Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетӘлеуметтік салаТілдерді дамытуЕңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 -2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

Еңбекшіқазақ ауданы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 -2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар туралы АҚПАРАТ

 

Ауданда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының                      25-2-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» №110 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы «Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017–2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының 2017 – 2019 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аудан әкімінің 14. 03. 2017 жылғы № 127 қаулысымен бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі 6 – бағыты бойынша іс – шаралар жоспары әзірленді. Атап айтса, «Тіл тазалығын сақтайық» атты аудандық акция ХҚК нысандары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық көліктердегі тіл туралы заң нормаларының сақталуы бойынша жұмыстар жүргізу, "Ескерткіштерді қорғау - тарихқа құрмет" атты тақырыпта акция өткізу, «Ел іші – өнер кеніші» қолөнер көрмесін және Есік қаласының 50 жылдығына орай «Есігім –жерұйығым, бесігім» атты көрме ұйымдастыру, сонымен қатар Тілдік іс-шаралар – рухани дамудың қайнар көзі» атты тақырыпта 2018 жылда атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ-қа мақала беру сияқты іс – шаралар болып табылады.

Аталған бағыт бойынша 2018 жылдың наурызында Бартоғай ауылдық округінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиынға ақсақалдар алқасының мүшелері, ұстаздар, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, шаруа қожалығының басшылары қатысты.

І тоқсанда жергілікті баспа беттеріне латын графикасына көшу бойынша 6 мақала жарияланды. Мақаланың басым мазмұны латын әліпбиіне көшу бойынша атқарылған жұмыстар болып отыр.

2018 жылдың 10 қаңтарында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының «Тілсақшы» бағдарламасының жүргізушісі, редакторы Қапарова Елназ Азаматқызы аталмыш бағдарламаның операторымен бірге Еңбекшіқазақ ауданына келді. Мақсаты ауданда орналасқан жеке кәсіптік нысандар мен мемлекеттік мекемелердегі сыртқы және ішкі қабырғаларында ілінген хабарландырулар мен көрнекі ақпарат құралдарындағы «Тіл туралы» Заңының және «Жарнама» туралы Заңының орындалуы, нормасының сақталуы бойынша рейдтік жұмыстарын жүргізу болды.

«Тілсақшы» бағдарламасының тілшілері Алматы қаласы бағытынан келе жатқан Құлжа тас жол бойындағы орналасқан Бәйтерек, Ават, Жаңашар ауылдарын аралай өтіп, аудан орталығы Есік қаласына келді. «Тілсақшы» бағдарламасынан келген тексерушілермен бірге ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Қанапина Ақмарал Абдоллақызы Есік қаласын аралау бағыттары бойынша бірге жүріп отырды.

Тексеру барысында алдымен Есік қаласындағы «Астана» сауда үйі орталығын, Алтын Адам аллеясында орналасқан өзге де сауда нысандары мен техникалық, құрылыстық дүкендерді аралап, қателері бойынша директорларымен, әкімшіліктерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырды.

«Алматы Энерго сбыт» ЖШС, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық аурухана орындарын аралап, көрнекі ақпарат құралдары заңға сәйкес орналастырылған, заң бұзушылықтың болмағанын айтып, «жақсы» деп бағалады. Қала орталығында орналасқан сауда нысандарын да аралап, суретке түсіріп отырды. Қатесі бар нысандармен қоса, «жақсы» деп бағаланған нысандар да болды.

Сонымен қатар, көше аттары жазылған тақтайшаларда кеңестік дәуірдегі атаулармен тұрған көшелер жайында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы А.Қанапинамен сұхбат жүргізді. Бөлімнің маманы тексеріп келген тілшіге «Ономастика» туралы Заңына және «Тіл туралы», «Жарнама» Заңына сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық мәлімет беріп өтті.

Тілші Қапарова Елназ Азаматқызы 2018 жылдың наурыз айының бірінші онкүндігінде анықталған кемшіліктердің орындалуы бойынша тексеру жұмысымен жоспарлы түрде келетінін мәлімдеді.

2018 жылдың 12 ақпанында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында «Қазтест» негізінде тұрғындардың мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде білу деңгейін анықтау үшін, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК қызметкерінің қатысуымен Есік қаласы және Шелек ауылында диагностикалық - сертификаттық тест алынды. Ауданның мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тест тапсырған 34 адамның 20–сы сертификат алса, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық В1 деңгейі бойынша тест тапсырған 204 адам болып отыр.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы                           жолдаған 2018 жылы өткізілетін республикалық байқаулардың ережесіне сәйкес, ауданда «Абай» оқулары, «Мемлекеттік тіл және БАҚ», «Текті сөздің төресі - терме», «Тіл шебері», «Тілдарын» үш тілді меңгерген жастар арасындағы және «Үздік оқытушы» байқауының ережесі дайындалып, қала және ауылдық округтерге жолданды.

Ауданда 25 ауылдық округ, 1 аудан орталығы және бөлімдер бар. Аталған мекемелерде аудан әкімдігінің 2017–2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде кіріс – шығыс құжат айналымы бойынша І тоқсанда мәлімет жинақталып, пайызы есептелінді. І тоқсан бойынша мемлекеттік тілдің көрсеткіші 83 % құрап отыр.

Ауданда 25 ауылдық округ бар, 1 қалалық әкімдік және 79 елді мекен орналасқан.

Жалпы көшелер саны – 1212.

Оның ішінде бүгінгі күнде кеңестік дәуірдегі ескірген көшелер саны – 360. Олар - Есік қаласы, Шелек, Бәйдібек би, Бәйтерек, Рахат, Бөлек, Балтабай, Көктөбе, Жаңашар, Түрген, Ташкенсаз, Ават, Саймасай, Қаратұрық, Асы, Қорам, Бартоғай, Қаракемер және Қазақстан ауылдарында орналасқан.

Сонымен қатар, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендеріне Ават, Казатком, Космос,   Май, Лавар, Мелиоратор ауылдары кіреді.

2018 жылдың 26 наурызында облыстық ономастикалық комиссияның қарауына 47 ұсыныс жолданды. Оның ішінде 2 ауыл (Май ауылын – Арна ауылы деп, Мелиоратор ауылын – Бақай ауылы деп өзгерту туралы ұсыныс),

1 саябақ (Жастар саябағына Жамбыл Жабаевтың атын беру туралы ұсыныс) және 1 мектеп.

Қаралған 47 ұсыныстың 43-і Түрген, Тескенсу, Малыбай, Қаратұрық, Қорам ауылдық округтерінде орналасқан көшелер.

43 көшенің 15 – і нақты атауы жоқ жаңадан жобаланған көшелер,                               2-і халыққа белгісіз кісі есімдері. Қалған 26 көше кеңестік дәуірдегі ескі атаулар болып табылады.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Жоғары көтеру