Мемлекеттік қызмет имиджі

Позитивті имиджді бекіту мен қалыптастыру бойынша ақпарат

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».

Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердің мiнез-құлқының этикалық нормаларын нығайту;
- халықтың мемлекеттiк билiк органдарына деген сенiмiн арттыру;
- мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз сақтауға тәрбиелеу;
- көпшiлiк санасында кәсiбилiк, адалдық, ашықтық, сыпайылық және құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру жоспарланған. Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі. «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген.

Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.

«Нұр Отан » ХДП республиеалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінен алынған мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық ережесі.

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық ережені басшылыққа алуы тиіс

1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жасауы керек.

2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игілігіне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатыстырмауы керек.

3. Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.

4. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.

5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеуі керек.

            6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.

            7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағына білу керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алу керек.

            8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.