Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2015 жылдағы 9 айында атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ

 

Еңбекшіқазақ ауданында 79 елді мекен бар, соның ішінде нақты жоспарлау жобасымен, дамыту сызбасымен біріктірілген бас жоспармен – 46 елді мекен қамтылып отыр, пайыз көрсеткіші – 58,22%.  19 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу үстінде 2015 жылға пайыз көрсеткішімен 82,27% бюджеттік өтінім жасалды. Бөлім әркез берілген сәулет-жобалау тапсырмасына мониторинг жүргізіп отырады. «Қазақстан Республикаындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сүйене отырып , тоғыз айдың қорытындысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының  сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы 54 - сәулет –жобалау тапсырмасы берілген.

Бөлім арқылы заңсыз салынып жатқан -37 нысан анықталып, осы нысандар бойынша Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау басқармасына хаттар жолданды.

Жыл басынан бері кіші және орта кәсіпкерлікке және мемлекеттік ұйымдарға құрылысты жобалап, құрылысты жүргізу үшін жерді таңдау және зерртеу актісі берілді. Саны -80. 17 –нысан және 36- тұрғын үй пайдалануға қабылданды.

2015 жылдың тоғыз айы бойынша «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне сай 1878 анықтама берілді.

Нақты жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспармен 2015 жылы 5 елді мекен қамтамасыз етілді: Өрікті ауылы  халық саны- 3230 адам, Көктөбе ауылы халық саны- 4030 адам, Қорам ауылы  халық саны – 6328 адам, Жаңашар ауылы халық саны- 3556 адам, Ақши ауылы – халық саны – 5239 адам.

2015 жылы 34 елді мекен дамыту және салу сызбасымен қамтамасыз етілді: Қайрат, Сазы, Дихан, Жаңашаруа, Қайрат, Сарытау, Таусүгір, Алға, Қойшыбек, Ақтоғай, Бірлік, Еңбек, Күш, Өрнек, Жаңашар ауылдық округі, Базаркелді, Ақтоған, Сатай,Талдыбұлақ, Лавар, Мелиаратор, Ақжал, Екпенді, Қайнар, Шалқар, Масақ ауылдық округі, Нұрлы, Амангелді, Көкпек, Баяндай, Құлжа, Көлді, Толқын, Таутүрген, Торғайбаз ауылдары.

Бөлім арқылы 2015 жылға  19 елді мекенннің бас жоспарын әзірлеуге берілген бюджеттік өтінімнің негізінде: Азат,Қайназар, Рахат, Балтабай, Қазақстан, Ташкенсаз, Тескенсу, Саймасай , Аймен, Ақбастау, Алмалы, Бөлек, Қарасай, Космос, Ащысай, Қырбалтабай, Қызылжар, Ащыбұлақ, Қайыповауылдарының бас жоспарлары әзірлену үстінде. 2015 жылы 5 елді мекенге дамыту және салу сызбалары әзірлену үстінде.(Тауқаратұрық, Асы-Саға, Достық, Сарыбұлақ, Бижанов ауылдары).Елді мекендерде нысандар салу үшін 40 жер телімі берілді.

Бөлім басшысы                               С.Молдақасымов