Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметБос лауазымға ішкі конкурстарЕңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21а,
индекс 040400, анықтама
телефоны/факс: +7(72775)72214.
БСН 001140002379
Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы
ақпарат:
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу
туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен
бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне
дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды
қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық
почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу
басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден
өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне
қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы
құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс
комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе
осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес
Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның
аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы №21а
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы
Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық
ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың
және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса
алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның
қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық
бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс
тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату
бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат
депутаттары қатыса алады.
Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс
өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік,
ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі
талап етілмейді.
1 Заң және мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,
индексі 012-02, 1 бірлік,
лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 100696 бастап 136444 тг дейін.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық
(халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық және/немесе
азаматтық құқық және/немесе құқық (құқықтану)
Функционалдық міндеттері:
аудан әкiмiнiң және аппарат қызметiн
заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету; ҚР-ның барлық соттарында аудан
әкiмiнiң өкiлеттiгiн және мүддесiн белгiленген тәртiппен қорғайды; әдiлет
органдарында аудан әкiмiнiң нормативтiк–құқықтық актiлерiн тiркеуден
өткiзедi; аудан әкiмiнiң есебiндегi мемлекеттiк басқару органдарына кеңес
беру және тұрғындарға әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша заңды көмек
көрсету.
E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік
біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А"
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік

мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан
төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе
саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар
қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер
мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық,
облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы
мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери
басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери
басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі
жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган
болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық
комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
2 Ветеринария бөлімі басшысының орынбасары, Е- R -2 санаты, индексі
016-02, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 127418 бастап 172369 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; ветеринария
(ветеринарлық медицина және/немесе ветеринарлық санитария )
Функционалдық міндеттері: -шаруашылықтардың барлық санаттарында
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» және басқа-да қолданыстағы
заңдардың, нормативтіқ-құқықтық актілердің, ветеринариялық іс-
шаралармен жұмыстардың тиімділігі мен пәрменділігің арттыруға
бағытталған шешімдердің орындалуына бақылау мен іске асырылуын
қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.
-бөлімдегі ішкі тәртіпті ұйымдастырып, бақылайды:
-аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етіп, эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шаралар жоспарынны,
орындалуын ұйымдастырып, бақылайды;
-жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша
ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді
ұйымдастырып, бақылайды:
-профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджеттік қаржы есебінен
жүзеге асырылатын әнзоотиялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын
қамтамасыз етеді,
- ветеринариялық есеп жіне есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізуды
және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етілуін қамтамасыз етеді;
-ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді және олар бойынша
компьютерлік деректер базасының жүргізуды іске асырады:
-жануарларды сою алаңдарында сою алдында және үшалар мен ағзалардың
союдан кейін тексерілуін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді және бақылйды;
-халық арасында ветеринария мәселесі бойынша ағарту жұмыстарының
жүргізілуін ұйымдастырады, аудан аумағында эпизоотиялық жағдайды
зерделейді;
-Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса
қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар
жоспарының орындалуын бақылайды;
- елді мекендердегі мал қорымдарын, орны ауыстырылатын обьектілерді
күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өңдіруге дайындауға, сақтауға, қайта
өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық
бақылау және қадағалау обьектілерінің  орналастыру, салу,
реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды
тасымалдау кезде
зоогигиеналық және ветеринариялық талаптардың
сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру мен күтіп ұсталуын ұйымдастырады;
-алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, олардан алынатын
өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді ұйымдастырып, бақылайды;
-малдар мен құстардың жұқпалы ауру пайда болған жағдайда жергілікті
атқарушы органымен құрылатын эпизоотияға қарсы қомиссияның
құрылуы мен жұмысын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
-тиісті әкімшілік -аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органын
жануарлардың жұқпалы аураларының алдын алу және жоюға бағытталған
шектеу іс-шаралары мен қарантин режімін қою немесе алу туралы
ұсыныстарға қаулыларын дайындалуын қамтамасыз етеді;
-мал шаруашылығы ғимараттарда, жануарларды өсіруды, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау, сақтау, қайта
өндеу және өткізуды жүзеге асыратын өндіріс обектілерінде сондай-ақ
автотранспорт құралдарында ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар мен
дезинфекция шараларының жүргізілуіне бақылау жасайды;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың
ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады
және бақылайды;
-эпизоотия ошақтарда зерттеп-қаралуын және жануарлар, жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатты дайындап, сақтауды, өңдеуді жүзеге
асыратын обьектілердін есептік нөмірлерін алуын бақылайды.
-жеке және заңды тұлғаларға қатысты
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды;
E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей
үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс
өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік,
ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі
талап етілмейді.
1 Жер қатынастар бөлімінің бас маманы, Е- R -4 санаты, индексі 019-
04, 1 бірлік,
лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 95209 бастап 128834 тг дейін.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен
технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
және/немесе геодозия және картография және/немесе маркшейдер ісі
және/немесе тау-кен ісі); ауыл шаруашылық ғылымдары (агрономия
және/немесе топырақтану және агрохимия және/немесе аграрлық техника
және технология және/немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
және/немесе агроэкология); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау
және/немесе жерге орналастыру)
Функционалдық міндеттері:
Жер учаскесінің құқығын растайтын
құжаттарды беру, жер кадастарын жүргізу.
Ауданның аумақтық даму материалдарын сараптау: - өзіне салық
төлеушілердің (РН және ОН) тізімін және жер пайдаланудың құқықтары
тізімін енгізетін мемлекеттік жер кадастрын (тізімін) жүргізудің
автоматтандырылған жүйесін құру мәселесі.
Жер заңын бұзудағы жерді пайдаланғаны немесе пайдаланбағанын
анықтау, ауылшаруашылық мақсатында пайдаланатын жер учаскелеріне
төлқұжаттарын беру.
2 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас
маманы, Е- R -4 санаты, индексі 024-09, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы
қызмет өткерген жылдарына байланысты – 95209 бастап 128834 тг дейін.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: білім (педагогика және психология
және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану); қызметтер (әлеуметтік
жұмыс); құқық (құқық (құқықтану)); әлеуметтік ғылымдары, экономика және
бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті
ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика және/немесе
әлеуметтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе
жобаны басқару) Функционалдық міндеттері:
Азаматтардың жәрдемақысын тағайындау
жөнiндегi құжаттардың дұрыстығын тексеру. Жәрдемақы түрлерiн
тағайындаудың айлық есептерiн жасау. Әлеуметтiк көмектiң барлық
түрлерiнiң төлемдерiн поштамен салыстыру актiсiн жасау. жаңа нысандағы
атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасыларының жұмыспен қамту
орталығының мамандарынан келіп түскен құжаттарын тексеріп қабылдау
және тағайындау, тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға құжаттарды тiркеу
және есепке алу жұмыстарын ұйымдастыру, ауылдық округ мамандарынан
келіп түскен құжаттарды қабылдау. Мүгедектер жөніндегі орталық базамен
және Е-собес бағдарламамен жұмыс істеу. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
жайлы заңдарды және басқа да нормативтік құжаттарды орындау
Е-G-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей
үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А"
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен
емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан
төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе
саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар
қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер
мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық
қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық,
қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару
органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару
органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан
кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық
комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
3 Масақ ауылдық округ әкімінің орынбасары, Е-G-1 санаты, индексі 048-
02, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты- 122463 бастап 164936 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, кәсіби
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының
Президентің, Үкіметтің, Парламенттің, актілердің, облыс, аудан әкімдерінің
шешімдері мен өкімдерінің, өз қабылдаған шешімдердің орындалуын
бақылап, тексеру ұйымдастырады. Округ әкімінің тапсырмаларын орындайды,
әкім жоқ болған кезде оның міндетін орындайды жеке мәселелері бойынша
қабылдау жүргізеді. Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік рәміздерін
ретке келтіру және бақылауға алу. Селолық округінің аумағында көрнекті үгіт
насихат құралдарының дұрыс қалыпта болуына жауап береді. Қоғамдық
жұмысқа жіберілген жұмыссыздардың жұмысын жүргізу, бақылау. Округ
әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмыс сапасын
бағалау нәтижелеріне шағым жасау, жастар саясатын жүзеге асыру
мақсатында атқарылатын іс – шаралардың орындалуына жауапты, азаматтық
анықтамаларді береді.
E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей
үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс
өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
4 Көктөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, Е-G-3 санаты,
индексі 042-09, 1 бірлік,
лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 90962 бастап теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім,
кәсіби білім.
Функционалдық міндеттері: Қайырымдылық көмек көрсетуді реттейді,
әлеуметтік мәселелерді орындау, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдармен
жұмыс жасайды, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар
туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыс жүргізеді, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
жәрдемақысын алуға құқылы отбасылардың құжаттарын қабылдап, табыс
көздерін есептеп, жауап береді, тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй
көмегі жәрдемақысына құжаттарын қабылдап, ауданға тапсырады.
отбасыларының әлеуметтік жағдайын сараптауды ұйымдастырып,
қадағалайды, мүгедектер тізімін анықтап, олармен жұмыс жүргізеді, қажетті
ақпараттар дайындайды, шаруашылық кітаптарын жүргізеді, түскен
мәліметтердің толық және сенімді болуына жауап береді, азаматтарға
анықтамалар береді;
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»
бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыстарын үйлестіреді.
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекетті кәкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
Қағидаларының негізг італаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
Міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны____________________________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру