Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептері«Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

«Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

Ауданда ведомствалық бағынысты мемлекеттік ұйымдар мен
мекемелерден 85 мектеп оның ішінде 72 орта мектеп, 4 бастауыш, 8 орталау, 1
жекеменшік мектебі бар. 62 мектеп типтік ғимараттта,22 мектеп бейімделген
ғимараттаорналасқан. 78 мектеп сұйық отынмен, 6 мектеп қатты отынмен
жанады. Жалпы оқушылар саны 48 889 бала, оның ішінде 4430 бала мектепке
дейінгі даярлық топтарында, сынып жиынтығының саны - 2367
2018 жылы 15 тамызбен 15 қыркүйек айлары аралығында жүргізілген
жалпыға міндетті білім беру айлығында мөлтек аудандарға жүргізілген
рейдтердің қорытындысы бойынша 2018-2019 оқу жылында 1-сыныпқа
қабылданатын оқушылар саны - 6060, сынып комплектісі саны – 263 баланы
құрады.
2018-2019 оқу жылының ІІ тоқсанын 1-4 сыныпты-23064, 5-9 сыныпты
-22350, 10-10 сыныптарды-3428, барлығы 48842 бала аяқтап, 61 пайыз сапа
көрсетті.
Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Балалар мен жасөспірімдер туристтік және экскурсиялық орталығы».
Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша 5 техникалық және кәсіптік ортадан
кейінгі білім беру мекемелері бар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын басшылыққа ала отырып ауданда 28 мемлекеттік, 45 жекеменшік
балабақшалар жұмыс істейді. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу
мен мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін ) балаларды кезекке қою
барысында қазір 3403 бала кезекте тұр, 0-жаста -789, 0-1 жаста -2614, 3-6 жаста
кезекте тұрған бала саны 203 Қамтылу пайызы -98% құрайды.
Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы
балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың
Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін
күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас назар аудару. Осы талап
негізінде аудандағы балабақшаларда жылдық жоспар жасылған. Жоспарға сай.
мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты
мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып,
ұлттық тәрбиені салт –дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты
қалыптасуына ықпал ету.
Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын
басшылыққа ала отырып , « Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына
байланысты мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне сай оқу іс-әрекетін
шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда.
Балабақша балаларының тәрбиесімен білімділігімен қатар денсаулықтарын
нығайту мақсатында барлық тиісті шараларды жүргізу медбикенің бақылауы
аясында өткізіледі. Осы білім саласы бойынша дене тәрбиесінен
ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері де жаңа технологиямен түрлендіріліп,
балалардың денсаулығын нығайтып, дене бұлшық еттерін шынықтырып
жетілдіруге, сондай ақ жылдамдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуге
ықпалын тигізіп келеді. Балабақшалар тәжірибиесіне мерекелік ертеңгіліктерді
өткізуге белгілі бір көркемдік –педагогикалық талаптар қарастырылады. Онда ең
бастысы өнер туындыларының балаға тигізетін ықпалына баса назар
аударылады. Ертеңгіліктің тақырыбына және өткізіліп отырған жыл мезгілін
бейнелейтін көркемдік безендірулерге үлкен мән беріледі. «Менің сүйікті
ұстазым » ,« Менің сүйікті ойыншығым », «Жыл мезгілдері»,«Көктем
кереметі » ,«Ана-қадірлі есім » тақырыбындағы ертеңгіліктер жоспарлы түрде
өткізіледі.
Өлең айтуда мәнерлікке әуенді нақты орындаумен, таза біріккен үйлесімді
үндестікпен, тақпақ оқығанда дауыс екпінінің алуан түрлігімен, жақсы мақаммен
биде, қимылдың , музыканың сипатына, музыкалық шығарманың қалыбына сай
келуіне басты назар аударылады. Балабақшаларда өткізілген «Қош келдің
қоңыр күз» мерекесі әсерлі өтті. Күз туралы әндер айтылып, билер биленді.
Қорытындысында Масақ ауылы «Қызғалдақ
» балабақшасында «Күз
сыйлығы» аймақтық мерекесі өтті. Мерекеге Шелек өңірінен 15 балабақша
қатысып бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды.Жыл бойы балаларға
сауықтыру мен шынықтыру жүргізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың көбі суық тиген аурулармен жиі аурады. Бұл бала ағзасына теріс
ықпалын тигізіп, кейде созылмалы сырқатқа айналуы да мүмкін. Осындай
ауруды болдырмаудың , одан сақтанудың негізгі жолы табиғи сауықтыру
факторлары. Ауа, су, күннің көзін мақсатты түрде пайдалану, бала бойынша
өзгерістерді жағдайларға төселген реакциялардың қалыптасуына көмектеседі,
яғни оның ағзасын шынықтырады.
Атап айтар болсақ «Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау» тақырыбына
ата-аналар мен бірге балалар дәрігері қатысуымен дөңгелек үстелтер,
балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру және қуаттандыратын
дәрумендерді қолдану жөнінде кеңінен әңгіме өрбітіп, ата-аналарға бағытты
кеңестер берілді.
Олар: жазғықұмда жаланаяқ жүру, суық сумен су құю, нүктелі төсеніштермен
жүру. Қыс мезгілінде таза ауада серуендеу, шаңамен сырғанау, шаңғы тебу адам
ағзасының жұқпалы аурулар мен суыққа төзімділігі мен қарсылығын
арттыратыны анықталған. Қысқы ойын түрлерінен ұйымдастырылған «Кім
жылдам ?» , «Қыс қызықтары »спорттық жарыстар, мерекелік шаралар
ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды.. Мектепке дейінгі
білім беру стандарты « негізгі үштік» яғни ата-ана , бала, тәрбиеші арасындағы
тығыз байланысты орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Ата- аналардың қатысуымен
өткізіліетін «Менің отбасым», «Әкем,анам және мен» тақырбындағы ойындар
мен эстафеталық жарыстар аудандағы барлық балабақшаларда
өткізілді. Балабақшаға жаңа қабылданған баланың ата-аналарымен . «Бала не
істей алады?», «Ата-ана балабақшаға келгенше балаға не үйретеді?», «Енді
бала не үйренуі тиіс?» деген сияқты сауалнамалар алынып, отбасымен
ынтымақтаса жұмыс істеу үрдіске айналып отыр. Балабақшаларда ата-аналарды
ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене
қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ата-аналар оқу
әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не
толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады.
Балабақшада «Ашық есік» ұйымдастырылып, оқу іс –әрекеттері көрсетілді.
Осы іс шараға ата-аналар тек қана көрермен ретінде қатысып қоймай,
балалармен бірге түрлі логикалық сұрақтарға жауап берсе, кейбір ата-аналар
аңдар кейіпіне еніп рөлдерді сомдаса, ал басқалары балалармен бірге құрастыру,
жапсырмалау, мүсіндеу жұмыстарын қалай жасау жолдарын үйреніп және
балаларының бойынан дарындылық, мейірімділік, ептілік қасиеттердің
қалыптасқанын аңғарды. «Қажетті суретті тап», «Формасы ұқсас заттарды
тап», «Нені қайдан алуға болады», «Жұмбақ ойындар» атты дидактикалық
ойындарды күнделікті өмірде, отбасында, тілі жаңа шыққан баланы сөйлете білу,
сөздік қорының көбейтуге қолдана білді.
Балабақшаның эстетикалық тәрбие жүйесінде мерекелік ертеңгіліктер ерекше
орын алады. Олар бала сезіміне әсер ету құралы ретінде өнер мен көркемдік іс –
әрекеттерінің түрлерін біріктіреді.
Балабақшада өткізілген оқу –тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін,
педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты
ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін
анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг
айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі. Бұл сала бойынша жарты
жылдық қорытындысы бойынша тәрбиеленушілерге мониторинг жасалынады.
Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан
дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру болып саналса балабақша
өмірінде тәрбиешілер арасындада конкурс өткізіледі.
Аудандық әдістемелік кабинеттің 2018 жылғы 11 сәуірдегі №138-ө бұйрық
негізінде аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Үздік тәрбиеші-
2018» аудандық байқауы Есік қаласы «Болшақ-2007» бөбекжай
балабақшасында өткізілді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңын, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту стандартын жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде инновациялық
бағытта шығармашылықпен жұмыс жасайтын, ойы терең, кәсіби шеберлігі
жоғары, өзіндік жаңашыл идеясы бар мектепке дейінгі білім беру ұйымының
тәрбиешісін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл
тәсілін жинақтап, тарату мақсатында «Үздік балабақша-2018» аудандық
байқауы Ережесіне сай өтті. Байқауға «Аружан», «Айза», «Бәйтерек», «Үміт»,
«Алтын-ай», «Нұр», «Өркен-1», «Күншуақ», «Балдәурен», «Шапағат»,
«Айгөлек», «Есік Болашақ-2010», «Балапан», «Айжан», «Раушан», «Есік
Болашақ-2007», «Қызғалдақ», «Нұршуақ», «Тоғжан», «Балауса-1», «Әдемі»,
«Еркетай», «Жұлдыз», «Алуа», «Балапанчик», «Таңшолпан», «Іңкәр», «Бөбек-
2016», «Келешек», «Балбөбек-2015», «Солнышко-2015», «Аяла»
балабақшаларының мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысты.
І-орын «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі –Черкешбаева Куралай
ІІ-орын «Үміт» балабақшасының тәрбиешісі –Смагулова Мадина
ІІІ-орын «Болашақ-2007» балабақшасының тәрбиешісі-Аджимолдаева Мадина
ІІІ орын – «Алтын-ай» балабақшасының тәрбиешісі – Орынбай Шырын
«Креативті педагог» -«Раушан» балабақшасының тәрбиешісі –Сарбаева
Жамал
«Ізденімпаз педагог»- «Өркен-1»балабақшасының тәрбиешісі-- Рахметжанова
Эльмира
«Шығармашыл педагог»- «Айжан» балабақшасының тәрбиешісі- Ужазова
Наргиза
Аудан балабақшалары арасында озық-іс тәжірибе тарату мақсатында аудандық
семинарлар өткізіледі. Соның бірі Шелек ауылындағы
«Келешек »
балабақшасында өткізілген «Балабақшада М. Монтессори педагогикалық
жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы семинарда 4 ашық оқу іс-
әрекеті ,Монтессори өмірі мен педагогикалық жүйесі,5 бөлімге бөлінген оқу
алаңымен танысқан әрістестер жақсы баға берді. Есік қаласындағы «Айжан »
бөбекжай балабақшасында «Инклюзивті білім берудің мақсаты,міндеті»
тақырбындағы жұмыстармен танысты. Инклюзивтік оқыту негізінде балалар
құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға
арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатқанын,2011-2020 жылға арналған
мемлекттік білім бағдарламасына,, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-
қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың
көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге
асыруға мақсаттары мен міндеттері туралы нақты жұмыстармен танысып
ризашылықтарын білдірді.Қаракемер ауылындағы «Аружан »бөбекжай
 балабақшасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жаңа
технологияның маңызы» тақырыбы талданып,5 ашық оқу іс-әрекетін
,тәрбиеленушілердің үш тілді меңгергенін,тақтамен көрсетілген флипшарт
сабақта жас ерекшеліктеріне қарамай өз бетінше жұмыс жасай алатынын
көрді.Заман талабына сай жабдықталған оқу кабинеттері,білікті мамандар
тәжірибесі БАҚ өкілдерінің сұхбатымен облыс көлеміне таратылды.
Қазан айында «Жылдың үздік балабақшасы-2018» аудандық байқауы
нәтижесінде 1-орын алған Шелек ауылындағы «Бәйтерек » балабақша ұжымы
облыстық байқаудан жүлделі 1-орынға ие болды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарынан 28 мемлекеттік, 72 жеке
меншік барлығы 100 балабақша және мектеп жанында 34 шағын орталығы бар,
оның 10 орталығы 3 сағаттық аз уақытты топтар болса, 24 орталығы тамақпен
қамтамасыз етілетін толық уақытты топтар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1225
бала мектеп жанындағы шағын орталықтарда, 5005 бала балабақшаларда (3665
бала мемлекеттік, 6015 бала жеке меншік балабақшаларда,) барлығы 9680 бала.
Кезекте тұрған балалар саны-2185, жыл соңында балаларда балабақшамен қамту
98,6 пайызды құрады.
Балаларға қосымша білім беру бойынша 2 мекеме:
1.Еңбекшіқазақ аудандық әкім Аппараты мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорыны «Балалар музыка мектебі».
Әдістемелік жұмыстар туралы:
Ауданда жаратылыстану-математика пәндерін сапалы оқыту мақсатында,
математика, химия, физика және биология пәндері бойынша оқушылар арасында
бірлескен олимпиадаларды ұйымдастыру шараларын қабылдау бойынша
көптеген жұмыстр атқарылуда.
2018 жылғы ақпан айында аудан бойынша жоғарыда аталған пәндерден
аудандық олимпиада өткізілді. Аталған олимпиадада 1000 нана аса 8-11 сынып
арасындағы оқушылар өз бақтарын сынады. Оза шыққан 25 оқушы облыстық
олимпиадаға жолдама алды. Оның ішінде 12 оқушы Република көлемінде
өткізілген олимпиадаларда жеңімпаздар атанды.
«Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан
білім беру мекемелеріндегі кадрларды кайта даярлау мақсатында үлкен
жұмыстар атқарылуда. 2018 жылғы маусым айында 150 ден аса маман Алматы,
Астана, Талдықорған қалаларында жаңартылған білім беру мазмұнын меңгеру
мақсатында курстардан өтуде. Аудан тұрғындарын цифрландыру бойынша
ауданның 950 тұрғыны Есік қаласындағы Абылайхан атындағы орта мектебінде
2018 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында оқытылуда. Мектеп
оқушылары мектепте информатика пәні бойынша білім алады.
Жаңа әдістерді қолдана отырып «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы
жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша сапалы және жүйелі жұмыс
жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда.
Аудандық білім бөлімінің «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын іске асыру
шеңберінде «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына қатысты барлығы 18
бөлім бойынша іс- шара жүргізілді.
Осы уақыт аралығында жоспарланған 5 бөлімі бойынша жұмыстар
толығымен атқарылды, ал қалған 13 шара әлі де жалғасын табуда.
Толық атқарылған іс- шаралараларды айтар болсақ, «Саналы азамат» бағыты
бойынша 2018 жылдың сәуір айында «Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру
принциптері» атты тіл мамандарына арналған конференция өткізілді.
Конференцияға 100 мұғалім қатысты.
Осы сәуір айында аудан көлемінде "Отаным- тағдырым»" (100 жаңа есім)
жобасы өткізіліп, қорытындысында В.Терешкова атындағы мектептің жобасы
«Ең үздік жоба» ретінде анықталды.
2018 жылдың 05 мамыры күні «Өлкетану» бағыты бойынша «Патриотизм –
рухани жаңғырудың берік ірге тасы» тақырыбында Райымбек батыр атындағы
орта мектеп базасында 120 қатысушыны қамтыған семинар өткізілді.
2018 жылдың 18 мамыры күні Бөлек батыр атындағы орта мектеп
базасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасына орай
«Қойнауы тарихқа бай – қасиетті өлкем!» атты республикалық семинар аудан
мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері, мектеп директорларының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары, технология пәнінің мұғалімдерінің барлығы 208
қатысушы сондай- ақ, ҚР Білім министрлігі жанындағы «Жас патриоттар»
Академиясының Президенті Битуова Тілдаш Рысқұлбековна, «Балдаурен»
РОСО Бас директоры Толепбай Мухитдин Бекболатұлы, «Балдаурен» РОСО
ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Байбасунова Гулия Әуезовна,
«Балдәурен» РОСО Қапшағай қаласы филиалының педагог-ұйымдастырушы
ұстаз Әліп Егемберді Тұрсынбекұлының қатысуымен өткізілді.
2018 жылдың 09 маусым күні «Бүгінгі күннің кішісі- ертеңгінің кісісі» ата-
аналар мен тіл мамандары, дінтану, өзін- өзі тану, тарих пәндерінің
мұғалімдерінің қатысуымен семинар тренинг өткізілді.
Аудандық білім бөліміне қатысты барлық мектептерде "Оқуға тиіс 100 кітап"
марафоны,"Әнді сүйсең, менше сүй" форумы, «Қауіпсіз интернет», «Тарихы
терең, табиғаты көркем – туған жер» тақырыбындағы экскурсиялық шаралар,
«Болашақ үшін табиғатты сақтаймыз», «Жылдың ең үздік суретшісі» байқауы,
«Оқуға тиіс 100 кітап» марафондары әлі де жалғасын табуда .
2018 жылдың ақпан айында "Біз Қазақстанның тәлімгеріміз" атты байқау
өткізіді. Байқауға 9-11 сыныптар арасындағы оқушы қатысты.
2018 жылдың ақпан – сәуір айларында жалпы білім беретін білім мекемелері
оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өтізілді.
Іріктеуге қатысқан 2000-ға жуық оқушының 156-сы аудандық кезеңге қатысып,
9 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алды. Олимпиада қорытындысы
бойынша 5 оқушы жүлделі орынға ие болды. Желтоқсан айында өткізілген
Облыстық пәндік олимпиадаға ауданымыздан қатысқан 26 оқушының 23-і 1,2,3
жүлделі орындарды иеленсе, командалық 3-ші орынды қанжығаға байлады.
Ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінен бір оқушы Республикалық олимпиадаға
жолдама алды.
Сонымен қатар, Облыстық ғылыми жобаға қатысқан 19 оқушының 14-і 1,2,3
орындарға ие болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 оқушы, география пәнінен
1 оқушы Республикалық ғылыми жобаға жолдама алды.
Білім мекемелері іс- шаралардың өткізілу барысы туралы мәліметті әр апта
сайын аудандық білім бөлімінің жауапты маманына беріп отырады. Мәлімет
бейне суреттерімен фейсбуққа, сайттарға міндетті түрде әр сәрсенбіде
жіберіледі. 2018 жылдың І жарты жылдығында "Тарихи терең заманның
жерұйығы - Жетісу" жобасы бойынша Еңбекшіқазақ балалар мен
жасөспірімдердің орталығының туристтік жобалары ұйымдастырылды. Осы
аталған жоба облыстық "Үздік жобалар әзірлемесі" байқауына жіберілді.
"Туған жер бағдарламасын іске асыру аясында "Өлкетану" курсы
ұйымдастырылды.
"Өлкетану" курсы бойынша мектеп оқушылары мұражайларға саяхаттап
қайтты. Аудан мектептері ауданымыздағы "Алтын адам", "Есік археологиялық"
мұражайларына 4000 оқушыға экскурсия ұйымдастырылды.
Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді демалыспен, сауықтырумен
және басқа да шаралармен қамту жұмыстары туралы.
2018 жылғы жазғы сауықтырумен аудан бойынша 1-10 сыныптар
аралығындағы 44518 (98 %) оқушы толықтай қамтылады.
I. Қала және қала сыртындағы лагерлермен қамтылатын оқушы саны -2450
(5,5 %) 09.07.2018 жылға дейін аудан бойынша 930 бала демалуда.
II. Мектеп жанындағы лагерьлерде -44 518 оқушы (81,4 %). Оның ішіндегі,
- 3 күндік жорықтар мен экскурсиялар-61,ондағы бала саны -2220
- Туристік жорықтар мен экскурсиялар -59, ондағы қамтылған оқушы -5040;
- Ауылдар мен қалаларды көгалдандыру бригадаларында -10240
- Мектеп орманшылығында -771;
- Аулалық клубтарда -2638;
- Түрлі шаралар мен үйірмелерде -1200;
- пәндік мектептер (мектеп жанындағы лагерь)-9894
- «Жас ұлан» ,«Жас қыран» ұйымдарының шараларында-8220.
Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған 3160 оқушы 98,5 % жазғы
сауықтырумен қамтылды.
Жазғы сауықтырумен қамтуға демеушілерді, ата-аналарды жұмылдыра
отырып, жазғы сауықтыруға жұмсалатын барлық қаржы 218 310 000 т. құрады.
2018 жылдың жаз мезгілінде балалар мен жасөспірімдерді демалыспен,
сауықтырумен және басқа да шаралармен қамту жұмыстарын қала сыртындағы
және мектеп жанындағы лагерлер жұмысын бастауға аудандық тұтынушылар
басқармасы, өрт сөндіру, аурухана, су құбыры бөлімдерінен алдын-ала
тексеруден өткізіліп, жаз бойы бақылауға алынады.
Білім мекемелерінде «Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелері»,
«Алғашқы медициналық көмек көрсету», сыртқы ортада өзін-өзі жақсы жағынан
көрсету білу қажеттігі, техника қауіпсіздік ережелері туралы оқушылармен
әңгімелер, тәрбие сағаттары өткізіледі. Жаз кезінде оқушылардың өз
беттерімен саяхатқа шықпауын, су бар ауылдарда оқушылардың суға шомылу
ережелерінің сақталуын, таулы аймақтарда жүргенде «су тасу» қаупінен сақтану
шаралары туралы жан-жақты түсіндірме, насихат жұмыстары жүргізілуде.
Алматы облысының әкімі бекіткен жергілікті атқарушы органдары мен
облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтерінің 2018 жылғы
суға шомылу маусымы кезінде балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету
туралы нұсқау хаттары бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар
жүргізілуде.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен бақылау және олардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларға суда, жолдарда, отпен
байланысқан жағдайда, бейтаныс адамдармен қатынасқан кезінде балалардың
қауіпсіздік тәртібі туралы ескерту жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.
Ата-аналарға балаларын су көлшіктері бар жерлерге, өзен, көлдерге,меншік
бассейндерге, сондай-ақ, қараусыз қалған құрылыстарға т.б. жалғыз –жарым
жібермеу қажеттігі қатаң ескертіліп, балалардың қауіпсіз тәртібі , олардың өмірі
мен денсаулығына жауапкершілігі туралы ақпараттық насихаттау жұмыстары
түсіндірілуде.
Жазғы сауықтыру шараларына барлық деңгейдегі балалар толықтай
қамтылуы қарастырылады.
Еңбекшіқазақ ауданындағы 2 лагерь 2018 жылы жазғы сауықтыру
жұмыстарын жүргізеді.
Олар: 1 Еңбекшіқазақ ауданының балалар мен жасөспірімдердің туристік және
экскурсия орталығы өз жұмысын 01 маусымнан бастады,15 тамызға дейін
жұмыс атқарды. ( толық аты: Есік қаласындағы «Еңбекшіқазақ ауданының
балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы» МКҚК)
Қамтылатын бала саны – 342 бала.
2 Түрген шатқалындағы 6 шақырымда орналасқан «Тау-Жаңашар» балалардың
қарқынды демалу орталығы 1 маусымнан жұмыс атқарды. 1- ауысымдағы
қамтылған бала саны - 181
Жыл сайын аудан әкімінің басшылығымен аудан әкімдігінің
қызметкерлері, аудандық прокуратура, облыстық, аудандық маслихат
депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, ауылдық округтің әкімшілігі
қызметкерлерінің және басқа да демеушілердің ықпалымен аудандағы жетім,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сәтсіз және көпбалалы отбасындағы
балаларды Қапшағай қаласындағы «Байтерек», Жамбыл ауданындағы «Сәлем»,
Түрген шатқалындағы «Тау Жаңашар» лагерлерінде демалып,тынығып келеді.
Білім объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары туралы
Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атындағы орта мектебін күрделі
жөндеуден өткізу жұмыстары 2018 жылғы 27 мамырда басталып 01
қыркүйекте аяқталып, қолданысқа берілді.
Бас мердігер: ТОО «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Бас директоры
Шенсизбаев Талгат Маратогвич. Келісім шарт соммасы: 433 440 000,00 тг.
Авторлық бақылау (авторский надзор): ТОО «Институт
Алматыэнергосетьпроект», директоры Волков Рашид Умарович.
Техникалық бақылау (технадзор) :ТОО «УКС» Руководитель Чормаков Аманжол
Мухамеджанович.
Бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа
берілді.
Еңбекшіқазақ ауданында жаңадан салынып, қолданысқа берілетін білім
беру мекемесі жоқ. Тек, 2018 жылғы Өрікті ауылындағы Б.Майлин атындағы
орта мектебінің жанынан қосымша ғимарат салу жұмыстары аяқталды.
Б.Майлин атындағы орта мектебінің жанына 4 блоктан тұратын, 300 орынға
арналған қосымша ғимараттың құрылысы 2017 жылғы 03 қазанда басталған
болатын. Бас мердігер: ТОО –«Парасат сервис» компаниясы, Қарағанды
қаласы.
Авторлық бақылау (авторский надзор) :ТОО-«Геодезия сервис», Талдықорған
қаласы.
Техникалық бақылау (технадзор) :ТОО-«Мұзтау» Алматы қаласы Қазіргі таңдағы
прораб: Садиев Батыр Иванович
Участік бастығы: Сулейменов Сабырхан.
Келісім шарт бойынша аяқталу мерзімі : 30.09.18 жыл.
Мердігерлердің (подрядчик) жоспары бойынша аяқтау жобасы: 01.09.18.
Қазіргі таңда жұмыс толығымен аяқталып, қолданысқа берілген.
Қамқоршы және қорғаншы саласы бойынша:
Бүгінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жалпы 342 жетім және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Соның ішінде, 296 балаға
қамқоршылық және қорғаншылық белгіленген болса, 20 бала патронаттық
отбасында, 11 бала отбасылық үлгідегі балалар үйінде , 4 бала қабылдаушы
отбасында және 11 бала Шелек ауылындағы мамандандырылған балалар үйінде
тәрбиеленуде.
Бүгінде Алматы облыстық білім басқармасының бастауымен «Балалар
үйінсіз Жетісу» атты жоба құрылған. Аталған жобаны іске асыру мақсатында
2018 жылы жаңа патронаттық отбасы ашылып, тәрбиеге 2 ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеге берілді.
Сонымен қатар, ауданмызда үнемі жетім балаларды қорғау және анықтау
жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
2018 жылдың 01 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай
демеушілердің қолдауымен арнайы мерекелік іс-шара өткізіліп, балаларға
сыйлықтар берілді.
Жоба аясында патронаттық тәрбиешілер, қамқоршылар (қорғаншылар),
баланы қабылдаушы отбасы және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің оң
тәжірибесін тарату бойынша халықпен ағартушылық, ақпараттық-түсіндіру
жұмыстарын жүргізу, баланы өз отбасына алуға ниет білдірген азаматтар үшін
оқыту шараларын өткізуді жүйелі түрде ұйымдастыру, отбасылық тәрбиенің
баламалы түрлері жөнінде әдістемелік материалдар дайындау, ата-аналары бас
бостандығынан айыру орындарында отырған жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілерді
қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге беру бойынша олардың туыстарымен
жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ ауданымызда 14 қараша халықаралық
жетімдер күні қарсаныңда мерекешілік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер
ұйымдастырылды.
Осы жоба бойынша ауданымыздағы Шелек ауылындағы балалар үйінде
2016 жылы 31 бала, 2017 жылы 27 бала болса, бүгінде аталған балалар үйінде
өткен жылдармен салыстырғанда бала саны азайды яғни бүгінде 11 бала қалды. 9
балаға қорғаншылық тағайындалса, 2 бала патронаттық тәрбиеге берілді және 3
бала қандас отбасына оралды.
2018 жылы білім саласына 15 692 158 теңге бөлінген. Оның ішінде
педагог қызметкерлердің еңбекақысына 11 929 343 теңге бөлінген болатын.
Жыл соңында аталған қаражат 99,9 пайыз игерілді.
Білім бөлімінің басшысы Б.Аманова
Орындаған:У.Мамырханова
Тел:41230
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру