тоғыз құмалақтан, асық атудан  аудандық  жарысқа 12 команда қатысты. 

01 маусым балаларды қорғау күніне орай аудан көлемінде бүлдіршіндерге арналып ұлттық ойындардан, «Әке, шеше және мен»  атты, «Толағай» ойындарынан  жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

2017 жылдың 17 маусымда  «ЭКСПО-20107» халықаралық көрмесінің  ашылуына орай  Масақ ауылдық округінде және Бартоғай ауылдық округінде шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдасырылып, аудан көлемінен 12 команда жарысқа түсті.

2017 жылдың 28 маусым-02 шілде күндері аралығында волейболдан әйелдер арасында Алматы облысының кубогы өткізілді. Аталған жарыста ауданымыздың құрама командасы жалпы командалық есепте II орынға иеленді.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жетістіктерін және спортқа деген құлшыныстарын ерекше атап өтуге болады.                               

 «Салауатты ұлт-салауатты ұрпақ» атты волейболдан турнир өткізілді. Жарысқа аудан көлемінен 10 ұлдар және  3 қыздар   командасы қатысты.

Еңбекшіқазақ аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ұйымдастырылған әуесқой футбол командалары арасында ІХ чемпионатына І-лигада 16, ІІ-лигада 18 барлығы аудан көлемінен 36 команда қатысуда.

Бөлім басшысы                                                            Е. Сарабеков

Орын:Д.Байтурбаев

Тел:8(72775)70116

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру