Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетМемлекеттік қызмет көрсетулерМемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептері«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ЕСЕБІ.

«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ЕСЕБІ.

«Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ЕСЕБІ.

Жалпы ережелер

«Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

-         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

-         Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

-         Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну; мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

-         Көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

Қызметті беруші туралы мәлімет: «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі, мекен жайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылы, Заводская көшесі н/ж, тел: 872775 57-3-89.

Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты ММ-де мемлекеттік қызметтің сегіз түрі көрсетіледі:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою.
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
  3. Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру.
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  5. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
  6. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.
  7. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.
  8. Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату

2019 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 378 мемлекеттік қызметті құрады, оның ішінде: Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 330,  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 5; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 42.

         Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты ММ-де халықты ақпараттандыру үшін, көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша стандарттар мен регламенттер, анықтамалық телефондардың нөмірлері, арыз бланкілерінің үлгілері стендте (мүмкіндігі шектеулі жандарға) қолжетімді жерде орнатылған.

         2019 жылдың желтоқсан айында «Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін «Бөлек ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2020 жылға арналған МЕДИА-ЖОСПАРЫ» бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін Бөлек ауылдық округінің тұрғындарына түсіндіру бойынша, Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2019 жылы «Еңбекшіқазақ» газетінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы – 2 мақала жарияланды, сонымен қатар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы Еңбекшіқазақ ауданының ресми сайтында – 6 мақалалар жарияланды, «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» – 4, «Дөңгелек үстел, семинар, лекциялар» - 9 өткізілді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндірмелі шараларында мемлекеттік қызметті алушылар 201 адам әлеуметтендірілді.

Бөлек ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 2 қабатында жеке кабинет дайындалған. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы», мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көру мүмкіндігіне шектеулі азаматтарға арналған (бөлім атауы Брайль шрифтымен жазылған тақташа), мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған автотұрақ бар.

«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру бойынша, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар өз қызметін уақтылы жене дұрыс орындайды, қызмет алушыларға арналған ыңғайлы күтіп отыратын орындар, ақпараттық экран (телеманитор), бақылау камералары, суға арналған диспенсер орнатылған,

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

         «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бекітілуі бойынша тиісті нормативтік актілер, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін және ішкі бақылаудың жұмыстарына жауапты тұлғалары бекітілді.

         Уақытылы және сапалы қызмет көрсету тиімділігін бағалау өлшемдерінің бірі, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

Бөлек ауылдық округінің әкімі А.Изиев

 

орындаған: А.Жандосова

тел: 57-3-89

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

Жақсы - 98.9%
Қанағаттанарлық - 0.1%
Нашар - 0.2%
Голосование по этому опросу закончилось
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру