Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерЗаңнамаҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 543 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 543 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 желтоқсанда № 12372 болып тіркелді

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;
       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                    Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы  
 Инвестициялар және даму 
 министрінің       
 2015 жылғы 30 сәуірдегі 
№ 543 бұйрығымен бекітілген

   Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және рұқсаттармен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін электрондық нысанда жүргізу тәртібін белгілейді.
      2. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу:
      1) бірінші, екінші санаттағы рұқсаттар және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандыруға жататын хабарламалар туралы мәліметтерді жүйелеу;
      2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміндегі мәліметтер туралы ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      2) қызмет объектісі – заңды немесе жеке тұлға оларда (оларды пайдалана отырып) қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жүзеге асырған ғимарат, құрылыс немесе өзге объектілер;
      3) қызмет объектісін сәйкестендіргіш – заңды немесе жеке тұлға қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жүзеге асырған кезде көрсетілетін қызмет объектісінің бірегей нөмірі және (немесе) атауы;
      4) рұқсат бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер – құжаттың барлық деректерін және рұқсат мәртебесін өзгерту тарихын қамтитын рұқсат бойынша толық ақпарат;
      5) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      6) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – жүйе) – лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;
      7) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы (бұдан әрі - сыртқы портал) - лицензиялау, рұқсат беру рәсімдер және хабарлама беру тәртібі бөлігіндегі қызметтерге жеке және заңды тұлғаларға Интернет желісі арқылы бірыңғай қолжеткізу нүктесін ұсынатын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы;      
      8) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;
      9) рұқсаттың бірегей сәйкестендіргіш нөмірі (бұдан әрі – РБСН) – рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде осы Қағидалар күшіне енгеніне дейін берілген бірінші санаттағы рұқсаттарға тағайындалатын бірегей сәйкестендіргіш нөмірі;
      10) рұқсаттың мәртебесі – рұқсат беру рәсімін және лицензиялау рәсімін жүзеге асыруына қарай өзгертілетін рұқсаттың ағымдағы жағдайының сипаттамасы;
      11) сәйкестендіру нөмірі – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекетік ақпараттық жүйесімен тағайындалатын нөмір;
      12) тарихи деректер – хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
      13) хабарлама жасау тәртібі – қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;
      14) хабарлама берген субъект – қызметтің немесе әрекеттің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;
      15) хабарлама жасаған субъекті бойынша егжей-тегжейлі ақпарат – хабарлама жасаған субъекті қызметінің басталуы туралы хабарлама деректерін және мәртебесінт өзгерту тарихын қамтитын хабарлама жасау тәртібінің субъектісі туралы толық ақпарат;
      16) хабарлама жасаған субъектінің мәртебесі – хабарлама жасаумен, субъектінің қызметін тоқтата тұрумен немесе Тізілімнен шығарумен байланысты процестердің орындалуына қарай өзгертілетін хабарлама жасаған субъектінің ағымдағы жағдайының сипаттамасы;
      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
      4. Қол жеткізу құқықтарын белгілеуді және Тізілімнің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Тізілімді рұқсат беру органдары және хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
      5. Мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын ақпаратты, азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттарды, еңбекші көшіп-келушілерге рұқсаттарды қоспағанда, Тізілімде қамтылған мәліметтер мемлекеттік және орыс тілінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында (бұдан әрі – сыртқы портал) орналастырылады және барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін төлемсіз қолжетімді болады.
      6. Тізілім мынадай бөлімдерге бөлінеді:
      1) рұқсаттар тізілімі;
      2) хабарлама жасаған субъектілер тізілімі.
      7. Тізілімге мәліметтер енгізу Жүйе арқылы жүзеге асырылады.

   2. Рұқсаттар тізілімін жүргізу тәртібі

      8. Рұқсаттар тізілімінде мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) рұқсаттар санаты (бірінші санаттағы рұқсат (бұдан әрі - лицензия); екінші санаттағы рұқсат);
       2) рұқсат берудің сыныптары (1-қызметке берілетін рұқсаттар;
2-объектіге берілетін рұқсаттар; 3-біржолғы рұқсаттар; 4-ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланылатын қызметке рұқсаттар; 5-жеке тұлғаларға кәсіптік қызметке атқаруға берілетін рұқсаттар; 6-өнімге берілетін рұқсаттар);
      3) рұқсаттың атауы;
      4) тарихи деректердің белгісі (тарихи деректер болған жағдайда);
      5) лицензиаттың немесе екінші санаттағы рұқсат иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;
      6) лицензиат немесе екінші санаттағы рұқсат иесі - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды тұлғаның атауы;
      7) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы; 
      8) өтінішті беру күні;
      9) бас тарту негіздері;
      10) бас тарту туралы жауаптың жіберілген күні;
      11) рұқсат берілген күн;
      12) рұқсаттың мәртебесі;
      13) рұқсаттың қолданылу мерзімінің басталу күні;
      14) рұқсат беру органы;
      15) қызмет, әрекет түрі (қызмет, әрекет түріне берілетін рұқсаттар үшін);
      16) қызметтің кіші түрі (кіші қызмет түрі бар қызмет түрлеріне берілетін рұқсаттар үшін);
      17) лицензия түрі (басты, ерекше, біржолғы) – лицензиялар үшін;        18) ерекше жағдайлар (лицензиялар үшін);
      19) рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (Электрондық нысандағы рұқсаттарға Жүйе беретін);
      20) рұқсаттың нөмірі, сериясы (тек қана қағаз нысанында берілетін тарихи құжаттар және рұқсаттар үшін);
      21) РБСН;
      22) қызмет ету аумағы (белгілі бір аумақта жарамды рұқсаттар үшін);
      23) рұқсаттың қолданысы аяқталу күні (қолдану мерзімін шектеумен берілетін рұқсаттар үшін);
      24) бастапқы рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (оларды қайта ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
      25) алғашқы лицензияның РБСН;
      26) алғашқы рұқсаттың нөмірі, сериясы (оларды қайта ресімдеу немесе конвертациялау жүзеге асырылған тарихи құжаттар және тек қана қағаз түрінде берілетін рұқсаттар үшін);
      27) бастапқы құжат берілген күні (оларды қайты ресімдеу жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
      28) электрондық нысандағы рұқсаттар үшін рұқсат беру органының уәкілетті адам ЭЦҚ туралы мәліметтер;
      29) рұқсаттың қолданыу мерзімін тоқтата тұру кезеңі (оларды тоқтата тұру жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
      30) рұқсатты кері қайтару (жою) негіздемесі (соттың шешімінің негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсат беру органы кері қайтарған/жойған рұқсаттар үшін).
      9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) – 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер барлық рұқсаттар үшін міндетті түрде толтыруға жатады. Осы Қағидалардың 8-тармағының 13) – 27) тармақшаларында келтірілген мәліметтер олар болған жағдайда толтыруға жатады.
      10. Рұқсаттар тізілімінің мәліметтер құрамына енбеген ерекше жолдарды ескере отырып, рұқсаттардың толық мәліметтер құрамын рұқсат бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерде қарап шығуға мүмкіндік болады.
      11. Рұқсатты электрондық түрде ұсыну тиісті лицензиямен немесе рұқсатпен көзделген болған жағдайда, рұқсаттар тізілімінде рұқсатты электрондық түрде ұсыну нысанын жүктеу мүмкіндігі бар.
      12. Рұқсаттар тізіліміне тарихи деректерді енгізуді рұқсат беру органдар Жүйе арқылы жүзеге асырады.
      13. Тарихи мәліметтерді енгізген кезде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рұқсаттар тізілімінің жолдары толтырылады.
      14. Тарихи мәліметтерді енгізген кезде рұқсаттар туралы мәліметтерді уәкілетті адамның ЭЦҚ куәландыру талап етілмейді.
      15. Рұқсат беру органдарымен рұқсаттар тізіліміне тарихи мәліметтерді енгізген кезде рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі қалыптастырылмайды.

   3. Хабарлама берген субъектілердің тізілімін жүргізу тәртібі

      16. Хабарлама берген субъектілер тізілімінде мынадай мәліметтер қамтылады:
      1) оған қатысты хабарлама жасау тәртібі енгізілген қызметтің (әрекеттің) атауы;
      2) қызметтің, әрекеттің басталғаны туралы хабарламаның сәйкестендіру нөмірі;
      3) қызметтің, әрекеттің басталғаны туралы хабарлама берілген күні;
      4) субъектіні тізілімге енгізу күні;
      5) субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;
      6) хабарлама жасаған субъектінің – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты/заңды тұлғаның атауы;
      7) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
      8) қызметті жүзеге асыруды бастау күні;
      9) субъектінің мәртебесі;
      10) хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      11) қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру мекенжайы;
      12) қызметті (әрекетті) жүзеге асыруды аяқтау күні;
      13) хабарлама жасаған субъектінің телефоны;
      14) хабарлама жасаған субъектінің электрондық почтасының мекенжайы;
      15) қызметтің басталғаны туралы электрондық нысандағы хабарлама үшін субъектінің ЭЦҚ туралы мәліметтер;
      16) субъектінің қызметін тоқтата тұру кезеңі (қызметін тоқтата тұру жүзеге асырылған субъектілер үшін);
      17) мәліметтерді соңғы өзгерту күні (олар бойынша мәліметтерді өзгерту туралы хабарлама берілген субъектілер үшін);
      18) Тізілімнен шығарып тастаудың негіздемесі (соттың дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы шешімі негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда Тізілімнен шығарылған субъектілер үшін).
      17. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1) – 11) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер хабарлама берген барлық субъектілер үшін міндетті түрде толтыруға жатады. Осы Қағидалардың 16-тармағының 12) – 18) тармақшаларында келтірілген мәліметтер, егер олар тиісті хабарлама шеңберінде қарастырылған болса, толтыруға жатады.
      18. Олардың шеңберінде қызмет объектілері туралы мәліметтерді ұсыну қарастырылған хабарламалар үшін қосымша келесі жолдар толтырылады:
      1) объектінің сәйкестендіргіші (коды, атауы);
      2) объект орналасқан жердің мекенжайы;
      3) объект бойынша қызметтің басталу күні;
      4) объект бойынша қызметтің аяқталу күні;
      5) объектінің мәртебесі;
      6) объект бойынша қызметті тоқтата тұру кезеңі (олар бойынша субъектінің қызметін сот тоқтата тұрған объектілер үшін);
      7) объекті бойынша мәліметтерді өзгерту күні.
      19. Тізілімінің мәліметтер құрамына енбеген хабарламаның ерекше жолдарын ескерумен, субъект бойынша толық мәліметтер құрамын субъект бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерде қарап шығуға болады.
      20. Хабарлама жасаған субъектілер тізілімінде қызметті (әрекетті) басталғаны туралы, деректерді өзгерту, қызметті (әрекетті) тоқтату туралы хабарламаларды электрондық түрде ұсыну нысанын жүктеу мүмкіндігі көзделген.
      21. Хабарлама берген субъектілер тізіліміне мәліметтерді енгізу Жүйе арқылы мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
      1) өтініш иелерімен сыртқы портал арқылы ұсынылған электрондық хабарламалар негізінде автоматты түрде;
      2) өтініш иелерімен қағаз түрінде ұсынылған хабарламалар негізінде хабарландыру тәртібін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен;
      3) Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі негізінде, қызметті сот тоқтата тұрған жағдайда немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда хабарландыру тәртібін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен.
      22. Хабарлама берген субъектілер тізіліміне тарихи мәліметтерді енгізу хабарландыру тәртібін жүзеге асыратын органдармен Жүйе арқылы жүргізіледі.
      23. Тарихи мәліметтерді енгізген кезде осы Қағидалардың 16 және 18-тармақтарда көрсетілген хабарлама берген субъектілер тізілімінің жолдары толтырылады.
      24. Хабарлама жасаған субъектілер бойынша тарихи деректерді енгізген кезде Тізілім мәліметтерін хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамның ЭЦҚ куәландыру талап етілмейді.
      25. Хабарлама жасау тәртібін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен тарихи мәліметтерді Тізілімге енгізу кезінде қызметті бастау туралы хабарламалардың сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде қалыптастырылады.



© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру