Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Негізгі бетРухани жаңғыру«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы 2019 жылдың 1-тамызнан латын негізді қазақ әліпби курсын оқытуды бастады.

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы 2019 жылдың 1-тамызнан латын негізді қазақ әліпби курсын оқытуды бастады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек екендігі және болашақта барлық сала іс-қағаздары мен оқулықтар да осы қаріппен жазылу керектігі айтылған. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін ескертті.

Осыған орай, латын әліпбиінің практикалық тұрғыда игерілуіне ықпал ету, жаңа әліпби емле ережелерімен таныстыру мақсатында Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы 2019 жылдың 1-тамызнан латын негізді қазақ әліпби курсын оқытуды бастады. Оқыту курсы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының әзірлеген бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Курстың мақсаты: барлық тұрғындарға латын әліпбиінің ережелерін түсіндіру. Сонымен қатар, мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы қызметшілерге қызметтік хаттардың жазылым нормаларымен ресми жазылымдардың негізгі бағытын (әдіс тәсілдерді) меңгерту және қызмет бабында қолдана білуге үйрету.

Курстың міндеті – барлық тұрғындарға   латын әліпбиінде көзшалым бойынша жылдам оқып, жазуда қолдағдылыққа үйрету.

     2019 жылдың ІІ жарты жылдығында   жалпы қабылданған тыңдаушылар саны – 50. Бюджеттік сала қызметкерлер саны – 35; Мемлекеттік   қызметкерлер саны – 15.

   Аудандық аурухананың 20 қызметкері, Халықты жұмыспен қамту орталығының 15 қызметкері, 6654 әскери бөлімшесінің 15 қызметкері  аптасына 4 сағат, барлығы 24 сағат дәріс алады. Қорытынды емтиханды ойдағыдай тапсырған тыңдаушыларға латын әліпбиінің емле ережелерінің курсын оқып бітіргендігі туралы анықтама беріледі.

     Латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша жергілікті жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын тиянақты жүргізудің маңызы зор екені сөзсіз. Осы мақсатпен «Жаңа әліпби - жаңа қоғам бастауы» атты жұмыс тобы мүшелері олар - Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі Н.Ә.Рахымбаева, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының оқытушысы Сагимбекова Динара, Аудандық маслихат депутаты аталмыш қор төрағасы Қайнар Жұмағожа, Аудандық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Думан Мырзақожа, Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Ақмарал Қанапина , Аудандық ұйымдастыру бөлімінің «Рухани жаңғыру»жұмысы бойынша жетекші маманы Динара Коканова Бартоғай, Шелек, Бәйтерек, Ақши, Түрген, Саймасай, Асы селолық округтерінің тұрғындарымен насихаттау жұмыстарын ай сайын жүргізуде. Бұл жұмыс арықарай да өз жалғасын табады.

     Латыннегізді әліпбиге жұртшылықты жұмылдыру мақсатында бұдан да басқа шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда аудандағы халыққа танымал «Әжелер» ансамблі мүшелерімен кездесу өткізіліп, әліпбидің тиімді, пайдалы тұстары және де болашақта ескерілетін кем тұстары да талқыланды. Мекемелер арасында көзшалым (жылдам оқу), қолдағдылыққа (жылдам жазу) үйрету мақсатында диктанттар жазғызылды.

   Алдағы жоспарда аудан ауқымдылығын ескере отырып, Шелек өңірінде де оқыту кабинетін ашу көзделіп отыр. (дәл осы уақытта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр).

       Тағы бір айта кетерлік жұмыс ауданымызда орналасқан №6654 әскери бөлімі басшылары мен орталықтың ортақ мүдде деп тауып ұйымдастырып отырған жұмысы. Аптасына бір рет, екі сағат әскери борышын өтеп жүрген және соларға қызмет көрсетіп жүрген әскери қызметкерлерінің жұмыс тәртібін ескере отырып, орталық оқытушысы барып сабақ өткізеді.

   Жоғарыда көрсетілген курс мерзімі өз жұмысын 1.5 айда 24 сағаттық жүктемені, әр аптада 4 сағаттан өткізіп отырады. Алғашқы курстың аяқталуы 18 қыркүйек болса, келесі топтар 19 қыркүйектен бастап өз жұмысын бастайды. Осылайша жыл бойында кезең-кезеңмен жұмысын жалғастырып отырады. Келесі кезекте тұрған №6ӨСБ, аудандық Еңбекшіқазақ газетінің редакциясы, аудандық әкімшілік қызметкерлері.

       

Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру