Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметБос лауазымға жалпы конкурстар Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс
жариялайды
 
Индекс 040400, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы
№21а, анықтама телефоны/факс: +7(72775) 7-22-14, 7-21-69, электрондық
пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , БСН: 001140002379
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс
өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс
күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы
21 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір
мәселелері туралы» № 40 бұйрығының (әрі қарай-Қағидалар) 2-қосымшасына
сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидалардың 3-қосымшасына
сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік
лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану
және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына
жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу
орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы
құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік
білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне
білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы
құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса
беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi
туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік
қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ"
халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың
көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың
қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім
беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды
тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған
немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697
болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық
құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан
аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы
медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)
(немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша
құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген
психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының
нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304
тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат
тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық
ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған
көшірмесі).
2019 жылғы 1 ақпаннан бастап персоналды басқару қызметі (кадр
қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені
туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы
сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті
органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес
нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды
түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау
мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық
почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе
нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір
сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен
әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және
беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар
берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе
оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер тапсыратын құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір
айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде
не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде
тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы
арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық
куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан
кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден
өтуге жіберілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»,
заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
стратегиясын білуі.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы №21а.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына
қатысуы:
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес
ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері,
уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын, бос
лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде
ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу
және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың
мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және
мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның
аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот
тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына
арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест
(20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке
және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ),
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан
Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің
қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік
құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде
50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде
5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын
білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға
арналған тестілеу: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10
тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму
(10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10
тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма),
көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді
басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.
Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі
бойынша кем дегенде 50% құрайды.
Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.
1 Еңбекшіқазақ аудан әкімі аппаратының азаматтардың хал актілерін
тіркеу бөлiмінiң бас маманы, Е-4 санаты, 014-02 индекс лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты –100689 бастап 136417
тг дейін.
Білімі: Құқық
Үміткерге қойылатын талаптар: Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық
бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған
жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға
рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап
етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Азаматтық хал актілерді тіркеу жұмысын
жүргізеді; Өтініштердің шағымдардың, азаматтардың және мемлекеттік
органдардың өтініштерінің, мемлекеттік органдардың сұрау хаттары мен бақылау
тапсырмаларының белгіленген мерзімде уақытылы шешілуін қамтамасыз етеді;
Қайталама елтаңбалық куәліктердің берілуін қамтамасыз етеді; АХАТ бойынша
әкім аппаратымен, соттармен, ҰҚК, құқық қорғау органдарымен және басқада
органдармен, ведомствалармен, ұйымдармен хат алмасу жұмыстарын өткізеді;
АХАЖ-ға өзгертулер енгізу туралы хабарламалары мен өтініштерін орындалуын
қамтамасыз етеді; Халыққа қызмет көрсету орталығынан түскен азаматтардын
өтініштеріне жауапты; АХАТ бөлімінің мұрағатынын сақталуына жауапты;
Азаматтарды қабылдауды жүргізеді; Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша
қорытынды статистикалық есептер мен «АХАТ ТП» бағдарламасы бойынша
мәліметтерді дайындайды;
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
2 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е - R - 4 санаты,
индекс 011-13-02 лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 95274 бастап 128836 тг дейін.
Білімі: Экономика
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық
бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған
жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға
рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі
талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің есептеу жұмысын жоспарлау, бюджетті
бөлу және бақылау. Бюджеттік бағдарламаларды мақсатты жұмсау, жоғарғы тұрған
органдардың дерективалық құжаттарын ішкі шешімдерін орындау. Мемлекеттік
тапсырысты орналастыру, конкурсты ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды іске
асыру, қол астындағы мекемелер мен кәсіпорындардың сметасын жасау. WORD,
EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
3 Еңбекшіқазақ аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің салалы экономика секторының бас маманы, (уақытша негізгі
қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 21.01.2020 жылға дейін) Е - R - 4
санаты, 011-20-05 индекс лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 95274 бастап 128836 тг дейін. Білімі: Экономика саласы
Функционалдық міндеттері: ауданның әлеуметтік – экономикалық
дамуының аумақтық және кешенді дамуының жоспарларын жасау үшiн ақпарат
дайындау; өнеркәсіп, құрылыс, көлiк және коммуникация салаларын дамытуды
талдау, жоспарлау және мониторинг жүргізу; ауданның жартыжылдық және
жылдық әлеуметтік-экономикалық паспортын дайындау; ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуының стратегиялық, ортамерзімді жоспарларын жасау үшін
ақпарат дайындау. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен
жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
4 Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуы
секторының жетекші маманы, Е - R - 5 санаты, 11-19-02 индекс лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 84448 бастап 114763
теңгеге дейін. Білімі: экономика саласы
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Аудан бюджетінің орындалуы туралы
тоқсандық, айлық есептерді дайындау және заңда белгіленген алушыларға ұсыну.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
5 Көктөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, (уақытша
негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 10.08.2020 жылға дейін) Е-
G-3 санаты, индексі 063-10, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 90944 бастап 122342 теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Үміткерге қойылатын талаптар: E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық
бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған
жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға
рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Ішкі саясат, діни бірлестіктердің жұмысымен
айналысады. Округ әкімінің жанындағы жастар саясаты және азаматтарға
патриоттық тәрбие беру жөніндегі Кеңестің жұмысын үйлестіру. Діни бірлестіктер
базасын калыптастыру, Округ этносаралық татулық пен дінаралық келісім
бағытында атқарылатын жұмыстарды жоспарлау, іс-шара ұйымдастыру. Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы» Заңының орындалуына, 2011-2020 жылдарға
арналған Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы
жұмыстарды жүргізеді. Округ әкімінің жанындағы Тіл және Ономастика жөніндегі
комиссиялардың жұмыстарын іске асырады. Тарихи және мәдени мұраны сақтау,
рәміздерді пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. «Нәтижелі
жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыру
бағытында жұмыстарын үйлестіреді. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
6 Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-салық
жөніндегі инспекторы, Е-G-3 санаты, индексі 019-07, 1 бірлік, лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 90944 бастап 122342
теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Функционалдық міндеттері: салық салу туралы ҚР Президентінің,
Үкіметтің актілері мен облыс, аудан, округ әкімдерінің шешімдерінің орындалуын
бақылау мен тексеруді ұйымдастыру, салық төлеушілерге салық заңдары туралы
түсіндіру, салық төлемдері бойынша өзгерістер туралы хабарландыру, төленбеген
салықты жою, салық төлеу объектілері мен салық төлеушілерді уақытында есепке
алуды қамтамасыз ету, шаруашылық кітаптарын салық төлемдері бөлімінде толық
және дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілер туралы ақпараттың
құпиялылығын сақтау, салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды
тұлғаларды іздеуге ықпал ету, салық заңдарының бұзылғандығы, себебі мен негіз
болатын жағдайлары туралы округ әкімінін хабардар ету, салық заңдарын
жетілдіруге ұсыныс жасау, шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту, салық
комитеті, аймақтық комитетпен, шаруашылық кітаптарының толтырылуы мен
сақталуы, азаматтарға анықтама беру; шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту,
округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасап, орындау, талдауды
жүргізу, бюджеттік мекемелердің, ауылшаруашылық бірлестіктердің өндірістік-
қаржылық бағдарламасының мониторингісін жүргізу; жер комитетімен және басқа
да қызмет орындарымен қызмет деңгейінде қарым-катынас. округ әкімнің басқа да
тапсырмаларын орындайды. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
7 Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, Е-G-3
санаты, индексі 019-05, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 90944 бастап 122342 теңгеге дейін.
Білімі: Кәсіби Функционалдық міндеттері: Жерді ұтымды пайдаланудың
бағдарламасын орындауды ұйымдастыру; топырақ құнарлылығын арттыру; жер
ресурстарын басқа табиғат қорғау кешенді шараларымен бірге қорғау; елді мекенде
құрылыс жүргізу ережесін жасауды ұйымдастыру; заңға сәйкес тұрғын үй және
басқа объектілердің пайдалануға беруге қатынасу; округтегі табиғатты пайдалану
және қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын жасап, орындауға алу; заңға сәйкес
шаруа қожалығын құруға, қосалқы үй шаруашылығын жүргізуге, тұрғын үй және
басқа объектілер салуға сұраныс дайындау; ауылшаруашылық бірлестіктерінің
жұмысын жақсартуға ықпал ету; өз құзыры деңгейінде әкім өкімдері мен
шешімдерінің жобасын дайындау; шаруа (фермер) қожалықтарының есеп
кітаптарын толтыруы; экология, жерге орналастыру, архитектура, құрылыс,
шаруа қожалықтары, ҚАҚ, субсидиямен қамтамасыз ету; шаруашылықтар
бойынша есепке алуды жүзеге асырады; жеке тұрғын үй құрылысының жүргізу
үшін жер телімін алушылардың кезегін жүргізу және округ әкімінің басқа да
тапсырмаларын орындайды.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
8 Бәйдібек би ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі, Е-G-
3 санаты, индексі 019-03, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 90944 бастап 122342 теңгеге дейін.
Білімі: Экономика Функционалдық міндеттері: бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды
қамтамасыз етедi, негiзгi қаржының кiрiс, шығысына есеп жүргiзу, бухгалтерлiк
проводкаларды құрастырады және балансын тексередi, ұтымды пайдаланылуына
бақылау жасайды,
дебиторлық және кредиторлық қарыздарды белгiленген
мерзiмде өндiредi, жылдық, тоқсандық, айлық есептердi құрастырады және
тапсырады; қаржылық қызмет қорытындысының дәл есебiн жүргiзедi. WORD,
EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
9 Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-
4 санаты, индексі 019-10, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін.
Білімі: Кәсіби
Үміткерге қойылатын талаптар: E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері ауылды көркейту, көріктендіру, санитарлық
тазалау шараларын жасап, орындалуын ұйымдастыру; қоғамдық жұмыскерлердің
жұмысын қадағалау; аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық
округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық
маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль
жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын
қамтамасыз етедi; жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына
жәрдемдеседi; қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады; республикалық
маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан
мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын
ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді; өз құзыретi
шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану
мәселелерiн реттейдi; елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру
және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; туысы жоқ
адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында
күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; жеке адамдардың
тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда
спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.тұрғындарды ауыз сумен
қамтамасыз етуде ТКШ /ЖКХ/ және АОК /СПК/ жәнеде басқа ауылшаруашылық
бірлестіктерінің жұмысын жақсартуға ықпал ету және округ әкімінің басқа да
тапсырмаларын орындайды.WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер
бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
10 Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 017-09, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Функционалдық міндеттері: -Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік
саясатын жүргізу, жүзеге асыру; Табиғи апаттар болған жағдайда зардабын
жою, алдын алу, хабарлауға міндетті.
-Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданған азаматтардың құжаттарын рәсімдеуді
жүргізеді .Қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны орындау.
-Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығын ұйымдастыруға (көркейту, құрылыс,
өнеркәсіп, көлік, сумен жабдықтау және канализация); Ауылдық аймақтарды
дамыту мәселелерімен шұғылдану, қызметтік іс қағаздарын жүргізуге міндетті.
-Әскери міндеттілердің есебін жүргізу; Ескерткіштерді қорғау, тарихи және
мәдени мұраны сақтау жөнідегі жұмыстарын жүргізеді, ұйымдастырылуын
қадағалауға міндетті.Округ әкімінің қатысуымен жүргізілетін шараларды
ұйымдастыру, өткізу;
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
11 Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы,
(уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 30.03.2020 жылға
дейін) Е-G-4 санаты, индексі 034-07, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет
өткерген жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін.
Білімі: Кәсіби Функционалдық міндеттері Атаулы Әлеуметтік көмек, қайырымдылық
көмек көрсету жұмысын жүргізу, әскери міндеттілердің есебін жүргізу, осы мәселе
бойынша құрылған штабтың жұмысын үйлестіреді, Қазақстан Республикасының
«Тіл туралы» заңының орындалуын және «Қазақ тілі» қоғамының жұмысын
бақылайды, ономастика жөніндегі мәселелер бойынша құжаттарды дайындау,
сыбайлас жемқорлықпен күрес. Өздеріне жүктелген қосымша міндеттерді орындау.
. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей
алуы. Мемлекеттік тілді білу.
12 Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 024-08, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР
Үкіметінің актілерінің, облыс, аудан, селолық округі әкімдерінің өз саласы
бойынша шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Некеге
тұрушылардың, туылған бала мен қайтыс болған адамдардың уақытысында
тіркелуін және есебін жүргізеді. Округтегі көп балалы аналардың «Алтын алқа»
мен «Күміс алқа» наградаларын алуына құжаттарын дайындайды. Атаулы
әлеуметтік көмек пен жәрдемақы тағайындау комиссиясының сайланған хатшы
есебінде комиссия құжаттарын жүргізеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
бойынша құжаттарын жүргізіп, есебін жоғары органдарға өткізіп отырады. Өз
саласы бойынша азаматтарды қабылдау, әйелдер кеңесінің мүшелерімен, мәдениет
мекемелерімен, білім беру саласында, денсаулық сақтау жұмысы, әлеуметтік
мәселе, қайырымдылық көмек, жұмыссыздықпен, кедейшілікпен күрес, әскери
міндеттілердің есебін жүргізеді. ҚР заңнамалық негізде хал актілерін жазу,
нотариалдық іс жүргізу, тұрғындардың миграциялық есебін жүргізу. Барлық
деңгейдегі сайлау жұмысын жүргізу. Сайлаушылар туралы өзгерістерді енгізіп,
ақпараттарды дайындайды, сайлау және референдум өткізілген жағдайда әкім
аппараты тарапынан соған қатысты жұмыстарды жүргізеді және сайлаушылардың
тоқсан сайын жаңартылған электрондық тізімі мен есебін береді.. Түскен
өтініштердің мәліметін дайындап, базаға енгізеді.WORD, EXCEL, E-mail, Internet
компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
13 Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 018-09, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының Президентінің
үкіметінің актілерін облыс, аудан және округ әкімідерінің шешімдері мен
өкімдерін орындау;
әскері міндеттілер мен шақырылғандар есебін жүргізеді;
мемлекеттік мекемелердің жылу жағдайын қадағалап, бақылайды, қажетті
ақпараттар дайындайды;
кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер есебін алу;
денсаулық саласын қағадалау.
.WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
14 Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Е-G-4
санаты, индексі 063-11, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 81199 бастап 109349 теңгеге дейін. Білімі: Кәсіби
Функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына
шақырылған жастар арасындағы жұмысты үйлестіреді; әскери есепке алу мен
шығару бойынша өтініштерді қабылдап, орындайды. Ұлы Отан соғысы және еңбек
ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ауған және чернобыль апаты
қатысушылармен жұмыс жасайды; АХАЖ міндетіне кіретін қатаң есептегі
құжаттар мен азаматтардың хал-жағдайларының актілерін тіркеу жұмыстарын
жүргізуге; Округ бойынша қайтыс болған азаматтардың тізімін анықтап, тиісті
орындарға мәлімет беруге;
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тиісті баптарына сәйкес ауылдық
округі аумағында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, құжаттарын
рәсімдеуге қатысады.
.WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы.
Мемлекеттік тілді білу.
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшіліклауазымынаорналасуконкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға конкурс өткізу
қағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауға
міндеттемеаламын.
Ұсынылып отырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.
Қосаберілгенқұжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекенжайыжәнебайланыс
телефоны____________________________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
 
 
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) / 
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 
 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 
 

9.

Соңғы үшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 
 
 
 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру