Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызметБос лауазымға ішкі конкурстарЕңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы №21,
индекс 040400, анықтама телефоны/факс: +7(72775)72214.
БСН 001140002379
 
Үміткерлер мен конкурсқа қатысушыларға арналған жалпы
ақпарат:
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу
туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен
бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне
дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не
хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды
қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық
почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу
басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен
әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және
беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар
берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми
жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін
сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс
комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе
осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес
Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе
оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік
қаласы, Жамбыл даңғылы №21
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Байқаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың),
коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті
органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның
қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық
бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс
тәжірибесі бар тұлғалар, сондай - ақ персоналды іріктеу және жоғарылату
бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік
қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат
депутаттары қатыса алады.
1 Еңбекшіқазақ аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысының орынбасары, Е - R - 2 санаты, 011-20-01
индекс, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 127422 бастап 172394 тг дейін.
Білімі: Экономика саласы. 
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-2 мемлекеттік әкімшілік
 лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары
белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны
хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда
немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси
мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан
төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен
айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында
немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін
облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар
қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер
мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық,
облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы
мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери
басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери
басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі
жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган
болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық
комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Функционалдық міндеттері: экономикалық негізге ұстанып кіріс пен
шығысты жоспарлау негiзiнде тиісті қаржы жылына ауданның бюджеттік
жоспарын жасау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар
әкімшіліктерінің бюджеттік қорытындыларын қарастыру, бағалау және
құрастыру, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы
аудандық Мәслихат шешімін жүзеге асыру жөніндегі аудан әкімінің
қаулысын әзірлеу; Маслихат сессиясына шешімнің бюджет жобасын
дайындау; бөлімнің іс-жұмысын жүргiзудi ұйымдастыру және бақылау.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей
алуы. Мемлекеттік тілді білу.
2 Еңбекшіқазақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
бас маманы, Е - R - 4 санаты, 011-22-01 индекс лауазымдық жалақысы
қызмет өткерген жылдарына байланысты – 73288 бастап 99105 тг дейін.
Білімі: білім (денешынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық).
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе
жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап
етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Ауданда спорт ұйымдарының жұмыстарын үйлестіреді,бөлімнің ағымдық және
болашақ жоспарын құрастырады,дене тәрбиесі және спорттың күнтізбелік
жоспарын бекітумен және жүзеге асыруымен айналысады.Функционалдық
бағыттарына сәйкес салаларда ұйымдастыру,жоспарлау және болжамдау,
дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша стратегиялық жоспарлар
әзірлейді. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен
жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
3 Еңбекшіқазақ аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы, Е - R - 4
санаты, 011-17-03 индекс лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 73288 бастап 99105 тг дейін.
Білімі: ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринария саласы
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-4 мемлекеттік әкімшілік
лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті
басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап
етілмейді.
Функционалдық міндеттері: - Қазақстан Республикасы «Ветеринария
туралы» және басқа-да қолданыстағы заңдардың, нормативтіқ-құқықтық
актілердің, ветеринарлық іс-шаралармен жұмыстардың тиімділігі мен
пәрменділігің арттыруға бағытталған шешімдердің орындалуына бақылау мен
іске асырылуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;
-тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте халықтың денсаулығын адам мен
жануарларға ортақ аурулардан қорғау және малдарды емдеу жөніндегі іс-
шараларды үйымдастыру;
- үәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын дайындау;
- ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалар қызметті жүзеге асырған
кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою шараларын
қамтамасыз етеді ;
- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда,
жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларының профилактикасы
бойынша ветеринариялық препараттарды сақтау мен қолдану жөнінде іс-
шараларды жүргізу;
- Қ.Р «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық
бірлікте ветеринариялық режимді белгілеу және алу жөніндегі аудан
әкімдігінің қаулысын дайындап, қойылған ветеринарлық режімінің
/карантин, шектеу/ шарттары мен тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету;
- малдардың және құстардың жұқпалы ауру пайда болған кезде жергілікті
атқарушы органымен құрылған эпизоотияға қарсы комиссия жұмысына
қатысу;
- адамдар мен малдардың денсаулығына қауіп келтіретін малдарды, мал
өнімдерін алусыз залалсыздандыру немесе алып қоюды, жеткізуды және
жоюды ұйымдастырады, ветеринариялық талаптарға сәйкес сойылған
ауру малдардың өнімдерін қолдану ретін анықтайды;
- Қ.Р. ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен
ветеринариялық есепті алуды және есептілікті жүргізуды, жинақтауды,
талдауды жүзеге асырады және оларды үәкілетті органға табыс етеді;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жәніндегі іс-шараларды
үйымдастырып, өткізу және ауыл ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру бойынша мәліметтерді және компьютерлік дереккорды
жүргізуды ұйымдастыру;
-елді мекендердегі мал көмінділердің іске қосылуын және олардың
ветеринария талаптары бойынша күтіп ұсталуын ұйымдастырады;
- халықтың арасында ветеринария бойынша ағарту жұмыстарын
ұйымдастыру және жүргізу;тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында
жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша
эпизоотиялық жағдайды зерделейді;
- белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру
туралы ұсынысты шығару;
- мұдделі тұлғаларды өткізілетін мал дәрігерлік іс-шаралар, қабылданған
ережелер мен мал дәрігерлік саласындағы басқа да нормативтік- құқықтық
актілері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді;
. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей
алуы. Мемлекеттік тілді білу.
4 Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Е - R - 4
санаты, 011-08-01 индекс лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 73288 бастап 99105 тг дейін.
Білімі: құқық, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және
бизнес (саясаттану, журналистика, қоғамдық байланыс, мемлекеттік және
жергілікті басқару)
Үміткерге қойылатын талаптар: E-R-4 мемлекеттік әкімшілік
лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік,
қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап
етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Этно-мәдени бірлестіктермен іс-шаралар
ұйымдастырады, олар туралы сапалы ақпараттар жинақтайды. Аудандағы
этносаралық татулық пен дінаралық келісім бағытында атқарылатын жұмыстарды
жоспарлау, үйлестіру, хаттамалық рәсімдеу. Бөлім құзырына сәйкес қысқа
мерзімде құрылған Комиссиялар мен Кеңестердің жұмысын жүргізеді. Саяси
партиялармен өзара әрекеттестікті орнату, база қалыптастыру, ақпарттар
жинақтау. Діни бірлестіктермен дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесу т.б.
өткізу және базасын қалыптастыру, олардың жұмысын үйлестіру. Ақсақалдар
кеңесінің жұмысын жандандыру. Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау
мен түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының елді мекендерге шығу
кестелерін әзірлеу, хаттамаларын жинақтау. Үгіт насихат құралдары бойынша
жұмыс жүргізеді.
. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей
алуы. Мемлекеттік тілді білу.
5 Бәйдібек би ауылдық округ әкімінің орынбасары, Е-G-1 санаты, индексі
019-02, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты-122425 бастап 164898 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары білім, кәсіби 
Үміткерге қойылатын талаптар:
Е-G-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік
талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,
адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік
органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе
А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес
лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік
қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-
O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі
бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты
мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы
бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты
мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі
жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау
немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе
аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының
тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының
немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда
жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында
немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін
басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет пен жоғары тұрған
мемлекеттік басқару органдарының актілерінің орындалуын жүзеге асыру. Округ
аумағында көркейту, көріктендіру, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналды
шаруашылығы, көлік, құрылыс, ауыз сумен қамтамасыз ету, канализация, іс
жүргізу және мемлекеттік тіл саласында, аппарат жұмысын ұйымдастыру және
жоспарлау, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, жұмыссыздық пен
кедейшілікке қарсы күрес, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы
бағдарламасын талдау жасау және орындауын қадағалайды. Аппарат
қызметкерлерінің ережесін, жұмыс регламентінің сақтауын қамтамасыз етеді, кадр
жұмысын жүргізеді. WORD, EXCEL, E-mail, Internet компьютер бағдарламаларымен
жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
 
6 Рахат ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, Е-G-3 санаты,
индексі 032-08, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына
байланысты – 69957 бастап 94109 теңгеге дейін.
Білімі: Кәсіби
Үміткерге қойылатын талаптар: E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес
жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және
кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: жерді тиімді пайдалану, жер ресурстарын
қорғау бойынша бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру, ағымдағы ақпараттар
мен жер пайдаланушыларға жерді бөліп беру жөніндегі материалдарға сараптама
жүргізуді жүйелеу. Жер учаскелерінің меншіктік біліктілігі бойынша жерді
орналастыру туралы жердің есебін құру. Жер учаскесін уақытша өтеулі мерзімді
жер пайдалануға және жалға беру, сату-сатып алу шартарын рәсімдеу. Жер заңын
бұзудағы жерді пайдаланғаны немесе пайдаланбағанын анықтау,
ауылшаруашылық мақсатында пайдаланатын жер учаскелеріне төлқұжаттарын
беру. Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы және өнімділігін арттыру бойынша –
субсидия алу үшін қажетті құжаттарды дайындап ауданға өткізу, «29 АШ»,
«4АШ», «6 р» және «7ж» есебін жүргізеді, мәліметтердің дұрыстығына жауап
береді, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және басқа ауылшаруашылық мәселелер
жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет актілерін, облыс, аудан,
округ әкімдерінің шешімдерінің орындалуын ұймдастыру және тексеру, шаруа
қожалықтарының кітабін жүргізу, мемлекеттік аталуы әлеуметтік көмек және түрлі
жәрдем ақылардың мәселелерін орындау.
WORD, EXCEL, E-mail, Internet
компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
7 Саймасай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, (уақытша
негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 31.01.2021 жылға дейін) Е-
G-3 санаты, индексі 033-03, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарына байланысты – 69957 бастап 94109 теңгеге дейін.
Білімі: Кәсіби
Үміткерге қойылатын талаптар: E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе
жоғары оқу орнынан кейінгі білім Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта
білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық,
бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға
бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және
әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс
тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңның орындау бойынша
есептер дайындайды, жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды
ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет; кадр саясаты жөнінде Қазақстан Республикасы
Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс, аудан, округ
әкімдерінің шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету; электрондық сайлаушылар
тізімімен АИС бағдарламасында жұмысын жасау. WORD, EXCEL, E-mail, Internet
компьютер бағдарламаларымен жұмыс iстей алуы. Мемлекеттік тілді білу.
 
 
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекетті кәкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
Қағидаларының негізг італаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
Міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс
телефоны____________________________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру