Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептеріАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының 2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының 2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ЕСЕБІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының 2019 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы

ЕСЕБІ

            «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі – аппарат) аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

            Орналасқан жері: 040402, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы 21 «А».

            Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өз жұмыстарында аппарат Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілерін тікелей басшылыққа алады.

     Мемлекеттік қызметтер мынадай қағидаттар негізінде көрсетіледі: көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі; мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол бермеу; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық; мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі; мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

Аппарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысына сәйкес қызмет көрсетеді.

2019 жылы бекітілген Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтің 18 түрін (2018 жылы – 17 түрін немесе 5,8 пайызға көп) көрсетті.

2019 жылы 13 562 (2018 жылы – 14 378 қызмет немесе 5,7 пайызға аз) қызмет көрсетілген:

-  аппарат арқылы 662 қызмет көрсетілген (2018 жылы – 13 қызмет немесе 98,0 пайызға көп);

-  Мемлекеттік корпорациясының филиалдары арқылы –10 102 (2018 жылы –10 813 қызмет немесе 6,6 пайызға аз);

-  «Электрондық үкімет» порталы және қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы –2 797 (2018 жылы – 3552 қызмет немесе 21,3 пайызға аз).

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту және жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін аппарат лицензиялаудың электрондық қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндік беретін «Е-лицензиялау» және «ИИС ЦОН АРМ ГО» мемлекеттік дерекқоры – лицензиялардың мемлекеттік тізімі ақпараттық жүйесіне қосылған.

2018 жылдан бастап аудан әкімінің ғимаратында Электронды үкімет порталына /www.egov.kz/ жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды. Халықты хабардар ету үшін аппаратта стандарттар мен регламенттер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш бланкілерінің үлгілері орналастырылған стендттер ілінген.

            Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық үлгідегісі Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми Интернет – ресурсында (enbekshikazah.gov.kz) жарияланған.

            Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша мақала, оның ішінде мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі мәселесі жөніндегі, аудан әкімдігінің ресми сайты «Жаңалықтар» жолағында 10 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтердің сапасын артыру үшін 3 дөңгелек үстел, 3 семинар және 4 акция өткізілді.

Бұл жұмыстардың тиімділігін бағалаудың шарттарының бірі – қызметті уақтылы әрі сапалы көрсету, азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі шағым түскен жоқ.

           

       Аудан әкімі

аппаратының басшысы                                                  Б.Керімбеков

? Аманбаева А.

( 8/72775/7-20-30

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру